Ескерту. Күші жойылды - Зырян ауданы әкімдігінің 2011.05.25 N 495 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2008-2010 жылдарға арналған Зырян ауданы тұрғындарын жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, еңбек нарығындағы жағдайдың және жұмыспен қамту аясында қосымша мемлекеттік кепілдемені қамтамасыз ету есебімен жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын іске асыру мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасын, «Халықты жұмыспен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының, 7 бабының 2 тармақшасын басшылыққа ала отырып, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылға арналған Зырян ауданы тұрғындарының келесі мақсатты тобы анықталсын:
1) аз қамтылғандар;
2) жиырма төрт жасқа дейінгі жастар;
3) жиырма төрт жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиеленушілері, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім-балалар мен балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелейтін жалғыз басты көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының белгіленген заңнама тәртібінде үнемі күтім мен қадағалауды қажет ететін тұлғаларға қарайтын азаматтар;
6) 50 жастан асқан тұлғалар;
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарынан босатылған тұлғалар;
9) бас бостандығынан айырылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар;
10) оралмандар;
11) мектептерді, кәсіби оқу орындарын, жоғарғы оқу орындарын бітірген түлектер;
12) заңды тұлғадағы жұмыс берушілердің жойылуына немесе жеке тұлғадағы жұмыс берушілердің жұмыстарының аяқталуына, санын және штаттағы жұмысшыларды қысқартуға байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар;
13) АИТВ-инфицированды, есірткіге құмар азаматтар;
14) өндірісті ұйымдастырудың өзгеруіне, соның ішінде қайта ұйымдастыру және (немесе) жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс күні режимінде жұмыс істейтіндер;
15) еңбекақысы сақталмайтын демалыстағы адамдар;
16) жазғы каникул уақытындағы студенттер;
17) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін тұлғалар.
2. «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Р.З. Оспанова)
1) тұрғындардың мақсатты тобына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамту жөніндегі шаралар қабылдасын;
2) тұрғындардың мақсатты тобына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға ықпал көрсетсін.
3. Күші жойылды деп есептелсін:
1) "2009 жылға арналған Зырян ауданының мақсатты тобын анықтау туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 307 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 5-12-82 тіркелген, 2009 жылдың 4 маусымындағы № 22 "День за днем" газетінде жарияланған).
2) "2009 жылға арналған Зырян ауданының мақсатты тобын анықтау туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 307 қаулысына қосымшалар енгізу туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылдың 9 маусымындағы № 45 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 5-12-89 тіркелген).
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау әкім орынбасары Э.Я. Гейгерге жүктелсін.
5. Аталған қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күннен соң күшіне енеді.
Зырян ауданының әкімі Р. Мусин