2009 жылға арналған ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 128 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 6 қаңтардағы N 5-8-73 тіркелді. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 10 қаңтардағы N 15 хатымен

      Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық әкімдігінің 2010.01.10 N 15 хатымен
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы" Заңының 31-бабы, 1 тармағы, 13)-тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 және 20-бабтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесі негізінде, жұмысқа орналасу кезінде қиыншылықтарға кездесетін, халықтың әртүрлі топтарын қолдау үшін және мемлекеттік кепілдендіру жүйесін кеңейту мақсатында, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1.Қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдар тізбесі, жұмыс көлемі бекітілсін (1 қосымша);
       2.Нысаналы топқа жататын тұлғалардың тізбесі бекітілсін (2 қосымша)
       3.Ақылы қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізбесі бекітілсін (3 қосымша);
      4.Қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтін жұмыссыздардың жалақысы, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2009 жылға арналып бекітілген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес мөлшерде жүргізілсін;
      5."Шығыс Қазақстан облысы Борордулиха аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі(Ф. Бектембаев), заңнамалық талаптарға сәйкес ұйымдар мен мекемелерде, кәсіпорындарда ақылы қоғамдық жұмыстарды өткізуді қамтамасыз етсін.
      6.Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.А. Нургожинға жүктелсін.
      7.Осы қаулы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап өз күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 7 - тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2009.04.20 N 250 қаулысымен(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      
      
      Аудан әкімі                                  Т.Қасымов

                                        Бородулиха ауданы әкімдігінің                             2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 128
                    «2009 жылға арналған ақы төленетін
                қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
       туралы» қаулысына
      1-ші қосымша

Ұйымдар тізбесі, жұмыс көлемі

      Ескерту. 1 - қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2009.04.20 N 250 қаулысымен(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

Жұмыс берушінің атауы

Жұмыс көлемі

Жұмыс орнының барлығы

1

2

3

4

1
 

Бородулиха ауданы әкімінің аппараты, селолық және кенттік округінің әкімдерінің аппаратары

үй-үйді аралау - 10214 аула, шаруашылық кітаптарын толтыру, 26 көшелерді тазалау – 26 км парктерді, шағын тақтарды тазалау – 448 ш.м. малдарды ветеринарлық залалсыздандыру – 5571 бас, пошта тасу – айына 3736 газет, журналдар, ғимараттарды жөндеу

195

2

Аудандық білім беру бөлімі, аудан мектептері, № 23 кәсіптік лицейі, басқа да білім беретін мекемелер

от жағатын ошақтарды, 6 мектеп ғимараттарын жөндеу, күнделікті Боровое селосынан 15 балаларды тасымалдау

4

3

ШҚО Бородулиха аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

бір жолғы ақшалай жәрдемақы төлеу бойынша құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету – жылына 4915 іс қағаздарының үлгісі.

3

4

«Мәдениет үйі» ККМК

4 ауылдық мәдениет үйлерін жөндеу, мәдени іс шаралар өткізу, Наурыз мерекесін, Жеңіс күнін мерекелеу көмек

15

5

Бородулиха ауданының прокуратурасы

154 ш.м.ғимаратқа от жағу

1

6

Бородулиха ауданының мемлекеттік мұрағаты

құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету – айына 150 іс.

4

7

Бородулиха ауданының ішкі істер бөлімі

көшелерге кезекшілік ету, құқық бұзушылықты және объектілерді күзету

21

8

«ШҚО бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталығы» РМК Бородулиха филиалы

құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету – 500 іс

2

9

Бородулиха ауданының Әділет басқармасы

құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету – айына 815.

8

10

Бородулиха ауылдық Қарбай атындағы мешіті, басқа діни ұйымдар

375 ш.м. - ғимаратқа от жағу, үй-жайларды жөндеу

2

11

ҚР АШМ АК МИК Бородулиха ауданының аумақтық инспекциясы

құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету – айына 771 бірлік

2

12

Бородулиха аудандық почта байланысы торабы

құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету – айына 1200

1

13

«Рассвет» ПИК

86 ш.м. - от жағатын ошақтарды, жөндеу

4

14

ШҚО Бородулиха ауданының жер қатынастары бөлімі

құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету

1

15

Бородулиха аудандық мәслихат аппараты

169 ш.м. - үй-жайларды жөндеу.

1

16

Денсаулық сақтау мекемелері,ұйымдары("Бородулиха ауданының МБ" КМҚК)

350 ш.м. – ғимаратқа от жағу, үй-жайларды жөндеу

4

17

Бородулиха аудандық соты

құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету – айына 500 іс

1

18

Бородулиха аудандық қылмыстық атқару инспекциясы ҚАЖКБ

құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету - айына 80 іс

1

19

Мемлекеттік еңбек инспекторы

құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету – айына 50 іс

1

20

Бородулиха аумақтық сот орындаушылар учаскесі

60 ш.м. - үй-жайларды жинау

1

21

Бородулиха балалар – жасөспірімдер спорт мектебі

ғимаратты жөндеу, 648 ш.м. - аумақты көркейту

1

22

ҚР АШМ Жетісу аймақтық шаруашылық дақылдарының сортын сынау инспектурасы

мерзімдік ауыл шаруашылық жұмыстары – 20 га.

6

23

Бородулиха ауданының психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті

320 ш.м. – үй-жайларды жөндеу

1

24

Бородулиха ауданы бойынша салық басқармасы

құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету – 700 іс

1

25

«Бала бақшасы» КМКК

500 ш.м. - үй-жайларды жөндеу, аумақтарды жинау.

2

26

Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығының Бородулиха аудандық бөлімшесі

құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету – айына 1400 іс

5

27

«Новая Шульба облыстық балалар үйі» ММ

300 ш.м. – үй-жайды жөндеу, 2 га - аумақты көркейту

1

28

«Өскемен қаласы № 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ Бородулиха аудандық филиалы

құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету – 1500 құжат.

1

29

ШҚО Бородулиха ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі

425 ш.м. – үй-жайды жөндеу

1

 
      Қоғамдық жұмыстардың нақты шарты:
      Жұмыс аптасының ұзақтығы бес күнді құрайды, екі демалыс күн беріледі, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс бір сағат.
      Жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген дәлелді жұмыс істеген уақыты арқылы жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық,арнайы киіммен, құрал - жабдықтармен қамтамасыз ету, әлеуметтік ақша аударулар, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтiк жәрдемақы толеу, денсаулыққа мертігу немесе зақымдану салдарынан келтірілген зияндардың орнын толтыру Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.
     Ұйымдар өз қаражаты есебінен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыра алады.

         Бородулиха ауданының әкімдігінің
         2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 128
           «2009 жылға арналған ақы төленетін
                қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы»
                   қаулысына 2–ші қосымша

Мақсатты топтардың тізбесі.

      1. Жағдайы нашар отбасылары;
      2. 21 жасқа дейінгі жастар;
      3. балалар үйінің тәрбиеленушілері, балалар және ата – аналарының қарауынсыз қалған 23 жасқа дейінгі жетім балалар;
      4. кәмелетке жасы толмаған балаларды тәрбиелеуші көп балалы, жалғыз басты ата - аналар;
      5. Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген тәртіпте, үнемі күтуді, көмекті немесе бақылауды қажет ететін адамдарды ұстап отырған азаматтар;
      6. зейнетке шығу алдындағы адамдар (жасы бойынша зейнетке шығуға екі жылға дейінгі);
      7. 50 жастан жоғары жастағы әйел адамдар, 55 жастан жоғары жастағы ер адамдар;
      Ескерту. 7 - тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2009.06.05 N 309 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      8. мүгедектер;
      9. Қазақстан Республикасының қарулы күштері қатарынан босаған тұлғалар;
      10. бас бостандығынан айрылған немесе күштеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар;
      11. бас бостандығынан айрмай жазалау шараларына кесілгендер;
      12. оралмандар;
      13. мектеп, кәсіптік, бастауыш, орта және жоғары білім  беру орындарының түлектері;
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2009.06.05 N 309 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      14. нашақорға тәуелді тұлғалар, ВИЧ ауруын жұқтырған азаматтар, туберкулез ауыруынан емделгендер;
      15. ұзақ уақыт жұмыс істемеген тұлғалар(1 жылдан артық);
      16. отбасында бір де бір жұмысшы жоқ тұлғалар;
      17. бұрын жұмыс істемеген тұлғалар;
      18. ұйымдардың санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты босатылғандар.
      Ескерту. 2-қосымша 18 тармақпен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2009.04.20 N 250 қаулысымен(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      19. Өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістерге, соның ішінде қайта құруға және (немесе) жұмыс көлемін қысқартуға байланысты толық емес жұмыс күнінде жұмыс істейтіндер»;
      20. Ақысы төленбейтін демалыстарға жіберілген тұлғалар;
      21. Жазғы демалыстағы студенттер мен мектеп оқушылары.
      Ескерту. 2-қосымша 19, 20, 21 тармақтармен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2009.06.05 N 309 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

Бородулиха ауданының әкімдігінің
2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 128
«2009 жылға арналған ақы төленетін
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы»
қаулысына 3–ші қосымша

Төлемді қоғамдық жұмыс түрлерінің тізбесі

      1. Елді мекендердің, өндіріс кәсіпорындарының аумағын жинауда тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы ұйымдарына көмек беру.
      2. Жолдарды салу және жөндеу, су құбырларын, газ құбырларын, құбыр коммуникацияларын салу.
      3. Суландыру жұмыстарын жүргізу.
      4. Әлеуметтік-мәдени діни бағыттығы нысандарды, тұрғын үйлерді, әкімшілік ғимараттарды жөндеу, қайта жөндеу құрылыстарына қатысу.
      5. Тарихи – сәулеттік ескерткіштерді, кешендерді, қорық орындарын қалпына келтіру.
      6. Аймақтарды экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көріктендіру)
      7. Мәдени тұрғыдағы ауқымды іс – шараларды ұйымдастыруға көмек беру (спорт жарыстары, фестивальдар, мейрамдар шығармашылығы көріністері және т.б.)
      8. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқанды (халықты қайта есептеу, әлеуметтік сұрастыру, шаруашылық кітаптарын түгендеу, қорғаныс істері жөніндегі бөліміне, салық органдарына көмек) өткізуге көмек.
      9. Малдың жем-шөбін дайындау, құстарды өсіру, көкөністер мен дәнді дақылдарды өсіру бойынша қысқа мерзімдік алаңдар, маусымдық және ауыл шаруашылығын зиянкестерімен күрес.
      10. Басқа да жұмыс түрлері:
      - құжаттарды рәсімдеуге көмек,
      - баспасөзге жазылу жұмыстарына және хат-хабар жеткізуге көмек көрсету,
      - балалардың және жасөспірімдердің жазғы бос уақыттарын ұйымдастыру,
      - ветеринарлық санитарлық – профилактикалық іс-шараларға қатысу,
      - ауру және қарт адамдарды күту, үйге келіп көмек беру.
      - құқық бұзушылықты және нысандарды күзету, оның ішінде саяжайларды,су арықтарын және т.б.
      - мерзімді – жылыту жұмыстары,
      - үй-жайларды жинау,
      - су басудың алдын алуға бағытталған жұмыстар (жиылып қалған суды шығару, көпірлерді тазалау және т.б.)
      - мүмкіншілігі шектелген балалардың демалысын ұйымдастыруға көмек, балалармен тәрбиелеу жұмыстарын өткізу,
      - балаларды тасымалдау,
      - аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету,
      - көркем-ресімдеу жұмысы.
       Ескерту. 10 тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2009.04.20 N 250 қаулысымен(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      
      
      Аудан әкімі аппаратының башысы                   Р. Атаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады