Халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау шаралары туралы

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 1 шілдедегі N 221 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 27 шілдеде N 5-9-110 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Глубокое ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 ақпандағы N 81 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Глубокое ауданы әкімдігінің 2012.02.27 N 81 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
 

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы»» Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу мақсатында, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландырудың ұсынылған Нұсқаулығы бекітілсін.
      2. Кәсіби оқытуға жолданған жұмыссыздардың және нысаналы топтардағы жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің ұсынылған Нұсқаулығы бекітілсін.
      3. «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бастығына (С.А. Дударева):
      1) кәсібі бойынша орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарын бітірген, жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыз жастардың арасында қолдау шараларын ұйымдастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жұмысқа орналасуға жәрдем жасасын;
      2) жұмыссыздарға – кәсіби оқу орындарының түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға ниет білдірген жұмыс берушілермен жастар арасында қолдау көрсету аясында жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыруға келісім шарт жасасын;
      3) жастарды тәжірибесіне қатыстыру үшін оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектерді іріктеу жүргізілсін. Іріктеудің талаптары төмендегідей:
      жұмыссыз ретінде «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ тіркеуде тұрған;
      қатысушыларды іріктеу кезеңінде олар үшін қолайлы жұмыстың болмауы;
      жасы қоса алғанда 24-ке дейін.
      4) жастарды қолдау шараларын ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру 002 "Жұмыспен қамту" бағдарламасы 102 "Жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары" шағын бағдарламасы бойынша қарастырылған Глубокое ауданы бюджеті қаражаты есебінен жүргізілсін;
      5) қатысушылардың еңбек ақысы мына кескінде жүргізілсін:
      толық айға бастауыш және орта кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектері үшін 1,2 ең төменгі жалақы;
      толық айға жоғары оқу орындары түлектері үшін 1,5 ең төменгі жалақы.
      4. Глубокое аудандық әкімдіктің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 629 «Халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау шаралары туралы» (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік Тізілімінде 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 5-9-74 тіркелген, 2008 жылғы 15 ақпандағы аудандық «Огни Прииртышья» газетінің № 7 санында жарияланған) қаулының күші жойылған деп танылсын.
      5. Қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары М.Н. Пономареваға жүктелсін.

      Глубокое ауданының әкімі             В. Кошелев

Глубокое ауданы әкімдігінің
1 шілдедегі 2009 жылғы № 221
қаулысымен бекітілген

ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ НҰСҚАУЛЫҒЫ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Осы Нұсқаулық жұмыссыздарды және халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды және қаржыландыруды белгілейді, негізгі жағдайларды және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелермен (меншік түріне қарамастан) есеп айырысу жүйесін реттейді.
      2. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:
      Ескерту. 2 тармақтың 1 азат жолы жаңа редакцияда - Глубокое ауданы әкімдігінің 2009.08.17 № 281 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      жұмыс берушінің жұмысшылардың еңбегін жартылай өтеумен нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органдармен келісім шарт негізінде жұмыс берушімен құрылған әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс орны.
      нысаналы топтар – «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен, жергілікті атқарушы органдармен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындықтар көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды талап ететін адамдардың топтары.
      3. Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 45-баптарына сәйкес әзірленді.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан азаматтарға Қазақстан Республикасындағы еңбек, зейнетақымен қамту және сақтандыру жөніндегі заңнамалық актілері қолданысқа жатады.

2. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ
ҰЙЫМДАСТЫРУ

      5. Әлеуметтік жұмыс орындарын өз қаражатынан қаржыландыру және осы жұмыс орнына алынған азаматтардың еңбек ақысы жергілікті бюджеттен бөлшемді өтеуімен жұмыс берушімен белгіленеді.
      6. Алынып тасталды - Глубокое аудандық әкімдігінің 2010.02.19 № 487 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      7. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған азаматтардың еңбек төлемінің бөлшемді өтелуі шартқа сәйкес жұмыспен қамту мәселесі жөнінде уәкілетті органдармен (одан әрі «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ) жүзеге асырылады.
      8. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін нысаналы топтардағы жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмағандардың іріктеуін «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жүргізеді.
      9. Жұмыс беруші жұмыссыздарды және жұмыспен қамтылмаған адамдарды «Әлеуметтік жұмыс орындарына» «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырады, жолдаманың үзінді талонын толтырып, оны жұмыспен қамту орталығының мекен жайына жібереді.
      10. Азаматтарды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдаған кезде жұмыс беруші онымен Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңына сәйкес «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ келісілген мерзімге еңбек шартын (контракт) жасайды.

3. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ

      11. Әлеуметтік жұмыс орнына нысаналы топтан қабылданған жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемі ай сайын жұмыс берушімен өз қаражаттарынан жеке еңбек шартының жағдайларына сәйкес және орындалатын жұмыстың көлеміне, сапасына және қиындығына байланысты жүргізіледі.
      12. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орнына нысаналы топтардан орналасқан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемінің шығындары бөлшемді түрде жергілікті бюджет қаражаттарынан 0,8 ең төменгі жалақы мөлшерінде мерзімі алты айдан аспайтын жұмыс берушімен «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ұсынған жұмыссыздардың осы айда жұмыс істеген күндері көрсетілген анықтаманың негізінде өтелінеді.
      Нысаналы топтардағы жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған адамдардың еңбек төлемі бойынша дотацияны жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар жұмыспен қамту бағдарламасы есебінен жұмыс берушілердің есеп шотына жібереді.
      13. Әлеуметтік жұмыс орындарына нысаналы топтардан жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмағандардың төленетін еңбек төлеміне заңнамада белгіленген тәртіп бойынша салық салынады.
      14. Әлеуметтік жұмыс орнына нысаналы топтардан орналасқан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемі нақтылы орындалған жұмыс көлеміне жасалады.
      15. Кәсіпорынның есеп шотына түскен нысаналы топтардағы жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемінің шығынын бөлшемді өтеу үшін бюджетте қаралған қаражаттарды өзгеше пайдаланғаны үшін жұмыс беруші жауапты.

4. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА
БАҚЫЛАУ ЖАСАУ

      16. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Нұсқаулығын сақтауға бақылау жасау заңнамада белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.

Глубокое аудандық әкімдіктің
1 шілдедегі 2009 жылғы № 221
қаулысымен бекітілген

Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыздардың және нысаналы
топтардағы жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру,
тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу
НҰСҚАУЛЫҒЫ

      Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыздардың және нысаналы топтардағы жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу нұсқаулығы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19-маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережелеріне және өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес әзірленді.

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:
      1) өтініш беруші - кәсіби даярлыққа жіберілген және шығындарын өтеуге өтініш берген жұмыссыз немесе нысаналы топтардағы жұмыспен қамтылмаған азамат;
      2) шығындарды өтеу - өтініш берушінің жол жүруіне, тамақтануына, тұруына және медициналық куәландыруына жартылай немесе толық төлеу;
      3) нысаналы топтардағы жұмыспен қамтылмаған азамат – «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ өтініш берген жұмысқа жарамды жастағы, жұмыспен қамтылған халықтың санына жатпайтын, жергілікті атқарушы органдар белгілеген нысаналы топқа енгізілген азамат.
      2. Облыс шегінде тұруға, оқу орнына барып, қайта қайтуға арналған шығындарды өтеу тұратын жерінде оқитын өтініш берушіге жүргізіледі.
      3. Облыс шегінде тұру, медициналық куәландыру, оқу орнына барып қайта қайту шығындарының өтеуін «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жүргізеді.
      4. Дәрігерлік куәландыру шығындарының өтелуі кәсіби даярлықты белгілеуді талап ететін мамандықтар бойынша оқытуға жіберілген өтініш берушілерге жүргізіліп нәтижесіне қарамастан төленеді.
      5. Өтініш берушілер дәрігерлік куәландыруды «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жолдамасы бойынша өтеді.
      6. Өтініш берушілердің шығындарының өтелуі құжаттарды ұсынған күннен бастап, бірақ оқу аяқталған күннен бір ай кешіктірмей жүргізіледі.
      7. «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ресми тіркелген және кәсіби даярлыққа, біліктілікті арттыру мен қайта даярлыққа жіберілген жұмыссыз, сондай-ақ нысаналы топтардағы жұмыспен қамтылмаған азаматтар шығындарды өтеу құқығына ие болады.

2. ШЫҒЫНДАРДЫҢ ӨТЕУІН АЛУҒА ӨТІНІШ БЕРУ

      8. Өтініш беруші «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жазбаша түрде өтініш береді және қажетті құжаттарды ұсынады.
      9. Өтініш пен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен сенімділігі үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш берушіге жүктеледі.

3. ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

      10. Шығындардың өтеуін алу үшін қажетті құжаттар:
      1) тұратын жері бойынша банктегі жеке шотының нөмірі көрсетілген жазбаша өтініш;
      2) қосымшалармен бірге аванстық есептер:
      теміржол көлігімен, жолаушы автокөлігімен (таксиден басқа) жол жүру құжаттары немесе жол жүрудің құны туралы аталған тасымалды түрлерімен айналысатын мекеменің анықтамасы;
      Медициналық куәландыруды өткені жөніндегі төлем құжаты.
      3) оқу сабақтарының басталуы және аяқталуы туралы бұйрықтың көшірмесі.

4. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУДІҢ МӨЛШЕРІ

      11. Шығындардың толық өтелуі:
      1) құжаттармен расталған медициналық куәландырудың құны үшін;
      2) құжаттармен расталған өңір (облыс, аудан) шегіндегі оқу орнына барып қайта қайту жол жүру құны үшін;
      12. Тұру шығындарының жартылай өтелуі мынадай мөлшерде жүргізіледі:
      1) өзге жерден келген өтініш берушілер Өскемен, Семей қалаларында оқып жатақханаларда тұрған уақытта – ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айында 6 айлық есептік көрсеткіштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда – айында 6 айлық есептік көрсеткіште.
      2) өзге жерден келген өтініш берушілер басқа тұрғын жерлерде оқып жатақханаларда тұрған уақытта – ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айында 4 айлық есептік көрсеткіштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда – айында 4 айлық есептік көрсеткіште.
      13. Өскемен және Семей қалаларында оқитындар үшін тамақтану шығындарының өтелуі айына 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, өзге елді мекендерде айына 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.

5. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ ТӨЛЕМДЕРІ

      14. Шығындарды өтеудің төлемі 2008-2010 жылдары Халықты жұмыспен қамту жүйесін дамытуға бағытталған шараларды іске асыру бойынша Жоспардың орындалуына қарастырылған жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен жүргізіледі.
      15. Тұру шығындарын жартылай өтеудің төлемі оқудың аяқталуы бойынша немесе ай сайын жүргізіледі.
      16. Тамақтану шығындарын өтеу төлемі ай сайын жүргізіледі.
      17. Медициналық куәландыру мен өңір шегіндегі (облыс, аудан) оқу орнына барып қайта қайту жолына арналған шығындардың толық өтелуінің төлемі құжаттар ұсынған кезден бір ай ағымында жүргізіледі.
      18. Өтініш берушіге өтелу шығындардың толық немесе жартылай төлемі ақшалай түрде жеке шотқа түсіру жолымен немесе ШҚО ОФ Қазпошта АҚ Глубокое АПБЖ салымы арқылы жүзеге асырылады.

О мерах по социальной защите целевых групп населения

Постановление Глубоковского районного акимата Восточно-Казахстанской области от 1 июля 2009 года N 221. Зарегистрировано управлением юстиции Глубоковского района Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 27 июля 2009 года за N 5-9-110. Утратило силу - постановлением Глубоковского районного акимата ВКО от 27 февраля 2012 года N 81

      Сноска. Утратило силу - постановлением Глубоковского районного акимата ВКО от 27.02.2012 N 81.

      Примечание РЦПИ.
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.
       В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 149 «О занятости населения», постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2001 года № 836 «О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения»» в целях установления дополнительных мер по социальной защите целевых групп населения Глубоковский районный акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию по организации и финансированию социальных рабочих мест.
      2. Утвердить прилагаемую Инструкцию по возмещению затрат на проезд, питание, проживание и медицинское освидетельствование безработных и незанятых граждан из целевых групп, направленных на профессиональное обучение.
      3. Начальнику ГУ "Отдел занятости и социальных программ Глубоковского района" (Дударева С.А.):
      1) организовать работу по организации мер поддержки среди безработной молодежи, зарегистрированной в качестве безработных в отделе занятости, окончившей учебные заведения среднего и высшего профессионального образования по профессии, оказать содействие в трудоустройстве и повышению конкурентоспособности на рынке труда;
      2) заключить с работодателями, изъявившими желание предоставить временные рабочие места безработным – выпускникам среднего и высшего профессионального образования в рамках проводимой поддержки среди молодежи, договор на организацию профессиональной последипломной практики для безработной молодежи
      3) проводить подбор безработных выпускников учебных заведений для участия организации мер поддержки молодежи. Критерии отбора следующие:
      состоят на учете в ГУ «Отдел занятости и социальных программ Глубоковского района» в качестве безработных;
      отсутствие в период подбора участников подходящей для них работы; возраст до 24 лет включительно;
      4) финансирование мероприятий по организации мер поддержки молодежи производить за счет средств бюджета Глубоковского района, предусмотренных по программе 002 "Программа занятости" подпрограммы 102 "Дополнительные меры по социальной защите граждан в сфере занятости населения";
      5) оплату труда участнику производить в размерах:
      1,2 минимальной заработной платы для выпускников учебных заведений начального и среднего профессионального образования за полный месяц;
      1,5 минимальной заработной платы для выпускников высших учебных заведений за полный месяц.
      4. Постановление Глубоковского районного акимата от 24 декабря 2007 года № 629 «О мерах по социальной защите целевых групп населения» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 18 января 2008 года № 5-9-74, опубликованное в районной газете «Огни Прииртышья» 15 февраля 2008 года № 7) признать утратившим силу.
      5. Постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      6. Контроль за выполнением данного постановления возложить на заместителя акима Глубоковского района Пономареву М.Н.

      Аким Глубоковского района                В. Кошелев

Утверждена
постановлением Глубоковского
районного акимата
от 1 июля 2009 года № 221

ИНСТРУКЦИЯ
ПО ОРГАНИЗАЦИИ И ФИНАНСИРОВАНИЮ СОЦИАЛЬНЫХ РАБОЧИХ МЕСТ

1. ОБЩИЕ ПОЛОЖЕНИЯ

      1. Настоящая инструкция по организации и финансированию социальных рабочих мест (далее Инструкция) определяет организацию и финансирование социальных рабочих мест для трудоустройства безработных и незанятого населения из целевых групп, регулирует основные условия и систему расчетов с организациями (независимо от форм собственности), которые предоставят социальные рабочие места.
      2. Основные понятия, используемые в настоящей Инструкции:
      социальное рабочее место - рабочее место, создаваемое работодателем на договорной основе с местным исполнительным органом, для трудоустройства безработных из целевых групп с частичной компенсацией затрат работодателя на оплату их труда.
      Сноска. абзац 1 пункта 2 в редакции постановления Глубоковского районного акимата от 17.08.2009 № 281 (порядок введения в действие см. п. 2).
      целевые группы – группы лиц, установленные Законом «О занятости населения», испытывающие затруднения в трудоустройстве и требующие социальной защиты.
      3. Настоящая Инструкция разработана в соответствии со статьями 45 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения».
      4. На граждан, трудоустроенных на социальные рабочие места, распространяются законодательные акты Республики Казахстан о труде, пенсионном обеспечении и страховании.

2. ОРГАНИЗАЦИЯ И ТРУДОУСТРОЙСТВО НА СОЦИАЛЬНЫЕ РАБОЧИЕ МЕСТА

      5. Социальные рабочие места определяются работодателями с финансированием из собственных средств и частичной компенсацией затрат на оплату труда граждан, принятых на эти рабочие места из средств местного бюджета.
      6. Исключен постановлением Глубоковского районного акимата от 19.02.2010 № 487 (порядок введения в действие см. п. 2).
      7. Частичная компенсация затрат на оплату труда принятых на социальные рабочие места граждан осуществляется уполномоченным органом по вопросам занятости (далее ГУ «Отдел занятости и социальных программ Глубоковского района») в соответствии с договором.
      8. Подбор безработных и незанятого населения для трудоустройства на социальные рабочие места производится ГУ «Отдел занятости и социальных программ Глубоковского района» из целевых групп.
      9. Работодатель трудоустраивает безработных и лиц из числа незанятого населения на «Социальные рабочие места» по направлению ГУ «Отдел занятости и социальных программ Глубоковского района», заполняет отрывной талон направления и передает в его адрес.
      10. При приеме граждан на социальное рабочее место работодатель заключает с ним трудовой договор на срок, оговоренный договором с ГУ «Отдел занятости и социальных программ Глубоковского района» в соответствии с Трудовым кодексом Республики Казахстан.

3. ИСТОЧНИКИ И УСЛОВИЯ ФИНАНСИРОВАНИЯ СОЦИАЛЬНЫХ РАБОЧИХ МЕСТ

      11. Оплата труда безработных и незанятого населения из целевых групп принятых на социальные рабочие места, осуществляется работодателем ежемесячно из собственных средств в соответствии с условиями индивидуального трудового договора и зависит от количества, качества и сложности выполняемой работы.
      12. Расходы работодателей на оплату труда безработных и незанятого населения из целевых групп, трудоустроенных на социальные рабочие места, частично возмещаются из средств местного бюджета в размере 0,8 минимальной заработной платы на срок не более шести месяцев на основании справки, представленной работодателем в ГУ «Отдел занятости и социальных программ Глубоковского района», в которой указывается количество дней, отработанных безработным в данном месяце.
      Дотацию по оплате труда безработным и лицам из числа незанятого населения из целевых групп за счет средств местного бюджета ГУ «Отдел занятости и социальных программ Глубоковского района» перечисляет на расчетные счета работодателей.
      13. Заработная плата, выплачиваемая безработным и незанятым из целевых групп, трудоустроенным на социальные рабочие места, облагается налогом в установленном законодательством порядке.
      14. Оплата труда безработных и незанятого населения из целевых групп, трудоустроенных на социальные рабочие места, производится за фактически выполненный объем.
      15. Ответственность за нецелевое использование бюджетных средств, предназначенных для частичной компенсации затрат на оплату труда безработных и незанятого населения из целевых групп, поступивших на расчетный счет предприятия, несет работодатель.

4. КОНТРОЛЬ ЗА ОРГАНИЗАЦИЕЙ И ФИНАНСИРОВАНИЕМ СОЦИАЛЬНЫХ
РАБОЧИХ МЕСТ

      16. Контроль за соблюдением Инструкции по организации и финансированию социальных рабочих мест осуществляется государственными органами в установленном законодательством порядке.

Утверждена
постановлением Глубоковского
районного акимата
от 1 июля 2009 года № 221

Инструкция
по возмещению затрат на проезд, питание, проживание и
медицинское освидетельствование безработных и незанятых граждан
из целевых групп, направленных на профессиональное обучение

      Настоящая инструкция по возмещению затрат на проезд, питание, проживание и медицинское освидетельствование безработных и незанятых граждан из целевых групп, направленных на профессиональное обучение (далее Инструкция) разработана в соответствии с Законом Республики Казахстан «О занятости населения» от 23 января 2001 года № 149-II и Правилами организации и финансирования профессиональной подготовки, повышения квалификации и переподготовки безработных, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2001 года № 836 и другими законодательными актами.

1. Общие положения

      1. Основные понятия, используемые в настоящей Инструкции:
      1) заявитель-безработный или незанятый гражданин из целевых групп, направленный на профподготовку и обратившийся за возмещением затрат.
      2) возмещение затрат - частичная или полная оплата проезда, питания, проживания и медицинского освидетельствования заявителю.
      3) незанятый гражданин из целевых групп – гражданин, обратившийся в ГУ «Отдел занятости и социальных программ Глубоковского района» в трудоспособном возрасте, не относящийся к занятому населению, входящий в целевые группы, определенные местными исполнительными органами.
      2. Возмещение затрат на проживание, питание, проезд к месту учебы и обратно в пределах области производится заявителю, обучающемуся не по месту жительства.
      3. Возмещение затрат на проживание, питание, медицинское освидетельствование, проезд к месту учебы и обратно в пределах области заявителю осуществляет ГУ «Отдел занятости и социальных программ Глубоковского района».
      4. Возмещение затрат на медицинское освидетельствование производится заявителем, направленным на обучение по профессиям, требующим определения профпригодности и оплачивается независимо от результатов.
      5. Медицинское освидетельствование заявители проходят по направлению ГУ «Отдел занятости и социальных программ Глубоковского района» в медицинских учреждениях района.
      6. Возмещение затрат заявителю осуществляется с момента предоставления документов, но не позднее одного месяца со дня окончания обучения.
      7. Право на возмещение затрат имеют безработные и незанятые граждане из целевых групп, официально зарегистрированные в ГУ «Отдел занятости и социальных программ Глубоковского района» и направленные на профессиональную подготовку, переподготовку и повышение квалификации.

2. Обращение за получением возмещения затрат

      8. Заявитель подает письменное заявление в ГУ «Отдел занятости и социальных программ Глубоковского района» и представляет необходимые документы.
      9. Заявитель несет ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан за полноту и достоверность сведений, указанных в заявлении и документах.

3. Перечень необходимых документов

      10. Документами для получения возмещения затрат являются:
      1) письменное заявление с указанием номера лицевого счета в банке по месту жительства.
      2) авансовый отчет с приложениями:
      а) проездных документов по железнодорожному транспорту, пассажирскому автотранспорту (кроме такси), либо справка организации, осуществляющей указанные виды перевозок, о стоимости проезда.
      б) платежного документа о прохождении медицинского освидетельствования.
      3) копия приказа о начале и окончании учебных занятий.

4. Размер возмещения затрат

      11. Полное возмещение затрат производится при наличии подтверждающих документов:
      1) за медицинское освидетельствование - стоимость обследования.
      2) за проезд к месту обучения и обратно в пределах региона (области, района) - стоимость проезда.
      12. Частичное возмещение затрат на проживание производится в следующих размерах:
      1) при проживании иногородних заявителей во время обучения в городах Усть-Каменогорск, Семипалатинск в общежитии - по представленным платежным документам, но не более 6 месячных расчетных показателей в месяц. При проживании в арендованных жилых помещениях - не более 6 месячных расчетных показателей.
      2) при проживании в общежитии иногородних заявителей в других населенных пунктах - по представленным документам,но не более 4-х месячных расчетных показателей в месяц. При проживании в арендованных жилых помещениях - не более 4-х месячных расчетных показателей в месяц.
      13. Возмещение затрат на питание для обучающихся в городах Усть-Каменогорск, Семипалатинск производится в размере не более 6-и месячных расчетных показателей в месяц, в остальных населенных пунктах в размере не более 4-х месячных расчетных показателей в месяц.

5. Выплата возмещения затрат

      14. Выплата возмещения затрат осуществляется за счет средств местного бюджета, предусмотренных на выполнение Плана по реализации комплексных мероприятий, направленных на совершенствование системы занятости населения на 2008-2010 годы.
      15. Выплата частичного возмещения затрат на проживание производится по окончании обучения или ежемесячно.
      16. Выплата возмещения затрат на питание производится ежемесячно.
      17. Выплата полного возмещения затрат на медицинское освидетельствование и на проезд к месту обучения и обратно в пределах региона (области, района) производится в течение месяца с момента предъявления документов.
      18. Выплата полного или частичного возмещения затрат осуществляется в денежной форме путем перечисления на лицевой счет заявителю или во вклады ВКО ОФ АО Казпочта Глубоковского РУПС.