2011 жылдың 1 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 435-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 30 желтоқсанда № 6715 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 29 наурыздағы № 109-ө бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011.03.29 № 109-ө (ресми жарияланған күннен бастап күшiне енедi) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.

      «Кедейлік шегін анықтау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы бойынша 2011 жылдың 1 тоқсанына арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 проценті мөлшерінде анықталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2010 жылдың 4 тоқсанына арналған кедейшілік шегін анықтау туралы» 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 327-ө бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 6514 тіркелген және «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 2 қазандағы № 402-405; «Казахстанская правда» от 05.10.2010 г., № 262 газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      3. Әлеуметтік көмек департаменті (К.А. Манабаева) осы бұйрықты:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және ресми жариялауды;
      2) облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ә.Б. Нүсіповаға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр                                     Г. Әбдіқалықова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады