2010 жылдың 4 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі N 327-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 30 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6514 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 435-ө Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.12.29 № 435-ө (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      РҚАО-ның ескертуі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      «Кедейлік шегін анықтау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы бойынша 2010 жылдың 4 тоқсанына арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 проценті мөлшерінде анықталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2010 жылғы 3 тоқсанға арналған кедейшілік шегін анықтау туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы № 233-ө бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 6318 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2010 жылғы № 10 актілер жинағында жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      3. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер департаменті (Қ.А. Манабаева) осы бұйрықты:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және ресми жариялауды;
      2) облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ә.Б. Нүсіповаға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшiне енедi және 2010 жылдың 1 қазанынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр                                  Г. Әбдіқалықова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады