Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәслихат аппаратының 2013.06.28 N 01-26/236 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңының 36 бабының және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының негізінде Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 33-5 «Семей қаласының базарларындағы біржолғы талондар құнын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2007 жылғы 10 қаңтардағы № 5-2-54 болып тіркелген, 2007 жылғы 25 қаңтардағы № 4 «Семей таңы» және «Семипалатинские вести» газеттерінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
№ 1 қосымшада 4 тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы Н. Қайырбеков
Қалалық мәслихаттың хатшысы Қ. Мирашев