Бағалау стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 325 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 20 желтоқсанда № 6694 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 579 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 13.11.2015 № 579 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Жылжымалы мүліктің құнын бағалау" туралы бағалау стандарттары бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      3. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін


атқарушы

Д. Құсдәулетов


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
міндетін атқарушының
2010 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 325 бұйрығымен
бекітілген

"Жылжымалы мүліктің құнын бағалау" туралы бағалау стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. Осы жылжымалы мүліктің құнын бағалау стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізгі ұғымдарды ашады және өңірлік факторларды, баға белгілеудің өзіндік шарттарын және олардың есепке алу мен есепте көрсетілуін ескере отырып, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ережелеріне сәйкес жылжымалы мүлікті бағалауға қойылатын міндетті талаптарды белгілейді.

      2. Стандарт "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізінде және халықаралық бағалау стандарттарына сәйкес әзірленді, жылжымалы мүлікті бағалау әдісіне қойылатын негізгі талаптарды белгілейді және Қазақстан Республикасының аумағында қолдану үшін міндетті.

      3. Стандарттың күші материалдық жылжымалы мүліктің барлық типтерін бағалауға таралады.

      4. Жылжымалы мүліктің нарықтың құнын міндетті бағалау мынадай жағдайларда жүргізіледі:

      1) мемлекеттік қажеттіліктер үшін мүлікті алып қою кезінде;

      2) акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша немесе қоғамның директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) шешімі бойынша қоғам сатып алатын қоғамның орналастырылған акцияларының құнын айқындау кезінде;

      3) кепіл объектісінің құнын айқындау кезінде, соның ішінде кепіл ипотекасы кезінде;

      4) жарғылық капиталға мүліктік салымдардың құнын айқындау кезінде;

      5) банкроттық рәсімдер барысында борышкер мүлкінің құнын айқындау кезінде;

      6) өтеусіз алынған мүліктің құнын айқындау кезінде.

      Барлық өзге жағдайларда нарықтық құнды бастамашылықпен бағалау тапсырысшымен шарттың негізінде жүргізіледі.

2. Жылжымалы мүлікті бағалаудың негізгі ұғымдары

      5. Осы Стандартта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жылжымалы мүлік (жылжымалы заттар мен құндылықтар) - бұл ақша, бағалы қағаздар және жылжымайтын мүлікке қатысы жоқ өзге де мүлік;

      2) көлік құралы - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электрлі көлігі, соның ішінде метрополитен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистралды құбыр көлігі;

      3) қондырғылар, машиналар және жабдықтар - өндірісте пайдалану, тауарларды немесе қызмет көрсетулерді жеткізу үшін, басқаларға жалға тапсыру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін ұйым ұстап отырған материалдық активтер, соның ішінде жекелеген машиналар немесе машина топтары, сауда-саттық жабдықтары, жалға алушының жақсартқандары және активтердің басқа да тиісті түрде сәйкестендірілген санаттары;

      4) сауда-саттық жабдықтары мен жалға алушының құрылғылары - жылжымайтын мүлік болып табылмайтын, жалға алушының мүлікке біріктірген және саудасын немесе бизнесін жүргізу кезінде олар пайдаланатын заттары;

      5) жалға алушының жақсартқандары - өзінің мұқтаждығын қанағаттандыру үшін жалға алушы орнататын және ақы төлейтін, әдетте жалға алу мерзімі аяқталған соң алып тастайтын жерге немесе ғимараттарға тіркелген жақсартулар немесе қосылғандар. Оларды алып тастау жылжымайтын мүлікке елеулі зиян келтірмейді;

      6) офис жабдығы - жиһаз, компьютерлік техника, байланысты құралдары және т.б.;

      7) биологиялық активтер - жылжымалы биологиялық активтерге ересек жұмыс және өнімді мал жатады;

      8) коллекциялық бұйымдар - олардың сиректігіне, жаңа болуына немесе бірейгелігіне қызығуға байланысты жиналатын объектілерді сипаттау үшін пайдаланатын кең термин. Осы терминді өнер туындыларына, көне заттарға, қымбат тастарға, зергерлік бұйымдарға, музыка аспаптарына, нумизматикалық немесе филателистік коллекцияларға, сирек кітаптар және мұрағат материалдарына қолдануға болады;

      9) өнер туындыларын бағалау кезінде шығын амалы - осы өнер туындысын сатып алу кезінде оны ауыстыратын басқа өнер туындысын жасау мүмкіндігімен алмастырушы ретінде қарастырылатын өнер туындыларының құнын айқындайтын амал. Бағалаушы құнын бағалау кезінде сол алмастырудың табиғатын ескеріп, осы өнер туыныдысын қайта жасау немесе алмастыру шығындарын, яғни осы алмастыру барысында ескі объектінің жаңасына алмасқандығын, қайталама нарықта сатып алу, репликация немесе дәл көшірме арқылы алмастыру болғандығын негізге алуы тиіс.

      Ескі объектіні жаңасына алмастыру - бағаланатын объектіні сатып алуға немесе, егер бұл мүмкін болмаса, жаңа өнер туыныдылары шығарылатын бөлшек нарықта табиғаты бойынша және объектінің жай-күйі бойынша ұқсайтынын сатып алуға шығындар.

      Қайталама нарықта сатып алу арқылы алмастыру - өнер немесе антиквариат заттары сатылатын қайталама бөлшек нарықта бағаланатын объектіні жай-күйі ұқсайтын ұқсас объектімен алмастыру шығындары.

      Репликациялау - өз табиғаты, материалдардың сапасы мен ескіруі тұрғысында түпнұсқаға өте жақын, бірақ қазіргі заманғы жасау әдістері қолданылып орындалған бастапқы (бағаланатын) объектінің көшірмесі.

      Дәл көшірме - түпнұсқаны әзірлеу кезеңінде қолданылған жасау әдістерін пайдалана отырып, табиғаты, сапасы және ескіруі бойынша өте жақын материалдардан жасалған бағаланатын түпнұсқаның бірдей көшірмесі;

      10) мамандандырылған мүлік - сирек, егер мүмкіндігінше оның бірегейлігіне, оның мамандандырылған сипатына және конструкциясына, оның конфигурациясына, мөлшеріне, орналасқан жеріне және өзге де қасиеттеріне байланысты бөлігі болып табылатын бизнесті немесе ұйымды сату арқылы нарықта бір кезде сатылатын мүлік;

      11) операциялық мүлік - тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорынның негізгі қызметі үшін қажет деп есептелетін актив;

      12) генерациялайтын бірлік - едәуір дәрежеде басқа активтерден немесе активтер тобынан тәуелсіз ақшалай қаражаттың түсуін қамтамасыз ететін активтердің ең төменгі сәйкестендіруші тобы;

      13) корпоративтік активтер - активтер басқа активтерге немесе активтерден тобына қарамастан ақшалай қаражат ағынын жүргізе алмайды, бірақ бұл ретте олардың теңгерімдік құнын регенерациялайтын бірлікке толықтай жатқызуға болмайды (Мысалы|: жеңіл автокөлік, зертханалық және офис жабдықтары);

      14) тежеу (Чилтон) коэффициенті - бағаланатын жылжымалы мүліктің негізгі параметрінің құны белгілі оған ұқсас мүліктен айырмашылығына байланысты құнын өзгертуді есептеу кезінде дәреже көрсеткіші.

3. Бағалау әдістері

      6. Жылжымалы мүліктің нарықтық немесе өзге де құнын белгілеу кірістік, шығындық және салыстырмалы амалдарға топтастырылған бағалау әдістерін қолдану арқылы жүргізіледі.

      7. Кірістік амал әдісі - оны болашақта пайдаланудан күтілетін кірісті айқындауға негізделген жылжымалы мүлік объектісінің құнын айқындау әдістері:

      1) дисконттелген ақша ағыны әдісі - коммерциялық мақсатта жылжымалы мүлікті пайдалануға байланысты тәуекелдік дәрежесіне қарай ақша ағынның өзгеруі және бірдей түспеу жағдайы негізінде құнын айқындау;

      2) тікелей капиталдандыру әдісі - шектеусіз уақыт кезеңінде кіріс шамасы тек болғанда бағалау объектісін тұрақты пайдалануды сақтау жағдайының негізінде құнын айқындау;

      3) өсу модельдері бойынша капиталдандыру әдісі -шектеусіз немесе шектеулі уақыт кезеңінде кіріс шамасын бірдей ұлғайту кейде бағалау объектісін тұрақты пайдалануды сақтау жағдайының негізінде құнын айқындау. Тікелей капиталдандыру әдісіне ұқсайды, бірақ одан айырмашылығы капиталдандыру коэффициентінің мәні нарықтық деректерден салыстырма амалмен табылмайды, капиталдандыруға берудің талап етілген нормасының базасында есептеледі.

      8. Шығындық амал әдісі - барлық тозу түрлерін шегергенде бағалау объектісін толық қайта жасау немесе алмастыру құнын айқындау әдістері. Шығындық амал әдісін 2 топқа бөлуге болады:

      1-топ: Шығынды тікелей айқындау тәсілдеріне негізделген әдістер өз күштерімен әзірленген көлік құралдарының құнын бағалау үшін қолданылады.

      Оларға мыналар жатады:

      1) бағалау объектісінің жекелеген элементтерінің құнын, пайданы ескеріп, оларды сатып алуға, тасымалдауға және жинауға шығындарды сомалаудан тұратын шығындық элемент бойынша есептеу әдісі;

      2) калькуляцияға кіретін шығындар бабын (материалдарға, жинақтаушы бұйымдарға, жұмысшылардың жалақыларына шығындар және жанама шығыстар) экономикалық элементтер бойынша индекстеу жолымен сол арқылы қазіргі баға деңгейіне әкеліп, құнын айқындаудан тұратын қолда бар калькуляцияны талдау және индекстеу әдісі;

      3) өндірістің өнімділігін ескеріп, өндірістік шығындардың іріленген нормативтері бойынша әзірлеудің толық өзіндік құнын есептеу жолымен құнын айқындаудан тұратын өзіндік құнды ірілетіп есептеу әдісі.

      2-топ: Шығындарды жанама айқындау тәсілдеріне негізделген әдістер жаңа көлік құралдарының құнын бағалау үшін қолданылады.

      Оларға мыналар жатады:

      1) алмастыру принципіне негізделген және пайдалылығы мен функциялары бойынша ұқсас бағаланатын объектілерді іріктеуден тұратын алмастыру әдісі немесе ұқсас-параметрикалық әдіс. Осы әдіс ұқсас объектілердің белгілі құны мен техникалық-экономикалық сипаттамалары негізінде бағаланатын объектінің құнын есептеуге мүмкіндік береді;

      2) тиісті индекстегі объектінің теңгерімдік құнын түзетуден тұратын индекстеу әдісі;

      3) үлестік баға көрсеткіштерінің, яғни бас параметрдің бірлігіне (өнімділікке, қуаттылыққа және т.б.), массаға немесе көлемге келетін баға негізінде құнын есептеуден тұратын үлестік баға көрсеткішінің әдісі.

      Мүліктің жалпы тозу шамасы физикалық, функционалдық тозу мен сыртқы ескіру (құнсыздануға) сомасына тең.

      Жойылмайтын және жойылатын физикалық тозу болады. Жойылатын физикалық тозу жылжымалы мүліктің ағымдағы жөнделуіне жұмсалған шығын сомасына тең.

      Жойылмайтын физикалық тозу тиімді жас әдісі бойынша есептеледі. Тиімді жас бағалаушы сарапшылық жолмен айқындайтын экономикалық өмір сүрудің нормативтік мерзімінен қалған мерзімді шегеру арқылы айқындалады. Көлік құралдарының және жекелеген типтері өнеркәсіптік жабдықтардың жойылмайтын физикалық тозуы тиісті стандарттарда жазылған формулалар бойынша айқындалады.

      Функционалдық тозу (немесе функционалдық ескіру) - меншіктің өзіне тән факторлардан, дизайндағы, материалдардағы, әзірлеу технологияларындағы өзгерістерден, функционалдық пайдалылық кемшіліктерінен, көтеріңкі пайдалану шығыстарына туындаған актив құнының шығыны және т.б. Жылжымалы мүліктің ескіруінің екі типі бар: технологиялық және функционалдық. Осы ескіру типтері ғылыми-техникалық прогрестің түрлі салаларының дамуынан туындап отыр.

      Технологиялық ескіру технология, дизайн және техниканы өндіру үшін пайдаланылатын конструкциялық материалдар саласындағы _ ғылыми-технологиялық прогреспен байланысты. Технологиялық ескіру бірінші кезекте техниканың дизайнында, көлемінде және салмағында байқалады.

      Функционалдық ескіру қазіргі және бағаланатын техниканың арасындағы өнімділік пен басқа да қуат сипаттамаларының айырмашылықтарымен айқындалады. Кейде функционалдық ескіру техниканы өз мақсаты бойынша пайдаланбаумен байланысты болады, яғни оны ең тиімді пайдалану принципі бұзылады.

      Жалпы жағдайда функционалдық тозу функционалдық ескіруден туындаған мүліктің табыс әкелуін жоғалтуды бағалау арқылы кірістік амалмен айқындалады. Егер кірісті жоғалту мүліктің өндірістік қуатын жете пайдаланбаудан болатын болса, онда функционалдық тозу шамасы тежеу (Чилтон) коэффициентін пайдаланып, жанама жолмен есептеледі.

      Сыртқы (экономикалық) ескіру жылжымалы мүлікке сыртқы факторлардың әсер етуімен байланысты болады. Мұндай тозу экономикалық немесе басқа да сыртқы факторлардың әсері салдарынан, мысалы, меншік құқықтарын шектеу немесе акциздерді ұлғайту, осы типтегі техникаға сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасының өзгеруі салдарынан мүліктің пайдалылық дәрежесінің төмендеуінен көрінеді. Осы факторлардың әсер ету дәрежесі абсолюттік немесе пайыздық көрініспен өлшенуі тиіс. Сыртқы ескіру (экономикалық тозу) сыртқы факторлардан туындайтын мүліктің кірісті жоғалтуын бағалау жолымен кірістік амалмен айқындалады.

      9. Салыстырмалы амал әдісі - ұқсас объектілерді сату мәмілелерін талдауға және тиісті түзетулер жүргізу үшін бағалау объектісімен салыстыруға негізделген әдістер:

      1) нарықтық ақпарат әдісі - әзірлеуші зауыттың, дилерлердің прайс-парақтарында жариялаған сату бағалары туралы ақпаратты немесе басқа көздердегі сату бағалары туралы ақпаратты пайдалану жолымен жылжымалы мүліктің құнын айқындау;

      2) сатуды салыстырмалы талдау әдісі - олардың арасындағы айырмашылықтарды ескеретін тиісті түзетулерді орындағаннан кейін бағаланатын объектімен жылжымалы мүліктің салыстырылатын объектілерінің жақындағы сатылымдарын салыстыру жолымен құнын айқындау;

      3) статистикалық модельдеу әдісі (массалық бағалау әдісі) - бағасы белгілі бір тектес объектілердің кейбір жиынтықтарының өкілі ретінде жылжымалы мүліктің бағаланатын объектісін қарау тәсілі;

      4) корреляциялық модельдер әдісі - бағаланатын объектінің техникалық-экономикалық қасиетін сипаттайтын және оның құнымен барабар тәуелділікпен байланысты шартты бірліктерде орташа салмақты параметрлерін айқындауға негізделген жылжымалы мүлік объектісін бағалау тәсілі.

4. Бағалау әдістеріне қойылатын талаптар

      10. Бағалау әдістерін таңдау және қолдану кезінде бағалаушы мынадай негізгі талаптарды сақтайды:

      1) бағалау нысанасы мен айқындалатын құн түрін сәйкестендіреді;

      2) жылжымалы мүлікті бағалауды жүргізу кезінде пайдаланылатын ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етеді;

      3) құқықтық талдау жүргізеді, мүліктік құқықтар мен ауыртпалықтарды сәйкестендіреді;

      4) бағалау әдістерін таңдауды негіздейді;

      5) бағалау туралы есепте оларды екі ұшты түсіндіруге жол бермейтін шынайы деректерді, есептік көрсеткіштерді және негізделген нәтижелерді толық әрі түсінікті жазуды қамтамасыз етеді.

      11. Жылжымалы мүлікті бағалаушылар көбінесе клиенттен немесе клиенттің өкілдерінен алатын ақпаратқа сүйенеді. Кез келген осындай деректердің көзін бағалаушы ауызша немесе жазбаша хабарламаларды көрсетуі тиіс, ал деректер мүмкіндігінше дұрыс тексерілуі тиіс.

      12. Жылжымалы мүліктің бағалау принциптерінің, әдістері мен тәсілдерінің көбісі басқа да бағалау жағдайларында қолданылатындармен ұқсас келеді. Жылжымалы мүлікті бағалау арнайы білімді, дайындықты, дағды мен тәжірибені талап етеді.

5. Бағалауды жүргізу тәртібі

      13. Тапсырманы айқындау:

      1) бағаланатын мүлікті сәйкестендіру (орынға барып тексеру);

      2) мүліктік құқықтарды сәйкестендіру;

      3) бағалау нысанасын (пайдалану саласын) нақтылау;

      4) бағалау базасы мен құн түрін қалыптастыру;

      5) бағалау күндерін келісу;

      6) өзге де шектейтін жағдайларды айқындау;

      7) бағалау туралы шарт жасау.

      14. Алдын ала дау, деректерді іріктеу және жинау:

      1) құжаттарды, бағалау объектісі туралы өзге де мәліметтерді жинау, өңдеу және талдау;

      2) осы мүлікке сұраныс пен ұсынысты талдау.

      15. Бағалау амалдары мен әдістерін таңдау, бағалау объектісінің нарықтық немесе өзге де құнын анықтау бойынша есептеулерді орындау:

      1) нарықтық амал;

      2) кірістік амал;

      3) шығындық амал.

      16. Бағалау әдістерін қолдану негізінде алынған нәтижелерді келісу және бағалау объектісінің жиынтық құнын айқындау. Бағалаушы бағалау процесінде алынған құнның әрбір есептеу шамасына мән беруі тиіс қатыстық салмағын айқындау кезінде өз ойын негізге алады. Мұндай талап болған кезде бағалаушы құны туралы қорытындыға келген кезде өзі сүйенгенде пайдаланған бағалау әдістері үшін, қолданылған әдістердің нәтижелерін салыстыру үшін негіздемесі мен ақтайтын дәлелін де ұсынады.

Об утверждении стандартов оценки

Приказ и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 9 декабря 2010 года № 325. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 декабря 2010 года № 6694. Утратил силу приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 13 ноября 2015 года № 579

      Сноска. Утратил силу приказом Министра юстиции РК от 13.11.2015 № 579.

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п. 3.

      В соответствии со статьей 19 Закона Республики Казахстан "Об оценочной деятельности в Республике Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые стандарты оценки "Оценка стоимости движимого имущества".
      2. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего Вице-министра юстиции Республики Казахстан.
      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра                              Д. Куставлетов

Утвержден          
приказом и.о. Министра юстиции
Республики Казахстан    
от 9 декабря 2010 года № 325

Стандарт оценки
"Оценка стоимости движимого имущества"

1. Общие положения

      1. Настоящий стандарт оценки стоимости движимого имущества (далее - Стандарт) раскрывает основные понятия и устанавливает обязательные требования к оценке движимого имущества с учетом региональных факторов, специфических условий ценообразования и отражения их в учете и отчетности, в соответствии с положениями нормативных правовых актов Республики Казахстан.
      2. Стандарт разработан на основании Закона Республики Казахстан "Об оценочной деятельности в Республике Казахстан" и в соответствии с международными стандартами оценки, устанавливает основные требования к методам оценки движимого имущества и обязателен для применения на территории Республики Казахстан.
      3. Действие Стандарта распространяется на оценку всех типов материального движимого имущества.
      4. Обязательная оценка рыночной стоимости движимого имущества производится в следующих случаях:
      1) при изъятии имущества для государственных нужд;
      2) при определении стоимости размещенных акций общества, приобретаемых обществом по решению общего собрания акционеров или по решению совета директоров (наблюдательного совета) общества;
      3) при определении стоимости объекта залога, в том числе при ипотеке залога;
      4) при определении стоимости имущественных вкладов в уставной капитал;
      5) при определении стоимости имущества должника в ходе процедур банкротства;
      6) при определении стоимости безвозмездно полученного имущества.
      Во всех иных случаях производится инициативная оценка рыночной стоимости на основании договора с заказчиком.

2. Основные понятия оценки движимого имущества

      5. В настоящем Стандарте используются следующие понятия:
      1) движимое имущество (движимые вещи и ценности) - это деньги, ценные бумаги и иное имущество, не относящееся к недвижимости;
      2) транспортное средство - зарегистрированный на территории Республики Казахстан железнодорожный, автомобильный, морской, внутренний водный, воздушный, городской электрический, в том числе метрополитен, а также находящийся на территории Республики Казахстан магистральный трубопроводный транспорт;
      3) установки, машины и оборудование - материальные активы, которые организация держит для использования в производстве, поставках товаров или услуг, для сдачи в аренду другим или для административных целей, в том числе отдельные машины или группы машин, торговые принадлежности, улучшения арендатора и другие надлежащим образом идентифицированные категории активов;
      4) торговые принадлежности и приспособления арендатора - не являющиеся недвижимостью принадлежности, присоединенные к имуществу арендатором и используемые им при ведении торговли или бизнеса;
      5) улучшения арендатора - фиксированные улучшения или добавления к земле или зданиям, устанавливаемые и оплачиваемые арендатором для удовлетворения своих нужд, обычно устраняемые арендатором по окончании срока аренды. Их устранение не наносит недвижимости серьезного ущерба;
      6) офисное оборудование - мебель, компьютерная техника, средства связи и т.п.;
      7) биологические активы - к движимым биологическим активам относится взрослый рабочий и продуктивный скот;
      8) предметы коллекционирования - широкий термин, используемый для описания объектов, собираемых в связи с интересом, который они вызывают благодаря их редкости, новизне или уникальности. Этот термин может применяться среди прочего к произведениям искусства, старинным предметам, драгоценным камням, ювелирным изделиям, музыкальным инструментам, нумизматическим или филателистическим коллекциям, редким книгам и архивным материалам;
      9) затратный подход при оценке произведений искусства - подход к определению стоимости произведений искусства, рассматривающий в качестве заменителя при покупке данного произведения искусства возможность создания другого произведения искусства, которое заместит данное. Оценка стоимости оценщиком должна основываться на затратах воспроизводства или замещения данного произведения искусства с учетом природы самого замещения, то есть будет ли это замещение замещением старого объекта новым, замещением через покупку на вторичном рынке, репликацией или точной копией.
      Замещение старого объекта новым - затраты на покупку такого же объекта, что и оцениваемый или, если это невозможно, то покупку схожего по природе и по состоянию объекта на розничном рынке, где выставляются новые произведения искусства.
      Замещение через покупку на вторичном рынке - затраты замещения оцениваемого объекта схожим объектом в сходном состоянии на вторичном розничном рынке, где продаются предметы искусства или антиквариат.
      Репликация - копия исходного (оцениваемого) объекта, которая в плане своей природы, качества и давности материалов максимально близка к оригиналу, но выполнена с применением современных методов создания.
      Точная копия - идентичная копия оцениваемого оригинала, созданная из материалов, максимально близких по природе, качеству и давности, с использованием методов создания, применявшихся в период изготовления оригинала;
      10) специализированное имущество - имущество, которое редко, если вообще когда-либо, продается на рынке иначе, как посредством продажи бизнеса или организации, частью которых оно является, в силу его уникальности, обусловленной его специализированным характером и конструкцией, его конфигурацией, размером, местоположением и иными свойствами;
      11) операционное имущество - актив, который считается необходимым для основной деятельности постоянно функционирующего предприятия;
      12) генерирующая единица - наименьшая идентифицируемая группа активов, обеспечивающая поступление денежных средств, которые в значительной степени независимы от других активов или групп активов;
      13) корпоративные активы - активы не способные независимо от других активов или групп активов производить притоки денежных средств, но при этом их балансовая стоимость не может быть полностью отнесена на генерирующую единицу (Например: легковой автотранспорт, лабораторное и офисное оборудование);
      14) коэффициент торможения (Чилтона) - показатель степени при расчете изменения стоимости в зависимости от различия основного параметра оцениваемого движимого имущества от аналога, стоимость которого известна.

3. Методы оценки

      6. Установление рыночной или иной стоимости движимого имущества производится путем применения методов оценки, сгруппированных в доходный, затратный и сравнительный подходы.
      7. Методы доходного подхода - методы определения стоимости объекта движимого имущества, основанные на определении ожидаемых доходов от его использования в будущем:
      1) метод дисконтированных денежных потоков - определение стоимости исходя из условий изменения и неравномерного поступления денежных потоков в зависимости от степени риска, связанного с использованием движимого имущества в коммерческих целях;
      2) метод прямой капитализации - определение стоимости исходя из условий сохранения стабильного использования объекта оценки, при равномерной величине дохода в неограниченные периоды времени;
      3) метод капитализации по моделям роста - определение стоимости исходя из условий сохранения стабильного использования объекта оценки, при равномерно увеличивающейся величине дохода в неограниченные или ограниченные периоды времени. Аналогичен методу прямой капитализации, но в отличие от него значение коэффициента капитализации находится не сравнительным подходом из рыночных данных, а рассчитывается на базе требуемой нормы отдачи на капитал.
      8. Методы затратного подхода - методы определения стоимости полного воспроизводства или замещения объекта оценки за вычетом всех видов износа. Методы затратного подхода можно разделить на 2 группы:
      Группа 1: Методы, основанные на способах прямого определения затрат применяются для оценки стоимости транспортных средств изготовленных собственными силами.
      К ним относятся:
      1) метод поэлементного расчета затрат, который заключается в суммировании стоимостей отдельных элементов объекта оценки, затрат на их приобретение, транспортировку и сборку с учетом прибыли;
      2) метод анализа и индексации имеющихся калькуляций, который заключается в определении стоимости путем индексирования статей затрат, входящих в калькуляцию, по экономическим элементам (затрат на материалы, комплектующие изделия, зарплату рабочих и косвенные расходы, приводя их тем самым к современному уровню цен;
      3) метод укрупненного расчета себестоимости, который заключается в определении стоимости путем расчета полной себестоимости изготовления по укрупненным нормативам производственных затрат с учетом рентабельности производства.
      Группа 2: Методы, основанные на способах косвенного определения затрат, применяются для оценки стоимости новых транспортных средств. К ним относятся:
      1) метод замещения или аналого-параметрический метод, который основан на принципе замещения и заключается в подборе объектов, аналогичных оцениваемому по полезности и функциям. Этот метод позволяет на основании известных стоимостей и технико-экономических характеристик объектов-аналогов рассчитывать стоимость оцениваемого объекта;
      2) индексный метод, который заключается в корректировке балансовой стоимости объекта на соответствующий индекс;
      3) метод удельных ценовых показателей заключается в расчете стоимости на основе удельных ценовых показателей, то есть цены, приходящейся на единицу главного параметра (производительности, мощности и т.д.), массы или объема.
      Величина общего износа имущества равна сумме физического, функционального износа и внешнего устаревания (обесценения).
      Физический износ бывает устранимый и неустранимый. Устранимый физический износ равен сумме затрат на текущий ремонт движимого имущества.
      Неустранимый физический износ рассчитывается по методу эффективного возраста. Эффективный возраст определяется путем вычитания o из нормативного срока экономической жизни остаточного срока, который оценщик определяет экспертным путем. Неустранимый физический износ транспортных средств и отдельных типов промышленного оборудования определяется по формулам, описанным в соответствующих стандартах.
      Функциональный износ (или функциональное устаревание) - потеря стоимости актива, вызванная факторами, присущими самой собственности, изменениями в дизайне, материалах, технологиях изготовления, недостатками функциональной полезности, повышенными эксплуатационными расходами и т.д. Существуют два типа устаревания движимого имущества: технологическое и функциональное. Эти типы устаревания обусловлены развитием различных сфер научно-технического прогресса.
      Технологическое устаревание связано с научно-техническим прогрессом в сфере технологии, дизайна и конструкционных материалов, используемых для производства техники. Технологическое устаревание проявляется в первую очередь в дизайне, размерах и весе техники.
      Функциональное устаревание определяется различиями в производительности и других характеристиках мощности между современной и оцениваемой техникой. Иногда функциональное устаревание связано с использованием техники не по прямому назначению, то есть нарушается принцип наилучшего и наиболее эффективного ее использования.
      В общем случае функциональный износ определяется доходным подходом, путем оценки потери доходности имущества, вызванный функциональным устареванием. В случае если потеря доходности происходит из-за недоиспользования производственной мощности имущества, то величина функционального износа рассчитывается косвенным путем с использованием коэффициента торможения (Чилтона).
      Внешнее (экономическое) устаревание связано с влиянием на движимое имущество внешних факторов. Такой износ выражается в снижении степени полезности имущества вследствие воздействия экономических или других внешних факторов, например вследствие изменений в оптимальном использовании техники, законодательных нововведений, отрицательно сказавшихся на ее стоимости, вследствие ограничения прав собственности или увеличения акцизов, изменений в соотношении спроса и предложения на данный тип техники. Степень влияния этих факторов должна быть измерена в абсолютном или в процентном выражении. Внешнее устаревание (экономический износ) определяется доходным подходом, путем оценки потери доходности имущества, вызванное внешними факторами.
      9. Методы сравнительного подхода - методы, основанные на анализе сделок продаж объектов-аналогов и сопоставления с объектом оценки для проведения соответствующих корректировок:
      1) метод рыночной информации - определение стоимости движимого имущества путем использования информации о ценах продаж, опубликованных в прайс-листах заводов-изготовителей, дилеров или в других источниках информации о ценах продажи;
      2) метод сравнительного анализа продаж - определение стоимости путем сравнения недавних продаж сопоставимых объектов движимого имущества с оцениваемым объектом после выполнения соответствующих корректировок, учитывающих различие между ними;
      3) метод статистического моделирования (метод массовой оценки) - способ рассмотрения оцениваемого объекта движимого имущества как представителя некоторой совокупности однородных объектов, для которых цены известны;
      4) метод корреляционных моделей - способ оценки объекта движимого имущества, основанный на определении средневзвешенного параметра в условных единицах, характеризующего технико-экономические свойства оцениваемого объекта и связанного пропорциональной зависимостью с его стоимостью.

4. Требования к методам оценки

      10. При выборе и применении методов оценки оценщик соблюдает следующие основные требования:
      1) идентифицирует назначение оценки и вид определяемой стоимости;
      2) обеспечивает достоверность информации, используемой при проведении оценки движимого имущества;
      3) проводит правовой анализ, идентифицирует имущественные права и обременения;
      4) обосновывает выбор методов оценки;
      5) обеспечивает исчерпывающее и доступное изложение в отчете об оценке достоверных данных, расчетных показателей и обоснованных результатов, не допускающее двусмысленного их толкования.
      11. Оценщики движимого имущества часто полагаются на информацию, получаемую от клиента или от представителей клиента. Источник любых таких данных должен быть указан оценщиком в устных или письменных сообщениях, а данные должны быть разумно проверены там, где это возможно.
      12. Многие из принципов, методов и способов оценки движимого имущества схожи с теми, которые применяются в других случаях оценки, оценки движимого имущества требуют специального образования, подготовки, навыков и опыта.

5. Порядок проведения оценки

      13. Определение задания:
      1) идентификация оцениваемого имущества (обследование с выездом на место);
      2) идентификация имущественных прав;
      3) уточнение назначения (сферы использования) оценки;
      4) становление базы оценки и вида стоимости;
      5) согласование даты оценки;
      6) определение прочих ограничивающих условий;
      7) заключение договора об оценке.
      14. Предварительный анализ, отбор и сбор данных:
      1) сбор, обработка и анализ документов, иных сведений об объекте оценки;
      2) анализ спроса и предложения на аналогичное имущество.
      15. Выбор подходов и методов оценки, выполнение расчетов по установлению рыночной или иной стоимости объекта оценки:
      1) рыночный подход;
      2) доходный подход;
      3) затратный подход.
      16. Согласование результатов, полученных на основе применения методов оценки и определение итоговой стоимости объекта оценки. Оценщик исходит из своего суждения при определении относительного веса, который следует придавать каждой из расчетных величин стоимости, полученных в процессе оценки. При наличии такого требования оценщик представляет обоснование и оправдание, как для использованных методов оценки, так и для примененного взвешивания результатов методов, на которые он полагался при достижении вывода о стоимости.