Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011.03.29 № 109-ө (ресми жарияланған күннен бастап күшiне енедi) бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.
«Кедейлік шегін анықтау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы бойынша 2011 жылдың 1 тоқсанына арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 проценті мөлшерінде анықталсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2010 жылдың 4 тоқсанына арналған кедейшілік шегін анықтау туралы» 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 327-ө бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 6514 тіркелген және «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 2 қазандағы № 402-405; «Казахстанская правда» от 05.10.2010 г., № 262 газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
3. Әлеуметтік көмек департаменті (К.А. Манабаева) осы бұйрықты:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және ресми жариялауды;
2) облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ә.Б. Нүсіповаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Министр Г. Әбдіқалықова