Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Зырян ауданы әкімдігінің 2012.01.05 N 07-02/0005 хаты).
Еңбек нарығындағы жағдайдың және жұмыспен қамту аясында қосымша мемлекеттік кепілдемені қамтамасыз ету есебімен жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын іске асыру мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасын, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының, 7-бабының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылға арналған Зырян ауданы тұрғындарының келесі мақсатты топтары анықталсын:
1) табысы аз адамдар;
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады;
13) жиырма төрт жасқа дейінгі жастар;
14) 50 жастан асқан тұлғалар;
15) мектептерді, кәсіби оқу орындарын, жоғары оқу орындарын бітірген түлектер;
16) АИТВ-инфицированды, есірткіге құмар азаматтар;
17) жазғы каникул уақытындағы студенттер;
18) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін тұлғалар.
2. «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Р.З. Оспанова):
1) тұрғындардың мақсатты тобына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамту жөніндегі шаралар қабылдасын;
2) тұрғындардың мақсатты тобына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға ықпал көрсетсін.
3. «2010 жылға арналған Зырян ауданындағы мақсатты топты анықтау туралы» Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 08 желтоқсандағы № 362 қаулысының күші жойылды деп есептелсін (№ 5-12-100 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Реестріне тіркелген, 2010 жылғы 04 ақпандағы № 5 "Заря Востока" газетінде жарияланған).
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау әкім орынбасары Қ.Ш. Ерембесовке жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күннен соң бастап күшіне енеді.
Зырян ауданының әкімі Е. Сәлімов