Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 579 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1998 жылғы 24 наурыздағы 21-1 және 43-1 баптарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментіне жолдауды;
      2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет- ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрі                                       Б. Имашев

Қазақстан Республикасы 
Әділет министрінің   
2015 жылғы 13 қарашадағы
№ 579 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған
кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1) «Құнның қоры мен түрлері» бағалау стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 243 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7114 болып тіркелген);
      2) «Зияткерлік меншік объектілері және материалдық емес активтердің құнын бағалау» бағалау стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 244 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7115 болып тіркелген);
      3) «Бағалау стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 325 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6694 болып тіркелген және 2011 жылғы 17 мамырдағы № 200-201 (26603) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
      4) «Бағалау стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 326 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6687 болып тіркелген және 2011 жылғы 17 мамырдағы № 200-201 (26603) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
      5) «Бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 327 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6688 болып тіркелген және 2011 жылғы 17 мамырдағы № 200-201 (26603) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады