"Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы ставкалары туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/234-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 17 сәуірдегі N 27/324-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 мамырда N 3932 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 19/220-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 12.04.2018 № 19/220-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы ставкалары туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/234-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2524, 2010 жылғы 1 ақпандағы № 16 "Дидар", 2010 жылғы 2 ақпандағы № 16 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
       тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы мөлшерлемелері туралы";
       1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы мөлшерлемелері бекiтiлсiн.";
      аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Уразов
      Шығыс Қазақстан облыстық
      мәслихатының хатшысы Г. Пинчук

  Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2015 жылғы
17 сәуірдегі № 27/324-V
шешіміне қосымша

Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы мөлшерлемелері

      1. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Рет №

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

4

1.

Күкірт тотықтары

20


2.

Азот тотықтары

20


3.

Шаң және күл

10


4.

Қорғасын және оның қосындылары

3986


5.

Күкіртсутек

124


6.

Фенолдар

332


7.

Көмірсутектер

0,32


8.

Формальдегид

332


9.

Көміртегі тотықтары

0,32


10.

Метан

0,02


11.

Күйе

24


12.

Темір тотықтары

30


13.

Аммиак

24


14.

Алты валентті хром

798


15.

Мыс тотықтары

598


16.

Бенз(а)пирен


996,6

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Рет №

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

1.

Көмірсутектер

22,3

2.

Көміртегі тотықтары

7,3

3.

Метан

0,4

4.

Күкірт диоксиды

100

5.

Азот диоксиды

100

6.

Күл

120

7.

Күкіртті сутегі

620

8.

Меркаптан

99660

      3. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Рет №

Отын түрлері

Пайдаланылған отынның
1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК)

1

2

3

1.

Этилденбеген бензин үшін

0,66

2.

Дизель отыны үшін

0,9

3.

Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін

0,48

      4. Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Рет №

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

1.

Нитриттар

1340

2.

Мырыш

2680

3.

Мыс

26804

4.

Оттегіне биологиялық сұраныс

8

5.

Тұзды аммоний

68

6.

Мұнай өнімдері

536

7.

Нитраттар

2

8.

Жалпы темір

268

9.

Сульфаттар (анион)

0,8

10.

Өлшенген заттар

2

11.

Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар

54

12.

Хлоридтер (анион)

0,2

13.

Алюминий

54

      5. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Рет №

Қалдықтардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1 тонна үшін

1 гигабек-керель (Гбк) үшін

1

2

3

4

1.

Өндіріс және тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін:



1.1.

Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылғыларының кәріздік тұнбасы)

0,19


1.2.

Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар:



1.2.1.

"қызыл" тізім

14


1.2.2.

"жақұт" тізім

8


1.2.3.

"жасыл" тізім

1


1.2.4.

сыныпталмағандар

0,9


1.3.

Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін қалдықтар:



1.3.1

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа):



1.3.1.1.

аршынды жыныстар

0,004


1.3.1.2.

жанас таужыныстары

0,026


1.3.1.3.

байыту қалдықтары

0,02


1.3.1.4.

шлактар, шламдар

0,038


1.3.2.

Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзетілетін шлактар, шламдар

0,038


1.3.3.

күл мен күлшлактар

0,66


1.3.4.

ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы

0,002


2.

Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк):



2.1.

Трансуранды


0,76

2.2.

Альфа-радиоактивті


0,38

2.3.

Бета-радиоактивті


0,04

2.4.

Шынақты радиоактивті көздер


0,38

      6. Күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары бір тонна үшін 7,54 АЕК-ті құрайды.
      7. Мынадай коэффициенттер:
      1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде түзілетін эмиссия көлемі үшін табиғи монополия субъектілері мен энергия өндіруші ұйымдары үшін төлемақы мөлшерлемелеріне:
      1-тармақта – 0,3 коэффициенті;
      4-тармақта – 0,43 коэффициенті;
      5-тармақтың 1.3.3.-жолында – 0,05 коэффициенті;
      2) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардан жиналған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін 5-тармақтың 1.1.-жолында белгіленген төлемақы мөлшерлемесіне 0,2 коэффициенті қолданылады.
      8. 7-тармақта көзделген коэффициенттер қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерден тыс көлемі үшін төленетін төлемақыға қолданылмайды.
      9. Қоршаған ортаға эмиссия үшін белгіленген нормативтерден асатын төлем мөлшерлемелері он есе ұлғаяды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады