Халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау шаралары туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 629 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 18 қаңтарда № 5-9-74 тіркелді. Күші жойылды - Глубокое аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 1 шілдедегі N 221 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Глубокое аудандық әкімдігінің 2009.07.01 N 221 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 149-II «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу мақсатында, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландырудың ұсынылған Ережелері бекітілсін.
      2. Кәсіби оқытуға жолданған жұмыссыздардың және нысаналы топтардағы жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің ұсынылған Ережелері бекітілсін.
      3. «Жастар іс-тәжірибесін» ұйымдастыру ережелері бекітілсін.
      4. Глубокое аудандық әкімдігінің 2005 жылғы 15 ақпандағы № 993 «Халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау шаралары туралы» 2005 жылғы 25 ақпандағы тіркеу нөмірі 2199 нормативтік - құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде тіркелген («Огни Прииртышья» аудандық газетінің 2005 жылғы 01 наурыздағы № 9 санында жарияланған) қаулының күші жойылған деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары В.В. Лаптевке жүктелсін.
      6. Қаулы ресми жарияланған бірінші күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Глубокое ауданының әкімі     Д. Бейсембаев

Глубокое аудандық әкімінің
24 желтоқсан 2007 ж. № 629
қаулысымен бекітілсін

ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ НҰСҚАУЛЫҒЫ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Осы Нұсқаулық жұмыссыздарды және халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін белгілейді, негізгі жағдайларды және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелермен (меншік түріне қарамастан) есеп айырысу жуйесін реттейді.
      2. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:
      - әлеуметтік жұмыс орыны - облыстық бюджет қаражаттары есебінен жұмысқа алынған жұмысшылардың еңбек ақысына жұмсалған шығынды бөлшемді өтеумен халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарды бар кәсібі мен мамандығына сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен ұсынылған жұмыс орыны.
      - нысаналы топтар - «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен, жергілікті атқарушы органдармен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындықтар көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды талап ететін адамдардың топтары.
      З. Осы ережелер Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 4, 5 - баптарына сәйкес әзірленді.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан азаматтарға Қазақстан Республикасындағы еңбек, зейнетақымен қамту және сақтандыру жөніндегі заңнамалық актілері қолданысқа жатады.

2. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ

      5. Әлеуметтік жұмыс орындарын өз қаражатынан қаржыландыру және осы жұмыс орнына алынған азаматтардың еңбек ақасы жергілікті бюджеттен бөлшемді өтеуімен жұмыс берушімен белгіленеді.
      6. Жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілердің жазбаша келісімі бойынша мекемелердің (кәсіпорындардың) тізбесін және оған нысаналы топтардағы жұмыспен қамтылмағандарды және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарының санын белгілейді.
      7. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған азаматтардың еңбек төлемінің бөлшемді өтелуі шартқа сәйкес жұмыспен қамту мәселесі жөнінде уәкілетті органдармен (одан әрі «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ) жүзеге асырылады.
      8. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін нысаналы топтардағы жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмағандардың іріктеуін «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жүргізеді.
      9. Жұмыс беруші жұмыссыздарды және жұмыспен қамтылмаған адамдарды «Әлеуметтік жұмыс орындарына» «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырады, жолдаманың үзінді талонын толтырып, оны жұмыспен қамту орталығының мекен жайына жібереді.
      10. Азаматтарды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдаған кезде жұмыс беруші онымен Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңына сәйкес «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ келісілген мерзімге еңбек шартын (контракт) жасайды.

З.ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ

      11. Әлеуметтік жұмыс орнына нысаналы топтан қабылданған жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемі ай сайын жұмыс берушімен өз қаражаттарынан жеке еңбек шартының жағдайларына сәйкес және орындалатын жұмыстың көлеміне, сапасына және қиындығына байланысты жүргізіледі.
      12. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орнына нысаналы топтардан орналасқан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемінің шығындары бөлшемді түрде жергілікті бюджет қаражаттарынан 0,8 ең төменгі жалақы мөлшерінде мерзімі алты айдан аспайтын жұмыс берушімен «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ұсынған жұмыссыздардың осы айда жұмыс істеген күндері көрсетілген анықтаманың негізінде өтелінеді.
      Нысаналы топтардағы жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған адамдардың еңбек төлемі бойынша дотацияны жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар жұмыспен қамту бағдарламасы есебінен жұмыс берушілердің есеп шотына жібереді.
      13. Әлеуметтік жұмыс орындарына нысаналы топтардан жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың және жұмыспен қаматылмағандардың төленетін еңбек төлеміне заңнамада белгіленген тәртіп бойынша салық салынады.
      14. Әлеуметтік жұмыс орнына нысаналы топтардан орналасқан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемі нақтылы орындалған жұмыс көлеміне жасалады.
      15. Кәсіпорынның есеп шотына түскен нысаналы топтардағы жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемінің шығынын бөлшемді өтеу үшін бюджетте қаралған қаражаттарды өзгеше пайдаланғаны үшін жұмыс беруші жауапты.

4. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТӘРТІБІНЕ БАҚЫЛАУ ЖАСАУ

      16. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерін сақтауға бақылау жасау заңнамада белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.

      «Глубокое ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» ММ басшысы                    М. Пономарева

Глубокое аудандық әкімдіктің
24 желтоқсан 2007 ж. № 629
қаулысымен бекітілген

«Жастар іс - тәжірибесін» ұйымдастыру жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1.1. «Жастар іс - тәжірибесін» ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының жұмыссыз түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіншіліктерін кеңейту және олардың тәжірибе, білім, іскерлік пен дағды алу мақсатында әзірленді.
      1.2. Осы нұсқаулық «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23- қаңтардағы № 149-II Заңының 4, 5, 7, 9,12 - баптарына сәйкес әзірленді
      1.3. Нұсқаулық бастапқы жұмыс тәжірибесін алу, жұмысқа орналасу және еңбек нарығындағы бәсекелестікке төтеп беру қабілеттілігін арттыру үшін мүмкіндіктер туғызу жөнінде жұмыспен қамту қызметінде тіркелген бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарын бітірген жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мәселе бойынша уәкілетті органдардың (одан әрі «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ) жұмыс бағыттарының бірін айқындайды.
      «Жастар іс тәжірибесі» меншік түріне қарамастан мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда (одан әрі «Жұмыс беруші» деп аталатын) ұйымдастырылып өткізіледі. «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Жұмыс берушімен» келісім-шарт негізінде бірлесіп әрекет жасайды.
      1.4. «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтк бағдарламалар бөлімі» ММ «Жастар іс - тәжірибесіне» жіберу үшін еңбек нарығындағы жағдайды және жұмыссыз жастардың құрамын есепке ала отырып оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектер есебін анықтайды.

2. «ЖАСТАР ІС-ТӘЖІРИБЕСІН» ҰЙЫМДАСТЫРУ

      2.1 «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жастарды жұмыспен қамту саласында өңірдегі еңбек нарығындағы жағдайды талдау негізінде «Жастар іс - тәжірибесін» өткізу жөнінде шешім қабылдайды.
      Шешім қабылдарда келесі негізгі өлшемдер есепке алынады:
      оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектер саны және олардың жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздардың жалпы санындағы үлесі;
      жастар арасындағы ұзақ уақыт жұмыс істемеген түлектердің санының өсуі;
      бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындары түлектерінің еңбек өтілі, алған мамандығы бойынша дағдыларының жоқтығы.
      2.2. «Жастар іс - тәжірибесін» өткізу жөніндегі шешімді қабылдағаннан кейін «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қаржылық-экономикалық жағынан тұрақты, одан әрі даму және өндірісін кеңейтуге болашағы бар, жұмыс орындарында еңбек жағдайы бар, «Жастар іс тәжірибесіне» қатысушылар үшін әлеуетті жұмыс беруші бола алатын мекемелер жөнінде ақпараттар жинау жұмыстарын жүргізеді.
      Сонымен қоса «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы «Жастар іс - тәжірибесін» өткізу жағдайлары және мекеменің негізгі қағида жөнінде ақпарат береді.
      2.3. Кәсіпорындар жөнінде жиналған ақпаратты қорыту және талдау негізінде «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Жастар іс тәжірибесіне» қатыстыру үшін оқу орындарын бітірген жұмыссыз түлектерді іріктейді. Іріктеу өлшемдері келесідегілер болуы мүмкін:
      жұмыссыз ретінде «Жұмыспен қамту орталығында» есепте тұрады;
      қатысушыларды іріктеу кезеңінде олар үшін қолайлы жұмыстың болмауы;
      жасы қоса алғанда 24-ке дейін.
      «Жастар іс тәжірибесіне» тек қана жұмыссыздың келісімімен 4 ай мерзіміне дейін жіберіледі.
      2.4. «Жастар іс - тәжірибесін» өткізуді «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жергілікті атқарушы органдармен, жастар істері жөніндегі комитеттермен және жастарды жұмысқа орналастыруға ынталанған басқа мекемелермен бірлесіп ұйымдастырады.
      2.5. Жұмыссыз түлектерді уақытша жұмысқа қабылдауға келісім берген кәсіпорындармен «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ келісім-шарт жасайды.
      Келісім-шарт жұмысқа қабылданатын азаматтар санын, «Жұмыс беруші» жұмыссыз жастарды жұмысқа алатын мамандықтар (кәсіптер) бойынша тізімді, «Жастар іс - тәжірибесіне» қатысушыларды мамандыққа сәйкес кәсіби білімі мен дағдысын қамтамасыз етуді қарайды.
      2.6. «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жасасқан келісім-шартқа сәйкес «Жастар іс -тәжірибесі» белгісі бар жолдамамен жұмыссызды мекемеге жібереді.
      «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жасасқан шарт шеңберінде, жұмыссызды нақты жұмыс орнына алу жөніндегі шешімді «Жұмыс беруші» қабылдайды. «Жұмыс беруші» жолдаманың үзінді түбіртегін толтырып «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мекенжайына жібереді.
      2.7. Жұмыссызды уақытша жұмысқа алу жөніндегі шешім қабылдаған жағдайда «Жұмыс беруші» Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен» ММ келісім - шартта ескертілген мерзімге онымен еңбек келісім-шартына (контрактқа) отырады. Жастар іс-тәжірибесінің басталуы алдында жұмыс беруші қажеттілікке байланысты жұмыссызды жұмыс орнына жіберуге міндетті қосымша курстық даярлықты өткізеді.
      2.8.«Жұмыс беруші» жұмыссызды жұмысқа орналастырғанда «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жұмысқа қабылдаған кезден 3 күн асырмай еңбек келісім-шартының көшірмесі қосылған уақытша жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрықтың көшірмесін ұсынады.
      2.9.«Жастар іс - тәжірибесіне» қатысушы еңбек заңнамасын бұзған жағдайда «Жұмыс беруші» бір жақтылық тәртіпте келісім-шартты бұзуға құқылы.
      2.10. «Жұмыс берушінің» ықыласы бойынша жұмыссызбен келісім-шарт бұзылғанда жұмыс беруші «Жастар іс - тәжірибесінің» аяқталғаны және «Жастар іс - тәжірибесі» қатысушысының жұмыстан босағаны жөнінде 3 күн мерзімінде «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ақпарат береді.
      Кәсіпорыннан жұмыстан босатылу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жүргізіледі.
      Жұмыссыз «Жастар іс - тәжірибесіне» қатысуының доғарылуы жөнінде өзі шешім қабылдауына болады, ол туралы «Жұмыс берушіге» және «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 3 күн мерзімінде хабардар етеді.
      2.11. Келісім - шарттың мерзімі өткеннен кейін «Жұмыс беруші» «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» ММ азаматтың еңбек келісім-шарты (контракт) бойынша жұмысқа қабылданғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін немесе оның кәсіпорындағы жұмыстан босатылуы туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.
      2.12. «Жұмыс берушінің» шешімі бойынша жұмыссыз «Жастар іс -тәжірибесін» өту мерзімінің аяқталуына дейін тұрақты жұмыс орнына орналаса алады. Онда «Жұмыс беруші» «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Жастар іс -тәжірибесіне» қатысушының еңбек-келісім шарты бойынша (контракт) жұмысқа алынғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін жібереді.
      2.13. «Жұмыс беруші» шарт мерзімінің аяқталғаннан кейін оған қатысушының «Жастар іс - тәжірибесін» өткені туралы мінездеме ұсынады.
      2.14. Осы немесе басқа кәсіпорындарға тұрақты (уақытша) жұмыс орнына жұмысқа орналаспаса «Жастар іс - тәжірибесінің» аяқталуы бойынша жұмыссыз ретінде «Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ есепте тұруын жалғастырады.

3. «ЖАСТАР ІС-ТӘЖІРИБЕСІН» ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

      3.1. «Жастар іс - тәжірибесін» қаржыландыру жұмыспен қамту бағдарламасын орындалуға бекітілген шығыстар сметасына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      3.2. Маманды жұмыс орнына жіберуге қажетті қосымша курстық даярлықтың төлемі жұмыспен қамту бағдарламасында жұмыссыздардың кәсіби даярлығына қаралған қаржаттар есебінен жүргізіледі.
      3.3. «Жастар іс тәжірибесіне» қатысушының еңбек төлемі келесі мөлшерде жүргізіледі:
      толық айға бастауыш және орта кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектері үшін 1,2 ең төменгі жалақы;
      толық айға жоғары оқу орындары түлектері үшін 1,5 ең төменгі жалақы.
      3.4.«Жұмыс беруші» «Жастар іс - тәжірибесінің» қатысушысына өз қаражаты есебінен қосымша төлем жасай алады.
      3.5.«Жастар іс - тәжірибесі» қатысушылардың еңбек төлемі «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ олардың жеке шоттарына қаражат аудару жолымен жүргізіледі.
      3.6.«Жастар іс - тәжірибесіне» қатысушы жұмыссыздарға есептелген еңбек ақыға қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес салық салынады.

      «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» ММ басшысы                     М. Пономарева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады