Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 04.01.2013 N 1 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 21-3) тармақшасына, " Ақпараттандыру туралы " Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 90-ө өкімін орындау үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта атау тәртібін, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беруге қойылатын талаптарды жүргізу жөніндегі ереже бекітілсін.
2. "Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарындағы көшелерге, даңғылдарға және елді мекеннің өзге де құрамдас бөліктеріне атау беру, олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылғыларға реттік нөмірлер беру, аудандар мен қалалардың елді мекендерінің көрсеткіштерін орнату және пайдалану Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 ақпандағы N 538, "Елді мекендердің құрамдық бөліктеріне атаулар беру және қайта атау тәртібін жүргізу жөніндегі ережені, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беруге қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2007 жылғы 3 қыркүйектегі N 230 және "Елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын өзгерту тәртібін, жер телімдеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беруге қойылатын талаптарды жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы" 2007 жылғы 16 қарашадағы N 317 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулыларының күші жойылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2007 жылғы
7 желтоқсандағы N 343
қаулысымен бекітілді
Елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта
атау тәртібін, жер учаскелеріне, ғимараттар мен
құрылыстарға реттік нөмірлер беруге қойылатын
талаптарды жүргізу жөніндегі ереже
Осы Елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта атау, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беруге қойылатын талаптар ережесі (бұдан әрі - Ереже), алаңдарға, даңғылдарға, желекжолдарға, көшелерге, қысқа көшелерге, саябақтарға, шағынгүлбақтарға, көпірлерге және елді мекендердің басқа да құрамдас бөліктеріне атаулар берудің және қайта атаудың бірыңғай тәртібін белгілеу, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беруге қойылатын талаптарды анықтау мақсатында нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
1-бөлім. Осы Ережеде пайдаланылатын түсініктер
1. Осы Ережеде мынадай түсініктер пайдаланылады:
мекен-жай - елді мекендердің белгіленген шекаралары шегінде жергілікті жердегі нысанның (жер учаскесінің, ғимараттың, құрылыстың) орналасу орнының (орналасқан жерінің) жиынтық деректемелерінің құрылымдық сипаттамасы;
саяжол - негізгі немесе қосалқы жаяу жүргіншілер көшесі немесе еңбек ету орындарымен, қызмет көрсету мекемелерімен және кәсіпорындарымен жаяу жүргіншілер байланысын қамтамасыз ететін, оның ішінде қоғамдық орталықтар, демалыс орындары және қоғамдық көліктің аялдама пункттері шегіндегі жол;
желекжол - қарама-қарсы көлік ағындары орман-саябақ желектерімен, жаяу жүргіншілер жолдарымен бөлінген жергілікті маңызы бар көше немесе жол;
ғимарат - функционалдық мақсатына қарай адамдардың тұруына немесе ішінде болуына, өндірістік үрдістерді орындауға, материалдық құндылықтарды және т.б. орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын, көтергіш және қоршау құрылмаларынан тұратын, міндетті түрде жерге орныққан тұйықталған көлемді құрайтын жасанды құрылым. Fимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін;
квартал - магистральды көшелермен, қысқа көшелермен бөлінбеген құрылыс салудың құрылымдық элементі;
шағын аудан - қаланы қалыптастыратын, магистральды көшелермен бөлінбеген, белгіленген шекарада не болмаса қоныстану, не болмаса өндірістік, не болмаса ландшафты-оңалту аумағы болып табылатын құрылыс салудың құрылымдық-жоспарлау элементі;
атаулар - шағын аудандарға, даңғылдарға, желекжолдарға, көшелерге, алаңдар мен елді мекендердің басқа да құрылымдық элементтеріне берілетін, оларды бөліп көрсету және тану үшін қызмет ететін жеке атаулар;
ономастикалық комиссия - географиялық нысандардың атауына бiрыңғай көзқарас қалыптастыру, атауларды қолдану мен есепке алуды ретке келтiру, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру және сақтау мақсатында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру бойынша ұсыныстарды дайындау үшін әкімдіктер құратын консультативтiк-кеңесшi орган;
қысқа көше, өту жолы - көлік құралдарының тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және шағын аудандардың, кварталдардың басқа нысандарына өтуін қамтамасыз ететін, екі көше арасындағы тура көліктік байланысты қамтамасыз ететін негізгі немесе қосалқы өту жолы;
алаң - атау берілген, тұйықталған шекаралары бар қала құрылысы элементі;
нысанның реттік нөмірі - нысан мекен-жайы құрылымының элементі: цифрлар тізбегінен тұратын, әріп және (немесе) бөлшек қосылуы мүмкін, қандай да бір құрылымдық элементке тән белгісінің негізінде нысанға, құрылыс салынған аумақтағы атауы бар қала құрылысы нысанына (көшеге, шағын ауданға және т.б.) берілетін қарапайым нысан нөмірі;
жапсарлас нысандар - ғимаратқа, құрылысқа қосымша үй-жай салу жолымен ғимараттарда және құрылыстарда ұйымдастырылған, мұндайда әдетте дербес функционалдық мақсаты болатын нысандар;
даңғыл - жалпы қалалық маңызы бар магистральды жол немесе магистральды көше;
шағынгүлбақ - аумағы үш гектардан аспайтын, халықтың жаппай демалуына арналған, тұйық шекаралармен белгіленген, оқшауланып көгалдандырылған жалпы қолданыстағы қалалық аумақ;
құрылыс - табиғи немесе жасанды кеңістік шекаралары бар және өндірістік үрдістерді орындауға, адамдардың уақытша ішінде болуына (орын ауыстыруына), материалдық құндылықтар мен жүктерді орналастыруға және сақтауға, сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргізуге) арналған, қолдан жасалған көлемді, тегістікті немесе сызықты нысан. Құрылыс көркемдік-эстетикалық, әшекейлі-қолданбалы не болмаса мемориалдық мақсатта болуы мүмкін;
тұйық - көлік құралдарының тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және шағын аудандардың, кварталдардың ішіндегі басқа құрылыс нысандарына өтуін қамтамасыз ететін, көшелер арасындағы тура көліктік байланысты құрамайтын негізгі немесе қосалқы өту жолы;
көше - аудандық маңызы бар магистральды көше, жергілікті маңызы бар көше немесе жол;
қаланың бөлігі (қала құрылысы элементі) - алаң, даңғыл, желекжол, көше, қысқа көше, саябақ, тұрғын аудан бағы, шағынгүлбақ, көпір және қаланың өзге де құрамдас бөліктері.
2-бөлім. Елді мекендердің аудандарына, шағын аудандарына,
көшелеріне, даңғылдарына және өзге де құрамдас
бөліктеріне атаулар беру (қайта атау) тәртібі
2. Елді мекендер бөліктерінің атаулары оларды кеңістікте бөліп көрсетуді және тануды қамтамасыз ету үшін беріледі.
3. Қалалық өкiлдi және атқарушы органдар тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, қаладағы аудандарға, алаңдарға, даңғылдарға, желекжолдарға, көшелерге, қысқа көшелерге, саябақтарға, шағынгүлбақтарға, көпiрлерге және қаланың басқа да құрамдас бөлiктерiне атау қою және қайта атау туралы мәселелердi "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шешедi.
4. Кент, ауыл әкiмi тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, осы елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне атау қою және қайта атау мәселелерiн жоғарыда аталған Заңға сәйкес шешедi.
5. Елдi мекеннiң құрамдас бөлiктерiне атау қою және қайта атау мәселелерi ономастикалық комиссияның қорытындысына сәйкес шешіледі.
6. Бұрылыстары отыз градустан жоғары болған жағдайларда даңғылдардан (көшелер, қысқа көшелер, өту жолдары) басқа елді мекендердің бір бөлігіне бірнеше атау беруге болмайды, мұндай жағдайларда елді мекендердің бөлігінің бұрылыс орнынан бастап оқшауланған атау беруге жол беріледі.
7. Бір санаттағы бірнеше қала құрылысы элементтеріне бір атау беруге жол берілмейді.
8. Қала құрылысы элементі (даңғыл, көше) табиғи бөгеулермен (өзендер, жырақтар) қиылысқан жағдайда қалыптасқан учаскелерге жеке атау беруге жол беріледі.
9. Аумақтарды кезең-кезеңімен игерген жағдайда қала құрылысы элементін оқшауланған, қисынды байланысқан атаулары бар, осы қала құрылысы элементінің іс жүзінде қалыптасу және салыну кезеңдеріне сай келетін жеке учаскелерге бөлуге жол беріледі.
3-бөлім. Елді мекендердің жер учаскелеріне, ғимараттарына
және құрылыстарына реттік нөмірлер беру
10. Жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беру облыс аумағында шағын аудандардың, көшелердің, ғимараттардың, құрылымдардың және өзге де нысандардың орналасу орнын (орналасқан жерін) анықтаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға арналған.
11. Облыс аумағында орналасқан әрбір жер учаскесінің, ғимарат пен құрылыстың өзінің бірегей мекен-жайы болуы тиіс.
12. Осы Ережеге сәйкес реттік нөмір берілетін жылжымайтын мүлік нысандары:
жер учаскелері (игерілмеген және құрылыс салынған);
ғимараттар;
құрылыстар болып табылады.
4-бөлім. Реттік нөмірлер беруге қойылатын талаптар
13. Fимараттың, корпустың, құрылымның, құрылыстың, жер учаскесінің реттік нөмірі-цифрлар тізбегінен тұратын, әріп немесе бөлшек белгісі арқылы қосымша бүтін цифрлар қосылуы мүмкін нысан мекен-жайының деректемесі.
14. Fимараттың, корпустың, құрылымның, құрылыстың реттік нөміріне, егер бір жер учаскесіне екі және одан да көп бірыңғай сәулеттік үйлесім құратын немесе бір сәулеттік-құрылыстық кешеннің бөлігі болып табылатын ғимараттар, корпустар, құрылымдар, құрылыстар тұрғызылған (бар болса) болса, әріптер қосылады.
15. Егер ғимарат, корпус, құрылым немесе құрылыс кварталдың ішінде орналасып, ғимараттың, корпустың, құрылымның, құрылыстың бірде-бір қасбеті қалалық магистральдарға шықпаған жағдайда ғимараттың, корпустың, құрылымның, құрылыстың реттік нөміріне бөлшек белгісі арқылы қосымша бүтін сандар қосылады. Бұл жағдайда негізгі реттік нөмір болып ғимараттың, корпустың, құрылымның, құрылыстың нөмірленуіне жақын ғимараттың, корпустың, құрылымның, құрылыстың реттік нөмірі қабылданады.
16. Fимараттардың, құрылыстардың және басқа да жасанды құрылымдардың мекен-жайына мынадай міндетті деректемелер: көше атауы, ғимараттың, корпустың немесе құрылымның, құрылыстың реттік нөмірі кіруі тиіс.
17. Жер учаскелеріне мынадай міндетті деректемелер: көше немесе шағын аудан атауы, жер учаскесінің реттік нөмірі кіруі тиіс шартты мекен-жай беріледі.
18. Нысан мекен-жайының құрылымын нысанның түрі және ғимараттың, құрылыстың, жер учаскесінің жергілікті жердегі географиялық жағдайы анықтайды.
19. Реттік нөмірі анықталатын нысанның орналасқан орнының атауы нысанның мекен-жайына қосылуы мүмкін.
20. Шағын аудан, өндірістік аймақ, табиғат қорғау кешенінің (тарих және сәулет ескерткіштерінің жиынтығы) атауы, реттік нөмірі анықталатын нысанның орналасқан орны тиісті шағын ауданның, өндірістік аймақтың, табиғат қорғау кешенінің белгіленген шекараларында нысан орналасқан жағдайда нысанның мекен-жайына қосылуы мүмкін.
21. Даңғылдың, көшенің (қысқа көше, алаң) атауына қатысты нысанның нөмірленуі елді мекендер көшелері атауларының ресми тізбесіне және нөмірленетін нысанның және көше-жол жүйесі элементтерінің оңтайлы ұсынуына сәйкес қысқа жолдардың, көшелердің және алаңдардың атауларын нақтылай отырып, даңғылдардың, көшелердің, қысқа жолдардың, алаңдардың ресми мекен-жай сұлбасына сәйкес қабылданады.
22. Елді мекендер көшелері атауларының ресми тізбесі және даңғылдардың, көшелердің, қысқа көшелердің, алаңдардың және басқа да құрылымдық элементтердің ресми мекен-жай сұлбасы электронды түрде құрылады және елді мекендер аумағындағы қала құрылысы нысандарына және элементтеріне атау беру, қайта атау туралы материалдарды, сонымен бірге мұрағат материалдарын пайдалана отырып, мемлекеттік қала құрылысы кадастры негізінде сәулет органдары жүргізеді.
23. Жер учаскесінің, ғимараттың, корпустың, құрылымның, құрылыстың реттік нөмірін сәулет органы жобалауға, не болмаса құрылыс жүргізуге жер учаскесін бөлу туралы рұқсат беру құжаттамасын дайындау сатысында белгілейді.
24. Жер учаскесінің, ғимараттың, корпустың, құрылымның, құрылыстың реттік нөмірін сәулет органы жекелеген нысандарды бұзу нәтижесінде елді мекендердің бір бөлігі нысандарының нөмірленуі оннан артық бірлікке үзілген (жоғалған) жағдайда өзгертуі мүмкін.
25. Оңтүстіктен солтүстікке қарай құрылыс салудың үздіксіз үрдісін құрайтын және магистральдарда орналасқан ғимараттарға (үйлерге) реттік нөмір беру және нөмірлеу көшенің сол жағы бойынша тақ нөмірлермен және оң жағы бойынша жұп нөмірлермен оңтүстіктен солтүстікке қарай жүргізіледі.
26. Батыстан шығысқа қарай құрылыстың үздіксіз үрдісін құрайтын және магистральдарда орналасқан ғимараттарға (үйлерге) реттік нөмір беру және нөмірлеу көшенің сол жағы бойынша тақ нөмірлермен және оң жағы бойынша жұп нөмірлермен батыстан шығысқа қарай жүргізіледі.
27. Әртүрлі санаттағы көшелердің қиылысында орналасқан ғимараттарға магистральды көшелердің сыныптамасына сәйкес, неғұрлым жоғары санаттағы көше бойынша реттік нөмір беріледі.
28. Санаттары тең көшелердің қиылысында орналасқан ғимараттарға ғимараттың бас қасбеті шығатын көше бойынша реттік нөмір беріледі. Егер бұрышқа бір ғимараттың тең мағыналы екі қасбеті шығатын болса елді мекен орталығына бағытталған көше бойынша реттік нөмір беріледі.
29. Елді мекеннің аумақтарына жаңа құрылыс салуды табиғи қалыптастырған жағдайда, осы Ереженің 35, 36-тармақтарын орындау мүмкін болмаған кезде, осы аумақтарда ғимараттарға (үйлерге) керісінше тәртіпте реттік нөмірлер беруге және нөмірлеуге, яғни, солтүстіктен оңтүстікке не болмаса шығыстан батысқа қарай, көшенің оң жағы бойынша тақ нөмірлермен және сол жағы бойынша жұп нөмірлермен жүргізуге жол беріледі.
30. Жер учаскесінің аумағында негізгі ғимарат анықталады, соған сәйкес осы аумақта орналасқан ғимараттарды, құрылыстарды нөмірлеу жүзеге асырылады. Негізгі ғимараттың реттік нөмірі көшелердің белгіленген сыныптамасы ескеріле отырып анықталады.
31. Жер учаскесінің аумағында орналасқан өзге де ғимараттарға, құрылыстарға негізгі ғимараттың нөмірі және Ережеге сәйкес корпустың немесе құрылымның қосымша нөмірі беріледі. "Корпус" немесе "құрылым" көрсеткіші қажет болған жағдайда ғимараттар орналасқан жер учаскесі аумағының функционалдық пайдаланылуы ескеріле отырып, ғимараттардың функционалдық мақсатына және жақын орналасқан ғимараттарды нөмірлеуге байланысты анықталады.
32. Fимараттарды нөмірлеу бас ғимараттың орналасуы ескеріле отырып, жер учаскесінің аумағына бас кіре берісінен жүргізіледі.
33. Жеке немесе заңды тұлғаға меншік, жалдау немесе өзге де заттай құқығында тиесілі жер учаскесінде қосымша бір немесе бірнеше жылжымайтын мүлік нысандарын тұрғызған жағдайда әр нысанға корпустың немесе құрылымның қосымша нөмірін қоса сол реттік нөмір беріледі.
34. Тізбектегі нөмірлермен нөмірленіп қойған екі ғимараттың, құрылымның арасында орналасқан ғимараттарды нөмірлеуді осы Ережеге сәйкес тиісті нысанның кіші нөмірін оған әріп не болмаса бөлшек қосып жүргізу керек.
35. Дербес нысандардың (ғимараттар, құрылыстар) белгілері бар жапсаржай нысандарына және қосып-жапсарлас салынған нысандарға негізгі ғимараттың нөміріне бөлшек белгісі арқылы қосымша бүтін санды қосу арқылы дербес реттік нөмір беріледі.
36. Қоршауларды, көпірлерді, қазылған шұңқырларды, құдықтарды, жертөлелерді, ауладағы тас жабындарды, жаяужолдарды және осылар тәріздес нысандарды есептемегенде, құрылыстарға құрылыс орналасқан ғимараттың, құрылыстың немесе жер учаскесінің (негізгі ғимарат болмаған жағдайда) реттік нөмірі "құр." көрсеткіші мен құрылыс нөмірі қосылып беріледі.
37. Игерілген, бірақ нөмірленбеген жер учаскелеріне осы жер учаскесінің шегінде тұрғызылған ғимараттың, құрылыстың нөмірі беріледі.
38. Бір жер учаскесінің аумағы шегінде бірнеше ғимараттар, құрылыстар, басқа да нысандар орналасқан жағдайда жер учаскесіне негізгі ғимараттың, құрылыстың нөмірі беріледі.
39. Игерілмеген жер учаскелеріне осы Ережеге сәйкес қарапайым реттік нөмір беріледі, бұл жағдайда мына шартты сақтау қажет: әрбір жер учаскесінің өзінің бірегей реттік нөмірі болады және жер учаскелеріне реттік нөмірлер жер учаскелерінің осы немесе өзге қала құрылысы бірлігіне (көше, даңғыл, алаң) қатысы (жапсаржай) негізінде беріледі.
40. Нөмірленген игерілмеген жер учаскесінің аумағына жаңа ғимарат, құрылыс тұрғызғанда тұрғызылатын нысанға нөмірлеудің жалпы тәртібін сақтаған жағдайда аталған жер учаскесінің шартты реттік нөмірі берілуі мүмкін, не болмаса осы Ереженің талаптарын сақтай отырып, жеке жаңа реттік нөмір беріледі.
41. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерінің алынуына байланысты жүргізілетін қарқынды бұзу аумақтарында жобаланып жатқан ғимараттар, құрылыстар үшін реттік нөмірлер резервілеуді жүргізуге жол беріледі.
4-1-тарау. Қосымша талаптар
41-1. Жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға берілген реттік нөмірлер жөніндегі деректер «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі деректер қорында міндетті тіркелуге жатады.
41.2. Меншік иесі дербес пайдалануға қабылдаған объектілерге:
уақытша құрылыстарға, соның iшiнде маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған тұрмыстық үй-жайларға;
жеке үй маңындағы учаскелер аумақтарындағы шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарға, бау-бақша серiктестiктерi (қоғамдары) учаскелерiндегi құрылыстарға, үй жанындағы немесе үй iргесiндегi (саяжай) учаскелердегi абаттандыру элементтерiне;
саны екеуден аспайтын автомашинаға арналған жайы бар көлiкжайларға;
шағын сәулеттiк нысандар және аумақтардың қоршауына;
үйлер (ғимараттар) маңындағы ашық спорт алаңдары, тротуарлары, тас төсенiштерiне реттік нөмірлер берілмейді.
41-3. Осы Ереженің 41-2 тармақшасында көрсетілген объектілердің жеке реттік нөмірі болмайды, бірақ анықтамада тұрақты реттік нөмірі бар жақын орналасқан объектіге қатысты олардың орналасқан жері нақтылануы мүмкін.
41-4. Тиісті бақ қоғамдарын құрайтын бақ және саяжай (бақша) учаскелеріне, көлікжай кооперативтерінің, қоғамдарының құрамына енетін көлікжайларға осы қоғамдардың, коперативтердің басқару органының шешімімен әрбір объектіге жеке реттік нөмір беріледі. Тиісті басқару органдары болмаған жағдайда, аталған объектілерге жеке нөмірлер беруді сәулет органы жүзеге асырады.
Ескерту. Ереже 4-1 тараумен толықтырылды - ШҚО әкімдігінің 2009.06.29 N 108 қаулысымен.
5-бөлім. Қорытынды ережелер
42. Ережеде қамтылмаған қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Сәулет және қала құрылысы басқармасы
бастығының міндетін атқарушы
Тілдерді дамыту
басқармасының бастығы