Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық әкімдігінің 2010.01.10 N 15 хатымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 және 20 баптары, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 36 бабы 4 тармағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысы негізінде, мемлекеттік кепілдендіру жүйесін кеңейту мен жұмысқа орналасу кезінде қиыншылықтарға кездесетін халықтың әр түрлі топтарын қолдау мақсатында, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 128 «2009 жылға арналған ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 6 қаңтардағы № 5-8-73 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2009 жылғы 8 қаңтардағы № 2 (6264) санында, 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 3 (6265) санында, 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 4 (6266) санында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) № 1 қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;
2) № 2 қосымша келесі мазмұнда толықтырылсын:
«18. Ұйымдардың санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты босатылғандар»;
3) № 3 қосымшаның «Жұмыстың басқа түрлері» 10-тармағы келесі мазмұнда толықтырылсын:
«- аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету,
- көркем-ресімдеу жұмысы».
Қаулысының 7 тармағы келесі мазмұнда баяндалсын: «Осы қаулы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап өз күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі».
2. Осы қаулы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап өз күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т. Қасымов
Бородулиха ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 20 сәуірдегі № 250
"2009 жылға арналған ақы төленетін
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
туралы" 2008 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 128 қаулыға өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы қаулысына 1 қосымша
Ұйымдар тізбесі, жұмыс көлемі
№ |
Жұмыс берушінің атауы |
Жұмыс көлемі |
Жұмыс орнының барлығы |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Бородулиха ауданы әкімінің аппараты, селолық және кенттік округінің әкімдерінің аппаратары |
үй-үйді аралау - 10214 аула, шаруашылық кітаптарын толтыру, 26 көшелерді тазалау – 26 км парктерді, шағын тақтарды тазалау – 448 ш.м. малдарды ветеринарлық залалсыздандыру – 5571 бас, пошта тасу – айына 3736 газет, журналдар, ғимараттарды жөндеу |
195 |
2 |
Аудандық білім беру бөлімі, аудан мектептері, № 23 кәсіптік лицейі, басқа да білім беретін мекемелер |
от жағатын ошақтарды, 6 мектеп ғимараттарын жөндеу, күнделікті Боровое селосынан 15 балаларды тасымалдау |
4 |
3 |
ШҚО Бородулиха аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
бір жолғы ақшалай жәрдемақы төлеу бойынша құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету – жылына 4915 іс қағаздарының үлгісі. |
3 |
4 |
«Мәдениет үйі» ККМК |
4 ауылдық мәдениет үйлерін жөндеу, мәдени іс шаралар өткізу, Наурыз мерекесін, Жеңіс күнін мерекелеу көмек |
15 |
5 |
Бородулиха ауданының прокуратурасы |
154 ш.м. ғимаратқа от жағу |
1 |
6 |
Бородулиха ауданының мемлекеттік мұрағаты |
құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету – айына 150 іс. |
4 |
7 |
Бородулиха ауданының ішкі істер бөлімі |
көшелерге кезекшілік ету, құқық бұзушылықты және объектілерді күзету |
21 |
8 |
«ШҚО бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталығы» РМК Бородулиха филиалы |
құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету – 500 іс |
2 |
9 |
Бородулиха ауданының Әділет басқармасы |
құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету – айына 815. |
8 |
10 |
Бородулиха ауылдық Қарбай атындағы мешіті, басқа діни ұйымдар |
375 ш.м. - ғимаратқа от жағу, үй-жайларды жөндеу |
2 |
11 |
ҚР АШМ АК МИК Бородулиха ауданының аумақтық инспекциясы |
құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету – айына 771 бірлік |
2 |
12 |
Бородулиха аудандық почта байланысының торабы |
құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету - айына 1200 |
1 |
13 |
"Рассвет" ПИК |
86 ш.м. - от жағатын ошақтарды, жөндеу |
4 |
14 |
ШҚО Бородулиха ауданының жер қатынастары бөлімі |
құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету |
1 |
15 |
Бородулиха аудандық мәслихат аппараты |
169 ш.м. - үй-жайларды жөндеу. |
1 |
16 |
Денсаулық сақтау мекемелері, ұйымдары (Бородулиха ауданының МБ" КМҚК) |
350 ш.м. - дәрігерлік емхана ғимаратына от жағу, үй- жайларды жөндеу |
4 |
17 |
Бородулиха аудандық соты |
құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету - айына 500 іс |
1 |
18 |
Бородулиха аудандық қылмыстық атқару инспекциясы ҚАЖКБ |
құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету - айына 80 іс |
1 |
19 |
мемлекеттік еңбек инспекторы |
құжаттарды песімдеуге көмек көрсету - айына 50 іс |
1 |
20 |
Бородулиха аумақтық сот орындаушылар учаскесі |
60 ш.м. - үй-жайларды жинау |
1 |
21 |
Бородулиха балалар – жасөспірімдер спорт мектебі |
ғимаратты жөндеу, 648 ш.м. - аумақты көркейту |
1 |
22 |
ҚР АШМ Жетісу аймақтық шаруашылық дақылдарының сортын сынау инспектурасы |
мерзімдік ауыл шаруашылық жұмыстары – 20 га. |
6 |
23 |
Бородулиха ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті |
320 ш.м. – үй-жайларды жөндеу |
1 |
24 |
Бородулиха ауданы бойынша салық басқармасы |
құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету – 700 іс |
1 |
25 |
«Бала бақшасы» КМКК |
500 ш.м. - үй-жайларды жөндеу, аумақтарды жинау. |
2 |
26 |
Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығының Бородулиха аудандық бөлімшесі |
құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету – айына 1400 іс |
5 |
27 |
«Новая Шульба облыстық балалар үйі» ММ |
300 ш.м. – үй-жайды жөндеу, 2 га - аумақты көркейту |
1 |
28 |
"Өскемен қаласы № 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы" ММ Бородулиха аудандық филиалы |
құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету - 1500 құжат |
1 |
29 |
ШҚО Бородулиха ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі |
425 ш.м.- үй жайды жөндеу |
1 |
30 |
МККК "Комуналдық шаруашылық" |
Елді мекендерді - 20000 ш.м. |
5 |
31 |
Бородулиха аудандық статистика бөлімі |
құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету - 2300 құжат. |
2 |
32 |
"Бородулиха қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі" ММ |
Әлеуметтік-мәдени діни бағыттағы нысандарды, тұрғын үйлерді, әкімшілік ғимараттарды жөндеу, қайта жөндеу құрылыстарына қатысу |
1 |
33 |
"Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігі |
құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету - 2300 құжат. |
1 |
Қоғамдық жұмыстардың нақты шарты:
Жұмыс аптасының ұзақтығы бес күнді құрайды, екі демалыс күн беріледі, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс бір сағат, жұмыстың шарттарынан туындайтын жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді түрлері қолданылады.
Жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген дәлелді жұмыс істеген уақыты арқылы жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, әлеуметтік ақша аударулар, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтiк жәрдемақы толеу, денсаулыққа мертігу немесе зақымдану салдарынан келтірілген зияндардың орнын толтыру Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.
Ұйымдар өз қаражаты есебінен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыра алады.
Аудан әкімі
аппаратының басшысы В. Бастриков