Білім беру мамандарына 2009 жылға әлеуметтік қолдау шаралары туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 шілдедегі № 18/7-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Риддер қалалық әділет басқармасында 2009 жылғы 17 тамызда № 5-4-115 тіркелді. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды (Риддер қалалық мәслихатының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 245/04-10 хаты)

      Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - (Риддер қалалық мәслихатының 2010.03.19 № 245/04-10 хаты).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабымен, 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қазақстан Республикасының Үкіметтің "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Риддер қаласының селолық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген білім беру мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткіште тең сомада көтерме жәрдем ақы берілсін.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Кезекті сессия төрағасы
В. Климов
Қалалық мәслихат хатшысы
А. Ермаков

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады