Қазақстан Республикасының 1993 жылы туған азаматтарын шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы N 7 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 қаңтарда N 5-2-122 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы N 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімінің 2011.12.07 N 9 шешімімен.
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 74 Заңының 1718-баптарына және «Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес қала әкімі ШЕШТІ:
      1. 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркеу жүргізілетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген жасы үлкен азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жүргізілсін.
      Тіркеу азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім дәрежесін және алған мамандығын, дене даярлығы деңгейiн анықтау, әскерге шақырылғандарды алдын ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орнына түсуi үшiн үмiткерлердi iрiктеу мақсатында жүргізілсін.
      2. Семей өңірі бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Ғ. Ә. Жуасбаеваға (келiсiм бойынша):
      1) емдеу – алдын алу мекемелерiнiң стационарларында жас жiгiттердi ҚIБ жолдамасы бойынша 10 тәулiк iшiнде қосымша тексерудi жүргiзу үшiн төсектер резервiн жасау;
      2) жас жігіттер тексерілуге және емделуге жіберілетін емдеу мекемелерінің тізбесін ҚIБ тапсыру ұсынылсын. Әскери оқу орындарына кандидаттарды тереңдетіп медициналық куәландыруды ҚIБ № 025/У және 025/1/У есеп нысандарын және басқа медициналық құжаттарды ұсына отырып жүргізу;
      3) тіркеу кезеңінде тістерін емдетуге мұқтаж жас жігіттердің ауыз қуысын сауықтыруды қамтамасыз ету;
      4) тіркеу аяқталған соң 2010 жылғы 15 сәуірге дейінгі мерзімде қалалық ҚIБ алынған мәліметтер негізінде емдеуге және медициналық тексеруге мұқтаж жас жігіттерді № 1 және № 2 тізімдер (№ 054/У есеп нысаны) бойынша мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруға дейін емдеу мақсатында қаланың емдеу мекемелеріне бекітіп беру ұсынылсын.
      3. Бiлiм бөлiмiнiң бастығы М. К. Дүйсембаева:
      - әскери–оқу орындарына кандидаттарды кәсіптік-психологиялық іріктеу жөніндегі комиссиядан өту күніне дейін қажетті құжаттармен қамтамасыз етсін;
      4. Ауылдық округтер мен кенттер әкімдері:
      1) әскерге шақырылуға дейінгі азаматтарды комиссияға арнайы жабдықталған автобустарда ауылдық әкім орынбасарларының немесе әскери-есеп үстелдері инспекторларының бірге алып жүруімен жеткізуді ұйымдастырсын;
      2) әскерге шақырылуға дейінгі азаматтарды тасымалдау кезінде қайғылы оқиғаларды болдырмау жөніндегі шараларды қабылдасын.
      5. Білім мекемелерінің және меншік нысандарына қатыссыз өзге ұйымдардың басшыларына (келiсiм бойынша):
      1) 1993 жылы туған әскерге шақырылуға дейінгі азаматтардың көрсетілген мерзімдерде ҚIБ келуін қамтамасыз етсін;
      2) әскерге шақырылуға дейінгі азаматтарды стационарлық емдеу және амбулаториялық талдауларды жүргізу үшін шақыру комиссиясының жұмысы кезінде жұмыстан және оқудан босатсын.
      6. Ішкі істер басқармасының бастығы Е. Сыдықовқа (келісім бойынша):
      - тіркеу кезеңінде шақыру учаскесінде кезекшілік атқару үшін полиция қызметкерлерін бөлу ұсынылсын;
      7. Әкім аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бастығына, «Жалпы әскери міндетін орындау негізіндегі шаралар» - 005 бюджеттік бағдарламасының әкімшісі ретінде, бекітілген қаржыландыру жоспарға сәйкес өздеріне арналған бюджеттік қаражаттың шығындарына қарай бюджетті орындау.
      8. Семей қалалық қорғаныс iстерi жөнiндегi басқарма бастығы Ш. Н. Шахановқа (келісім бойынша) 2010 жылғы 09 сәуірге дейінгі мерзімде осы қаулының атқарылуы жөнінде баяндау ұсынылсын.
      9. Осы шешімнің атқарылуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Ж. Мүсәпірбековке жүктелсін.
      10. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Семей қаласының әкімі                             М. Айнабеков
      
      Келісілді:
      Семей қалалық қорғаныс iстерi
      жөнiндегi басқармасы бастығы                      Ш. Шаханов
      
      Семей өңірі бойынша облыстық
      денсаулық сақтау басқармасы
      бастығының орынбасары                             Ғ. Жуасбаева
      
      Ішкi iстер басқармасының бастығы                  Е. Сыдықов

О проведении приписки граждан Республики Казахстан 1993 года рождения к призывным участкам

Решение акима города Семей Восточно-Казахстанской области от 28 декабря 2009 года N 7. Зарегистрировано Управлением юстиции города Семей Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 27 января 2010 года за N 5-2-122. Утратило силу решением акима города Семей Восточно-Казахстанской области от 7 декабря 2011 года N 9

      Сноска. Утратило силу решением акима города Семей Восточно-Казахстанской области от 07.12.2011 N 9.
      
      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьей 1718 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года № 74-III «О воинской обязанности и воинской службе» и постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 мая 2006 года № 371 «Об утверждении Правил о порядке ведения воинского учета военнообязанных и призывников в Республике Казахстан», аким города РЕШИЛ:
      1. Провести в январе-марте 2010 года приписку граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется 17 лет, а также старших возрастов, не прошедших ранее приписку к призывному участку.
      Приписку провести с целью принятия граждан на воинский учет, определения их количества, годности к воинской службе и состояния здоровья, установления общеобразовательного уровня и специальности, уровня физической подготовленности, предварительного предназначения призывников, отбора кандидатов для подготовки по военно-техническим специальностям и поступления в военные учебные заведения.
      2. Рекомендовать заместителю начальника областного управления здравоохранения по Семейскому региону Жуасбаевой Г. А. (по согласованию):
      1) создать в стационарах лечебно-профилактических учреждений резерв коек для проведения дополнительного обследования юношей по направлению из УДО в течение 10 суток;
      2) представить в УДО перечень лечебных учреждений, куда будут направлены юноши на обследование и лечение. Провести углубленное медицинское освидетельствование кандидатов в военно-учебные заведения с представлением в УДО учетных форм № 025/У и № 025/1/У и других медицинских документов;
      3) обеспечить в период приписки санирование полости рта юношей, нуждающихся в лечении зубов;
      4) после окончания приписки до 15 апреля 2010 года на основании полученных из УДО сведений юношей, нуждающихся в лечении и медицинском обследовании по спискам № 1 и № 2 (учетная форма № 054/У), закрепить за лечебными учреждениями города с целью их излечения до очередного призыва на срочную воинскую службу.
      3. Начальнику отдела образования Дюсембаевой М. К.:
      - обеспечить кандидатов в военно-учебные заведения необходимыми документами ко дню прохождения комиссии по профессионально-психологическому отбору;
      4. Акимам сельских округов и поселков:
      1) организовать доставку допризывников на комиссию в специально оборудованных автобусах в сопровождении заместителей акимов сельских округов и поселков или инспекторов военно-учетных столов;
      2) принять меры, предотвращающие несчастные случаи при перевозке допризывников.
      5. Рекомендовать руководителям учреждений образования и иных организаций, независимо от форм собственности (по согласованию):
      1) обеспечить в указанные сроки явку допризывников 1993 года рождения в УДО;
      2) освободить допризывников от работы и учебы на время призывной комиссии для стационарного лечения и проведения амбулаторных анализов.
      6. Рекомендовать начальнику управления внутренних дел Сыдыкову Е. С. (по согласованию):
      - выделить работников полиции для дежурства на призывном участке на период приписки;
      7. Начальнику финансово-хозяйственного отдела аппарата акима, как администратору бюджетной программы 005 – «мероприятия в рамках исполнения всеобщей воинской обязанности» своевременно производить исполнение бюджета по расходам предназначенных им бюджетных средств согласно утвержденному плану финансирования.
      8. Рекомендовать начальнику управления по делам обороны г. Семей Шаханову Ш. Н. (по согласованию) до 9 апреля 2010 года доложить об исполнении решения.
      9. Контроль за исполнением решения возложить на заместителя акима города Мусапирбекова Т. Ж.
      10. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      
      
      Аким города Семей                                 М. Айнабеков
      
      Согласовано:
      
      Управлением по делам обороны
      города Семей                                      Ш. Шаханов
      
      Заместитель начальника областного
      управления здравоохранения по
      Семейскому региону                                Г. Жуасбаева
      
      Начальник управления внутренних дел                Е. Сыдыков