2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 33-5 "Семей қаласының базарларындағы біржолғы талондар құнын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі N 17/134-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 мамырда N 5-2-111 тіркелді. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәслихат аппаратының 2013 жылғы 28 маусымдағы N 01-26/236 хатымен

      Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәслихат аппаратының 2013.06.28 N 01-26/236 хатымен.
      
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңының 36 бабының және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының негізінде Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 33-5 «Семей қаласының базарларындағы біржолғы талондар құнын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2007 жылғы 10 қаңтардағы № 5-2-54 болып тіркелген, 2007 жылғы 25 қаңтардағы № 4 «Семей таңы» және «Семипалатинские вести» газеттерінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
      № 1 қосымшада 4 тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Н. Қайырбеков
      
      Қалалық мәслихаттың хатшысы                Қ. Мирашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады