Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 12.04.2018 № 19/220-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 17.04.2015 № 27/324-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 495-бабы 9 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5 тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы мөлшерлемелері бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 17.04.2015 № 27/324-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Адианов |
Шығыс Қазақстан облыстық | |
мәслихатының хатшысы | В. Ахаев |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/234-IV шешіміне қосымша |
Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы мөлшерлемелері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 17.04.2015 № 27/324-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Рет № | Ластағыш заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Күкірт тотықтары | 20 | |
2. | Азот тотықтары | 20 | |
3. | Шаң және күл | 10 | |
4. | Қорғасын және оның қосындылары | 3986 | |
5. | Күкіртсутек | 124 | |
6. | Фенолдар | 332 | |
7. | Көмірсутектер | 0,32 | |
8. | Формальдегид | 332 | |
9. | Көміртегі тотықтары | 0,32 | |
10. | Метан | 0,02 | |
11. | Күйе | 24 | |
12. | Темір тотықтары | 30 | |
13. | Аммиак | 24 | |
14. | Алты валентті хром | 798 | |
15. | Мыс тотықтары | 598 | |
16. | Бенз(а)пирен | 996,6 |
Рет № | Ластағыш заттардың түрлері |
1 тонна үшін төлемақы |
1 | 2 | 3 |
1. | Көмірсутектер | 44,6 |
2. | Көміртегі тотықтары | 14,6 |
3. | Метан | 0,8 |
4. | Күкірт диоксиды | 200 |
5. | Азот диоксиды | 200 |
6. | Күл | 240 |
7. | Күкіртті сутегі | 1240 |
8. | Меркаптан | 199320 |
3. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Рет № | Отын түрлері |
Пайдаланылған отынның |
1 | 2 | 3 |
1. | Этилденбеген бензин үшін | 0,66 |
2. | Дизель отыны үшін | 0,9 |
3. | Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін | 0,48 |
Рет № | Ластағыш заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Нитриттар | 1340 |
2. | Мырыш | 2680 |
3. | Мыс | 26804 |
4. | Оттегіне биологиялық сұраныс | 8 |
5. | Тұзды аммоний | 68 |
6. | Мұнай өнімдері | 536 |
7. | Нитраттар | 2 |
8. | Жалпы темір | 268 |
9. | Сульфаттар (анион) | 0,8 |
10. | Өлшенген заттар | 2 |
11. | Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар | 54 |
12. | Хлоридтер (анион) | 0,2 |
13. | Алюминий | 54 |
Рет № | Қалдықтардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | |
1 тонна үшін | 1 гигабек-керель (Гбк) үшін | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Өндіріс және тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін: | ||
1.1. | Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылғыларының кәріздік тұнбасы) | 0,19 | |
1.2. | Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар: | ||
1.2.1. | "қызыл" тізім | 14 | |
1.2.2. | "жақұт" тізім | 8 | |
1.2.3. | "жасыл" тізім | 1 | |
1.2.4. | сыныпталмағандар | 0,9 | |
1.3. | Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін қалдықтар: | ||
1.3.1 | Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): | ||
1.3.1.1. | аршынды жыныстар | 0,004 | |
1.3.1.2. | жанас таужыныстары | 0,026 | |
1.3.1.3. | байыту қалдықтары | 0,02 | |
1.3.1.4. | шлактар, шламдар | 0,038 | |
1.3.2. | Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзетілетін шлактар, шламдар | 0,038 | |
1.3.3. | күл мен күлшлактар | 0,66 | |
1.3.4. | ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы | 0,002 | |
2. | Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк): | ||
2.1. | Трансуранды | 0,76 | |
2.2. | Альфа-радиоактивті | 0,38 | |
2.3. | Бета-радиоактивті | 0,04 | |
2.4. | Шынақты радиоактивті көздер | 0,38 |
7. Мынадай коэффициенттер:
1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде түзілетін эмиссия көлемі үшін табиғи монополия субъектілері мен энергия өндіруші ұйымдары үшін төлемақы мөлшерлемелеріне:
1-тармақта – 0,3 коэффициенті;
4-тармақта – 0,43 коэффициенті;
5-тармақтың 1.3.3.-жолында – 0,05 коэффициенті;
2) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардан жиналған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін 5-тармақтың 1.1.-жолында белгіленген төлемақы мөлшерлемесіне 0,2 коэффициенті қолданылады.
8. 7-тармақта көзделген коэффициенттер қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерден тыс көлемі үшін төленетін төлемақыға қолданылмайды.
9. Экологиялық рұқсатсыз, сондай-ақ белгіленген нормативтерден тыс қоршаған ортаға эмиссиялар үшін осы шешімде белгіленген мөлшерлемелер қолданылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 13.12.2017 № 16/187-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).