Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабымен, 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қазақстан Республикасының Үкіметтің "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Риддер қаласының селолық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген білім беру мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткіште тең сомада көтерме жәрдем ақы берілсін.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезекті сессия төрағасы | В. Климов |
Қалалық мәслихат хатшысы | А. Ермаков |