Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 07.12.2018 № 21-8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) 495-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 495-бабының 2- тармағындағы тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін және 6-тармағының 1.2 жолындағы қауіптілік деңгейін ескере отырып, өнеркәсіптік қалдықтар орналастырғаны үшін ставкалары 2 есеге арттырылсын.
2. Алып тасталды – Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 01.06.2017 № 10-16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының ставкалары туралы" 2008 жылғы 26 ақпандағы N 6–9 (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Реестрінде N 3001 тіркелген, облыстық "Орал Өңірі" газетінде 2008 жылғы 13 наурызда N 31 жарияланған) шешімінің, облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 16 мамырдағы N 7-5 "Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының ставкалары туралы" 2008 жылғы 26 ақпандағы N 6-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Реестрінде N 3007 тіркелген, облыстық "Орал Өңірі" газетінде 2008 жылы 19 маусымда N 70 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқық қатынастарға таратылады.
Сессия төрағасы |
Облыстық мәслихаттың хатшысы |