Батыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 21-8 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 21 желтоқсанда № 5452 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 07.09.2022 № 13-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер ету үшiн төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 07.09.2022 № 13-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 ақпандағы №11-14 "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының ставкалары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде №3021, 2009 жылғы 3 наурыздағы "Орал өңірі" газетінде жарияланған) және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 1 маусымдағы №10-16 "Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 ақпандағы №11-14 "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының ставкалары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде №4827 тіркелген, 2017 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Құлшар
      Облыстық мәслихат хатшысы М. Құлшар

      Батыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№21-8 шешіміне
қосымша

Батыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлемақы мөлшерлемелері

      Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 07.09.2022 № 13-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Стационарлық көздерден ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Ластаушы заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

4

1

Күкірт оксидтері (SOx)

10


2

Азот оксидтері (Nox)

10


3

Шаң және күл

10


4

Қорғасын және оның қосындылары

3 986


5

Күкіртсутек

124


6

Фенолдар

332


7

Көмірсутектер

0,32


8

Формальдегид

332


9

Көміртегі монооксиді

0,16


10

Метан

0,02


11

Күйе

24


12

Темір тотықтары

30


13

Аммиак

24


14

Алты валентті хром

798


15

Мыс тотықтары

598


16

Бенз(а)пирен


996,6

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 07.09.2022 № 13-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Ластаушы заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

1

Көмірсутектер

44,6

2

Көміртегі тотықтары

14,6

3

Метан

0,8

4

Күкірт диоксиді

200

5

Азот диоксиді

200

6

Күйе

240

7

Күкіртсутек

1 240

8

Меркаптан

199 320

      3. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Отын түрлері

Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК)

1

2

3

1

Этилденбеген бензин үшін

0,33

2

Дизель отыны үшін

0,45

3

Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін

0,24

      4. Ластаушы заттарды төккені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Ластаушы заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

1

Нитриттар

670

2

Мырыш

1 340

3

Мыс

13 402

4

Оттегіне биологиялық қажеттілік

4

5

Тұзды аммоний

34

6

Мұнай өнімдері

268

7

Нитраттар

1

8

Жалпы темір

134

9

Сульфаттар (анион)

0,4

10

Өлшенген заттар

1

11

Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар

27

12

Хлоридтер (анион)

0,1

13

Алюминий

27

      5. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын көму үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Қалдықтардыңтүрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1тонна үшін

1гигабеккерель (Гбк) үшін

1.

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін:



1.1.

Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар



1.1.1.

қауіпті қалдықтар

4,005


1.1.2.

қауіпсіз қалдықтар

0,53


1.2.

Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері:



1.2.1.

Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріздік тазарту құрылыстарының тұнбасы)

0,19


1.2.2.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа):



1.2.2.1.

аршынды жыныстар

0,002


1.2.2.2.

жанасқан тау жыныстары

0,013


1.2.2.3.

байыту қалдықтары

0,01


1.2.2.4.

шлактар, шламдар

0,019


1.2.3.

Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар

0,019


1.2.4.

Күл мен күлшлактар

0,33


1.2.5.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы

0,001


1.2.6.

Радиоактивті қалдықтар:



1.2.6.1.

трансуранды


0,38

1.2.6.2.

альфа-радиоактивті


0,19

1.2.6.3.

бета-радиоактивті


0,02

1.2.6.4.

шынақты радиоактивті көздер


0,19

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 07.09.2022 № 13-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Аббревиатура:

      АЕК – айлық есептік көрсеткіш.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады