Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімінің 2011.12.07 N 9 шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 74 Заңының 17, 18-баптарына және «Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес қала әкімі ШЕШТІ:
1. 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркеу жүргізілетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген жасы үлкен азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жүргізілсін.
Тіркеу азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім дәрежесін және алған мамандығын, дене даярлығы деңгейiн анықтау, әскерге шақырылғандарды алдын ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орнына түсуi үшiн үмiткерлердi iрiктеу мақсатында жүргізілсін.
2. Семей өңірі бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Ғ. Ә. Жуасбаеваға (келiсiм бойынша):
1) емдеу – алдын алу мекемелерiнiң стационарларында жас жiгiттердi ҚIБ жолдамасы бойынша 10 тәулiк iшiнде қосымша тексерудi жүргiзу үшiн төсектер резервiн жасау;
2) жас жігіттер тексерілуге және емделуге жіберілетін емдеу мекемелерінің тізбесін ҚIБ тапсыру ұсынылсын. Әскери оқу орындарына кандидаттарды тереңдетіп медициналық куәландыруды ҚIБ № 025/У және 025/1/У есеп нысандарын және басқа медициналық құжаттарды ұсына отырып жүргізу;
3) тіркеу кезеңінде тістерін емдетуге мұқтаж жас жігіттердің ауыз қуысын сауықтыруды қамтамасыз ету;
4) тіркеу аяқталған соң 2010 жылғы 15 сәуірге дейінгі мерзімде қалалық ҚIБ алынған мәліметтер негізінде емдеуге және медициналық тексеруге мұқтаж жас жігіттерді № 1 және № 2 тізімдер (№ 054/У есеп нысаны) бойынша мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруға дейін емдеу мақсатында қаланың емдеу мекемелеріне бекітіп беру ұсынылсын.
3. Бiлiм бөлiмiнiң бастығы М. К. Дүйсембаева:
- әскери–оқу орындарына кандидаттарды кәсіптік-психологиялық іріктеу жөніндегі комиссиядан өту күніне дейін қажетті құжаттармен қамтамасыз етсін;
4. Ауылдық округтер мен кенттер әкімдері:
1) әскерге шақырылуға дейінгі азаматтарды комиссияға арнайы жабдықталған автобустарда ауылдық әкім орынбасарларының немесе әскери-есеп үстелдері инспекторларының бірге алып жүруімен жеткізуді ұйымдастырсын;
2) әскерге шақырылуға дейінгі азаматтарды тасымалдау кезінде қайғылы оқиғаларды болдырмау жөніндегі шараларды қабылдасын.
5. Білім мекемелерінің және меншік нысандарына қатыссыз өзге ұйымдардың басшыларына (келiсiм бойынша):
1) 1993 жылы туған әскерге шақырылуға дейінгі азаматтардың көрсетілген мерзімдерде ҚIБ келуін қамтамасыз етсін;
2) әскерге шақырылуға дейінгі азаматтарды стационарлық емдеу және амбулаториялық талдауларды жүргізу үшін шақыру комиссиясының жұмысы кезінде жұмыстан және оқудан босатсын.
6. Ішкі істер басқармасының бастығы Е. Сыдықовқа (келісім бойынша):
- тіркеу кезеңінде шақыру учаскесінде кезекшілік атқару үшін полиция қызметкерлерін бөлу ұсынылсын;
7. Әкім аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бастығына, «Жалпы әскери міндетін орындау негізіндегі шаралар» - 005 бюджеттік бағдарламасының әкімшісі ретінде, бекітілген қаржыландыру жоспарға сәйкес өздеріне арналған бюджеттік қаражаттың шығындарына қарай бюджетті орындау.
8. Семей қалалық қорғаныс iстерi жөнiндегi басқарма бастығы Ш. Н. Шахановқа (келісім бойынша) 2010 жылғы 09 сәуірге дейінгі мерзімде осы қаулының атқарылуы жөнінде баяндау ұсынылсын.
9. Осы шешімнің атқарылуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Ж. Мүсәпірбековке жүктелсін.
10. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласының әкімі М. Айнабеков
Келісілді:
Семей қалалық қорғаныс iстерi
жөнiндегi басқармасы бастығы Ш. Шаханов
Семей өңірі бойынша облыстық
денсаулық сақтау басқармасы
бастығының орынбасары Ғ. Жуасбаева
Ішкi iстер басқармасының бастығы Е. Сыдықов
Қазақстан Республикасының 1993 жылы туған азаматтарын шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы
Күшін жойғанШығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы N 7 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 қаңтарда N 5-2-122 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы N 9 шешімімен
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз