Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Глубокое ауданы әкімдігінің 2012.02.27 N 81 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы»» Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу мақсатында, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландырудың ұсынылған Нұсқаулығы бекітілсін.
2. Кәсіби оқытуға жолданған жұмыссыздардың және нысаналы топтардағы жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің ұсынылған Нұсқаулығы бекітілсін.
3. «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бастығына (С.А. Дударева):
1) кәсібі бойынша орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарын бітірген, жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыз жастардың арасында қолдау шараларын ұйымдастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жұмысқа орналасуға жәрдем жасасын;
2) жұмыссыздарға – кәсіби оқу орындарының түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға ниет білдірген жұмыс берушілермен жастар арасында қолдау көрсету аясында жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыруға келісім шарт жасасын;
3) жастарды тәжірибесіне қатыстыру үшін оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектерді іріктеу жүргізілсін. Іріктеудің талаптары төмендегідей:
жұмыссыз ретінде «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ тіркеуде тұрған;
қатысушыларды іріктеу кезеңінде олар үшін қолайлы жұмыстың болмауы;
жасы қоса алғанда 24-ке дейін.
4) жастарды қолдау шараларын ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру 002 "Жұмыспен қамту" бағдарламасы 102 "Жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары" шағын бағдарламасы бойынша қарастырылған Глубокое ауданы бюджеті қаражаты есебінен жүргізілсін;
5) қатысушылардың еңбек ақысы мына кескінде жүргізілсін:
толық айға бастауыш және орта кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектері үшін 1,2 ең төменгі жалақы;
толық айға жоғары оқу орындары түлектері үшін 1,5 ең төменгі жалақы.
4. Глубокое аудандық әкімдіктің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 629 «Халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау шаралары туралы» (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік Тізілімінде 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 5-9-74 тіркелген, 2008 жылғы 15 ақпандағы аудандық «Огни Прииртышья» газетінің № 7 санында жарияланған) қаулының күші жойылған деп танылсын.
5. Қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары М.Н. Пономареваға жүктелсін.
Глубокое ауданының әкімі В. Кошелев
Глубокое ауданы әкімдігінің
1 шілдедегі 2009 жылғы № 221
қаулысымен бекітілген
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Осы Нұсқаулық жұмыссыздарды және халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды және қаржыландыруды белгілейді, негізгі жағдайларды және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелермен (меншік түріне қарамастан) есеп айырысу жүйесін реттейді.
2. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:
Ескерту. 2 тармақтың 1 азат жолы жаңа редакцияда - Глубокое ауданы әкімдігінің 2009.08.17 № 281 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
жұмыс берушінің жұмысшылардың еңбегін жартылай өтеумен нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органдармен келісім шарт негізінде жұмыс берушімен құрылған әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс орны.
нысаналы топтар – «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен, жергілікті атқарушы органдармен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындықтар көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды талап ететін адамдардың топтары.
3. Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 4, 5-баптарына сәйкес әзірленді.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан азаматтарға Қазақстан Республикасындағы еңбек, зейнетақымен қамту және сақтандыру жөніндегі заңнамалық актілері қолданысқа жатады.
2. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ
ҰЙЫМДАСТЫРУ
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын өз қаражатынан қаржыландыру және осы жұмыс орнына алынған азаматтардың еңбек ақысы жергілікті бюджеттен бөлшемді өтеуімен жұмыс берушімен белгіленеді.
6. Алынып тасталды - Глубокое аудандық әкімдігінің 2010.02.19 № 487 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
7. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған азаматтардың еңбек төлемінің бөлшемді өтелуі шартқа сәйкес жұмыспен қамту мәселесі жөнінде уәкілетті органдармен (одан әрі «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ) жүзеге асырылады.
8. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін нысаналы топтардағы жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмағандардың іріктеуін «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жүргізеді.
9. Жұмыс беруші жұмыссыздарды және жұмыспен қамтылмаған адамдарды «Әлеуметтік жұмыс орындарына» «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырады, жолдаманың үзінді талонын толтырып, оны жұмыспен қамту орталығының мекен жайына жібереді.
10. Азаматтарды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдаған кезде жұмыс беруші онымен Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңына сәйкес «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ келісілген мерзімге еңбек шартын (контракт) жасайды.
3. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ
11. Әлеуметтік жұмыс орнына нысаналы топтан қабылданған жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемі ай сайын жұмыс берушімен өз қаражаттарынан жеке еңбек шартының жағдайларына сәйкес және орындалатын жұмыстың көлеміне, сапасына және қиындығына байланысты жүргізіледі.
12. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орнына нысаналы топтардан орналасқан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемінің шығындары бөлшемді түрде жергілікті бюджет қаражаттарынан 0,8 ең төменгі жалақы мөлшерінде мерзімі алты айдан аспайтын жұмыс берушімен «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ұсынған жұмыссыздардың осы айда жұмыс істеген күндері көрсетілген анықтаманың негізінде өтелінеді.
Нысаналы топтардағы жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған адамдардың еңбек төлемі бойынша дотацияны жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар жұмыспен қамту бағдарламасы есебінен жұмыс берушілердің есеп шотына жібереді.
13. Әлеуметтік жұмыс орындарына нысаналы топтардан жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмағандардың төленетін еңбек төлеміне заңнамада белгіленген тәртіп бойынша салық салынады.
14. Әлеуметтік жұмыс орнына нысаналы топтардан орналасқан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемі нақтылы орындалған жұмыс көлеміне жасалады.
15. Кәсіпорынның есеп шотына түскен нысаналы топтардағы жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемінің шығынын бөлшемді өтеу үшін бюджетте қаралған қаражаттарды өзгеше пайдаланғаны үшін жұмыс беруші жауапты.
4. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА
БАҚЫЛАУ ЖАСАУ
16. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Нұсқаулығын сақтауға бақылау жасау заңнамада белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.
Глубокое аудандық әкімдіктің
1 шілдедегі 2009 жылғы № 221
қаулысымен бекітілген
Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыздардың және нысаналы
топтардағы жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру,
тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу
НҰСҚАУЛЫҒЫ
Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыздардың және нысаналы топтардағы жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу нұсқаулығы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19-маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережелеріне және өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес әзірленді.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) өтініш беруші - кәсіби даярлыққа жіберілген және шығындарын өтеуге өтініш берген жұмыссыз немесе нысаналы топтардағы жұмыспен қамтылмаған азамат;
2) шығындарды өтеу - өтініш берушінің жол жүруіне, тамақтануына, тұруына және медициналық куәландыруына жартылай немесе толық төлеу;
3) нысаналы топтардағы жұмыспен қамтылмаған азамат – «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ өтініш берген жұмысқа жарамды жастағы, жұмыспен қамтылған халықтың санына жатпайтын, жергілікті атқарушы органдар белгілеген нысаналы топқа енгізілген азамат.
2. Облыс шегінде тұруға, оқу орнына барып, қайта қайтуға арналған шығындарды өтеу тұратын жерінде оқитын өтініш берушіге жүргізіледі.
3. Облыс шегінде тұру, медициналық куәландыру, оқу орнына барып қайта қайту шығындарының өтеуін «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жүргізеді.
4. Дәрігерлік куәландыру шығындарының өтелуі кәсіби даярлықты белгілеуді талап ететін мамандықтар бойынша оқытуға жіберілген өтініш берушілерге жүргізіліп нәтижесіне қарамастан төленеді.
5. Өтініш берушілер дәрігерлік куәландыруды «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жолдамасы бойынша өтеді.
6. Өтініш берушілердің шығындарының өтелуі құжаттарды ұсынған күннен бастап, бірақ оқу аяқталған күннен бір ай кешіктірмей жүргізіледі.
7. «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ресми тіркелген және кәсіби даярлыққа, біліктілікті арттыру мен қайта даярлыққа жіберілген жұмыссыз, сондай-ақ нысаналы топтардағы жұмыспен қамтылмаған азаматтар шығындарды өтеу құқығына ие болады.
2. ШЫҒЫНДАРДЫҢ ӨТЕУІН АЛУҒА ӨТІНІШ БЕРУ
8. Өтініш беруші «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жазбаша түрде өтініш береді және қажетті құжаттарды ұсынады.
9. Өтініш пен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен сенімділігі үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш берушіге жүктеледі.
3. ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ
10. Шығындардың өтеуін алу үшін қажетті құжаттар:
1) тұратын жері бойынша банктегі жеке шотының нөмірі көрсетілген жазбаша өтініш;
2) қосымшалармен бірге аванстық есептер:
теміржол көлігімен, жолаушы автокөлігімен (таксиден басқа) жол жүру құжаттары немесе жол жүрудің құны туралы аталған тасымалды түрлерімен айналысатын мекеменің анықтамасы;
Медициналық куәландыруды өткені жөніндегі төлем құжаты.
3) оқу сабақтарының басталуы және аяқталуы туралы бұйрықтың көшірмесі.
4. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУДІҢ МӨЛШЕРІ
11. Шығындардың толық өтелуі:
1) құжаттармен расталған медициналық куәландырудың құны үшін;
2) құжаттармен расталған өңір (облыс, аудан) шегіндегі оқу орнына барып қайта қайту жол жүру құны үшін;
12. Тұру шығындарының жартылай өтелуі мынадай мөлшерде жүргізіледі:
1) өзге жерден келген өтініш берушілер Өскемен, Семей қалаларында оқып жатақханаларда тұрған уақытта – ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айында 6 айлық есептік көрсеткіштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда – айында 6 айлық есептік көрсеткіште.
2) өзге жерден келген өтініш берушілер басқа тұрғын жерлерде оқып жатақханаларда тұрған уақытта – ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айында 4 айлық есептік көрсеткіштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда – айында 4 айлық есептік көрсеткіште.
13. Өскемен және Семей қалаларында оқитындар үшін тамақтану шығындарының өтелуі айына 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, өзге елді мекендерде айына 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.
5. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ ТӨЛЕМДЕРІ
14. Шығындарды өтеудің төлемі 2008-2010 жылдары Халықты жұмыспен қамту жүйесін дамытуға бағытталған шараларды іске асыру бойынша Жоспардың орындалуына қарастырылған жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен жүргізіледі.
15. Тұру шығындарын жартылай өтеудің төлемі оқудың аяқталуы бойынша немесе ай сайын жүргізіледі.
16. Тамақтану шығындарын өтеу төлемі ай сайын жүргізіледі.
17. Медициналық куәландыру мен өңір шегіндегі (облыс, аудан) оқу орнына барып қайта қайту жолына арналған шығындардың толық өтелуінің төлемі құжаттар ұсынған кезден бір ай ағымында жүргізіледі.
18. Өтініш берушіге өтелу шығындардың толық немесе жартылай төлемі ақшалай түрде жеке шотқа түсіру жолымен немесе ШҚО ОФ Қазпошта АҚ Глубокое АПБЖ салымы арқылы жүзеге асырылады.