Тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 2 ақпандағы N 34 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы N 26 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 10 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6046 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 468 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және Сауда министрінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 302 Бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2011.09.16 № 468 және ҚР Экономикалық даму және Сауда министрінің 2011.09.16 № 302 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 38-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса берілген Тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2010 жылдың 3 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ______________ Б. Жәмішев

      Қазақстан Республикасының
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау министрі
      _____________ Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің       
2010 жылғы 2 ақпандағы  
№ 34 және         
Қазақстан Республикасы  
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің   
2010 жылғы 4 ақпандағы  
№ 26 бірлескен бұйрығымен
бекітілген    

Тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

      1. Осы Критерийлер жоспарлы салық тексерулерін жүргізу үшін өңірлер бөлінісінде әрекет ететін салық төлеушілерді іріктеу мақсатында салық төлеушілерді тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін әзірленді.
      2. Осы Критерийлер мынадай салық төлеушілерге:
      1) корпоративтік табыс салығы бойынша «Салық есептілігін жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5423 етіп тіркелген, 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 197 (1597) «Заң газетінде» жарияланған) (бұдан әрі - № 611 бұйрық) бекітілген тек 130.00 нысандағы декларацияны ұсынатын коммерциялық емес ұйымдарға;
      2) қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын және корпоративтік табыс салығы бойынша № 611 бұйрықпен бекітілген 140.00 және 150.00 нысандарымен декларация тапсыратын ұйымдарға;
      3) жеке кәсіпкерлерге;
      4) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларға таратылмайды.
      3. Тәуекелдерді бағалау Критерийлері бойынша баллдар, салық төлеушілерді тәуекелдер дәрежесі бойынша дифференциациялау үшін пайдаланылатын Критерийлердің барлығы бойынша жалпы жинақ қорытындыны анықтау үшін жинақталады.
      4. Салық төлеушілерді тәуекелдер дәрежесі бойынша дифференциациялау былайша жүзеге асырылады:
      тәуекел дәрежесі жоғары – 100 баллдан (қоса алғанда) және одан да жоғары;
      тәуекел дәрежесі орташа – 50 баллдан (қоса алғанда) 100 баллға дейін;
      тәуекел дәрежесі елеусіз – 50 баллға дейін.
      5. Тәуекелдер дәрежесін бағалау Критерийлері:
      1) осы Критерийлердің қосымшасына сәйкес, салық төлеушінің салықтық жүктемесінің коэффициенті салықтық жүктеме коэффициентінің орта салалық мәнінен төмен:
      25 пайыздан аз болса - 10 балл;
      25 пайыздан 50 пайызға дейін - 20 балл;
      50 пайыздан 75 пайызға дейін - 30 балл;
      75 пайыздан артық болса - 60 балл.
      Салықтық жүктеменің коэффициентін есептеу кедендік төлемдерді қоспағанда, салықтық жүктеменің коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес, салық және бюджетке есептелген, төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша анықталады;
      2) жалған кәсіпорындармен, әрекет етпейтін салық төлеушілермен және сот олардың тіркелуін заңсыз деп таныған кәсіпорындармен мәмілелерді, сондай-ақ сот жасалуын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниеті болмай жүзеге асырылған деп таныған мәмілелерді жүзеге асыру:
      егер мәмілелер сомасы 500 мың теңгеге дейін болса – 5 балл;
      егер мәмілелер сомасы 500 мың теңгеден 10 миллион теңгеге дейін болса – 20 балл;
      егер мәмілелер сомасы 10 миллион теңгеден артық болса – 60 балл;
      3) нөлдік көрсеткіштері бар корпоративтік табыс салығы немесе қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін ұсыну кезінде шот-фактуралардан үзінді көшірме беру:
      қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген айналым (қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен табыс пен) мен берілген шот-фактуралардың үзінді көшірмелерінде көрсетілген сома арасындағы алшақтық 500 мың теңгеге дейін болса - 5 балл;
      500 мың теңгеден 10 миллион теңгеге дейін болса – 10 балл;
      10 миллион теңгеден артық болса – 50 балл;
      4) еңбекақы төлеу қорының жылдық жиынтық табысқа қатынасы:
      0,1%-дан аз болса – 50 балл;
      0,1%-дан 0,5%-ға дейін болса – 30 балл;
      0,5%-дан астам 1%-ға дейін болса – 10 балл;
      5) салық төлеуші активтерінің жиынтық жылдық табысқа қатынасы:
      0,1%-дан аз болса – 50 балл;
      0,1%-дан 0,5%-ға дейін болса – 30 балл;
      0,5%-дан астам 1%-ға дейін болса – 10 балл;
      6) егер басшы немесе (және) құрылтайшы әрекет етпейтін салық төлеушілердің, жалған кәсіпорындардың және сот олардың тіркелуін заңсыз деп таныған кәсіпорындардың, сондай-ақ сот мәмілелерін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниеті болмай жасалған деп таныған салық төлеушілердің басшысы немесе (және) құрылтайшысы болып табылса:
      егер басшы немесе (және) құрылтайшы әрекет етпейтін салық төлеушілердің басшысы немесе (және) құрылтайшысы болып табылса – 10 балл;
      егер басшы немесе (және) құрылтайшы тіркелуі жарамсыз деп танылған кәсіпорындардың басшысы немесе (және) құрылтайшысы болып табылса – 20 балл;
      егер басшы немесе (және) құрылтайшы жалған кәсіпорындардың, сондай-ақ сот мәмілелерін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниеті болмай жасалған деп таныған салық төлеушілердің басшысы немесе (және) құрылтайшысы болып табылса – 30 балл;
      7) Салық органдарында жылына 2 рет және одан артық есептен шығару және есепке қою (бiр облыста есептен шығару және басқаға есепке қою) – 30 балл.
      6. Салықтық тексерулер жоспарына енгізілетін салық төлеушілердің жалпы саны былайша бөлінеді:
      1) салықтық тексерулер жоспарына енгізілетін салық төлеушілердің жалпы санының 80 пайызы тәуекел дәрежесі жоғарыға жатқызылған салық төлеушілерге;
      2) 15 пайызы – тәуекел дәрежесі орташаға жатқызылған салық төлеушілерге;
      3) 5 пайызы - тәуекел дәрежесі елеусізге жатқызылған салық төлеушілерге жатуы тиіс.
      7. Тәуекелдің бір тобының ішінде жоспарлы салықтық тексерулерді жүргізуге салық төлеушілерді іріктеу мынадай принциптер бойынша жүзеге асырылады:
      1) жиынтық табысы 1 миллион теңгені және одан да астам құрайды;
      2) берілген баллдардың неғұрлым жоғары сомасы;
      3) берілген баллдардың сомасы бірдей болған жағдайда, тексеру үшін жылдық жиынтық табысының мөлшері көбірек салық төлеуші іріктеледі;
      4) берілген баллдардың сомасы бірдей болған, сондай-ақ жылдық жиынтық табысының мөлшері бірдей болған жағдайда, тексеру жоспарына тексерілмеген салық кезеңі неғұрлым көбірек салық төлеуші енгізіледі.
      8. Мониторингілеуге жататын ірі салық төлеушілер салықтық тексерулер жоспарына осы Критерийлердің 5-тармағында көзделген тәуекелдер дәрежесін бағалау Критерийлерін қолдануына қарамастан енгізіледі.
      Мониторингілеуге жататын ірі салық төлеушілерді салықтық тексерулер жүргізу үшін іріктеу салықтық тексеруді жүзеге асыратын салық органдарының құрылымдық бөлімшелерінің штат санына және мұндай тексерулерді жүргізуде тиісті тәжірибесі бар қызметкерлер санына қарай өңірлер бөлінісінде мынадай Критерийлер бойынша жүзеге асырылады:
      1) тексерумен қамтылмаған салықтық кезеңі 4 жылды және одан да көп құраса;
      2) жекелеген өңірде, іріктеу нәтижесінде ірі салық төлеушілердің едәуір көп саны тексеруге жататын болған жағдайда, тексеру жүргізу үшін басымдықты жылдық жиынтық табысының мөлшері неғұрлым көбірек ірі салық төлеушілерге беру қажет.

Тәуекел дәрежелерін  
бағалау критерийлеріне
қосымша              

 Экономикалық қызмет түрлері бойынша салықтық жүктеме коэффициенті (республикалық мониторингтегі кәсіпорындарсыз)

Аталуы

СЖК* ортасалалық мәні, %

1

Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы

6,7

2

Балық аулау, балық шаруашылығы

9,1

3

Тау-кен өндіру

13,6

4

Отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды шығару

14,8

5

Отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды шығаруды қоспағанда, тау-кен өндіру

10,6

6

Өңдеу өнеркәсібі

5,8

7

Сусындар мен темекіні қоса алғанда тамақ өнімдерін өндіру

5,4

8

Тоқыма және тігін өнеркәсібі

3,5

9

Тоқыма өнеркәсібі

2,0

10

Тері, теріден жасалған бұйымдар өндірісі және аяқ киім өндірісі

4,4

11

Ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар өндірісі

4,4

12

Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі; баспа ісі

8,3

13

Кокс, мұнай өнімдерін және ядролық материалдарды өндіру

10,8

14

Химия өнеркәсібі

4,4

15

Резина және пластмасса өнімдерінің өндірісі

3,9

16

Өзге металл емес минералды өнімдер өндірісі

7,3

17

Металлургия өнеркәсібі және дайын металл өнімдер өндірісі

3,7

18

Машиналар мен жабдықтар өндірісі

7,8

19

Электр жабдығы, электронды және оптикалық жабдықтар өндірісі

4,2

20

Көлік құралдары мен жабдықтарды өндіру

10,2

21

Өнеркәсіптің өзге салалары

2,6

22

Электр энергиясын, газды және суды өндіру мен бөлу

5,9

23

Электр энергиясын, газды, буды және ыстық суды өндіру мен бөлу

5,5

24

Электр энергиясын өндіру мен бөлу

4,6

25

Газға тектес отынды өндіру мен бөлу

10,2

26

Бумен және ыстық сумен қамтамасыз ету

7,3

27

Суды жинау, тазалау және бөлу

10,2

28

Құрылыс

3,7

29

Сауда, автомобильдерді, тұрмыс бұйымдарын және жеке пайдалану заттарын жөндеу

1,1

30

Қонақ үйлер мен ресторандар

9,7

31

Көлік және байланыс

7,6

32

Темір жол көлік қызметі

7,3

33

Байланыс

13,3

34

Жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға алу және тұтынушыларға қызмет көрсету

10,7

35

Демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру жөніндегі қызмет

6,9

36

Жеке қызмет көрсету

9,1

      *- Салықтық жүктеме коэффициенті

Об утверждении Критериев оценки степени рисков

Совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 февраля 2010 года № 34 и Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 4 февраля 2010 года № 26. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 февраля 2010 года № 6046. Утратил силу совместным приказом Министра финансов Республики Казахстан от 16 сентября 2011 года № 468 и и.о. Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 16 сентября 2011 года № 302

      Сноска. Утратил силу совместным приказом Министра финансов РК от 16.09.2011 № 468 и и.о. Министра экономического развития и торговли РК от 16.09.2011 № 302 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие совместного приказа см. п. 3.

      В целях реализации статьи 38 Закона Республики Казахстан "О частном предпринимательстве" ПРИКАЗЫВАЕМ:
      1. Утвердить прилагаемые Критерии оценки степени рисков.
      2. Налоговому комитету Министерства финансов Республики Казахстан (Ергожин Д.Е.):
      1) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после государственной регистрации настоящего приказа обеспечить его официальное опубликование;
      3) обеспечить размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.
      3. Настоящий приказ вводится в действие с 3 февраля 2010 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр финансов                     Министр экономики и
      Республики Казахстан                 бюджетного планирования
                                           Республики Казахстан
      _____________ Б. Жамишев             ____________ Б. Султанов

Утверждены        
Совместным приказом   
Министра финансов    
Республики Казахстан   
от 2 февраля 2010 года № 34
и Министра экономики и 
бюджетного планирования 
Республики Казахстан  
от 4 февраля 2010 года № 26

Критерии оценки степени рисков

      1. Настоящие Критерии разработаны для отнесения налогоплательщиков к степени риска с целью отбора действующих налогоплательщиков в разрезе регионов для проведения плановых налоговых проверок.
      2. Настоящие Критерии не распространяются на следующих налогоплательщиков:
      1) некоммерческие организации, представляющие декларацию по корпоративному подоходному налогу только по форме 130.00, утвержденной приказом Министра финансов Республики Казахстан от 25 декабря 2008 года № 611 "Об утверждении Правил составления налоговой отчетности" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5423, опубликованным в "Юридической газете" от 31 декабря 2008 года № 197 (1597)) (далее - Приказ № 611);
      2) организации, осуществляющие деятельность в социальной сфере и представляющие декларации по корпоративному подоходному налогу по формам 140.00 и 150.00, утвержденным Приказом № 611;
      3) индивидуальных предпринимателей;
      4) юридических лиц, применяющих специальный налоговый режим на основе упрощенной декларации.
      3. Баллы по критериям риска суммируются для определения общего суммарного итога по всем критериям, который используется для дифференциации налогоплательщиков по степени рисков.
      4. Дифференциация налогоплательщиков по степени рисков осуществляется следующим образом:
      высокая степень риска - от 100 баллов (включительно) и выше;
      средняя степень риска - от 50 (включительно) до 100 баллов;
      незначительная степень риска - до 50 баллов.
      5. Критерии оценки степени рисков:
      1) коэффициент налоговой нагрузки налогоплательщика ниже среднеотраслевого значения коэффициента налоговой нагрузки согласно приложению к настоящим Критериям:
      менее чем на 25 % - 10 баллов;
      от 25 % до 50 % - 20 баллов;
      от 50 % до 75 % - 30 баллов;
      более чем на 75 % - 60 баллов.
      Расчет коэффициента налоговой нагрузки определяется по начисленным налогам и другим обязательным платежам в бюджет, за исключением таможенных платежей, в соответствии с методикой расчета коэффициента налоговой нагрузки;
      2) осуществление сделок с лжепредприятиями, бездействующими налогоплательщиками и с предприятиями, регистрации которых судами признаны недействительными, а также сделок, совершение которых признано судом осуществленными без намерения осуществлять предпринимательскую деятельность:
      если сумма сделок до 500 тысяч тенге - 5 баллов;
      если сумма сделок от 500 тысяч тенге до 10 миллионов тенге - 20 баллов;
      если сумма сделок свыше 10 миллионов тенге - 60 баллов;
      3) выписка счетов-фактур при представлении налоговой отчетности по корпоративному подоходному налогу или налогу на добавленную стоимость с нулевыми показателями:
      расхождение между оборотом, указанным в декларации по налогу на добавленную стоимость (доходом от реализации товаров (работ, услуг), указанным в декларации по корпоративному подоходному налогу), и суммой, указанной в выписанных счетах-фактурах, до 500 тысяч тенге - 5 баллов;
      от 500 тысяч тенге до 10 миллионов тенге - 10 баллов;
      свыше 10 миллионов тенге - 50 баллов;
      4) соотношение фонда оплаты труда к совокупному годовому доходу:
      менее 0,1 % - 50 баллов;
      от 0,1 % до 0,5 % - 30 баллов;
      более 0,5 % до 1 % - 10 баллов;
      5) соотношение активов налогоплательщика к совокупному годовому доходу:
      менее 0,1 % - 50 баллов;
      от 0,1 % до 0,5 % - 30 баллов;
      более 0,5 % до 1 % - 10 баллов;
      6) если руководитель или (и) учредитель является руководителем или (и) учредителем бездействующих налогоплательщиков, лжепредприятий и предприятий, регистрация которых судами признаны недействительными, а также налогоплательщиков, сделки которых признаны судом заключенными без намерения осуществлять предпринимательскую деятельность:
      руководитель или (и) учредитель является руководителем или (и) учредителем бездействующих налогоплательщиков - 10 баллов;
      руководитель или (и) учредитель является руководителем или (и) учредителем предприятий, регистрация которых признаны недействительными - 20 баллов;
      руководитель или (и) учредитель является руководителем или (и) учредителем лжепредприятий, а также налогоплательщиков, сделки которых признаны судом заключенными без намерения осуществлять предпринимательскую деятельность - 30 баллов;
      7) снятие с учета и постановка на учет в налоговых органах два и более раз в году (снятие с учета в одной области и постановка на учет в другой) - 30 баллов.
      6. Общее количество налогоплательщиков, включаемых в план налоговых проверок, распределяется следующим образом:
      1) 80 процентов от общего количества налогоплательщиков, включаемых в план налоговых проверок, должны относиться к налогоплательщикам, отнесенным к высокой степени риска;
      2) 15 процентов - к налогоплательщикам, отнесенным к средней степени риска;
      3) 5 процентов - к налогоплательщикам, отнесенным к незначительной степени риска.
      7. Отбор налогоплательщиков на проведение плановой налоговой проверки внутри одной группы риска осуществляется по следующим принципам:
      1) совокупный годовой доход составляет 1 миллион тенге и более;
      2) наибольшая сумма присвоенных баллов;
      3) в случае одинаковой суммы присвоенных баллов, для проверки отбирается налогоплательщик, имеющий больший размер совокупного годового дохода;
      4) в случае одинаковой суммы присвоенных баллов, а также одинакового размера совокупного годового дохода, в план проверок включается налогоплательщик, имеющий наибольший не проверенный налоговый период.
      8. Крупные налогоплательщики, подлежащие мониторингу, включаются в план налоговых проверок, независимо от применения критериев оценки степени рисков, предусмотренных пунктом 5 настоящих Критериев.
      Отбор крупных налогоплательщиков, подлежащих мониторингу, для проведения налоговых проверок осуществляется в разрезе регионов исходя из штатной численности структурных подразделений налоговых органов, осуществляющих налоговые проверки, и количества работников, имеющих соответствующий опыт проведения таких проверок, по следующим критериям:
      1) налоговый период, не охваченный проверкой, составляет 4 и более лет;
      2) в случае, если в отдельном регионе в результате отбора подлежит проверке значительное количество крупных налогоплательщиков, приоритет для проведения проверки необходимо отдавать крупным налогоплательщикам, имеющим наибольший размер совокупного годового дохода.

Приложение   
к Критериям оценки
степени рисков 

      Коэффициент налоговой нагрузки по видам экономической
        деятельности (без учета крупных налогоплательщиков,
                       подлежащих мониторингу)

Наименование

Среднеот-
раслевое
значение
КНН*, %

1

Сельское хозяйство, охота и лесное хозяйство

6,7

2

Рыболовство, рыбоводство

9,1

3

Горнодобывающая промышленность

13,6

4

Добыча топливно-энергетических полезных ископаемых

14,8

5

Горнодобывающая промышленность, кроме добычи топливно-
энергетических полезных ископаемых

10,6

6

Обрабатывающая промышленность

5,8

7

Производство пищевых продуктов, включая напитки,
и табака

5,4

8

Текстильная и швейная промышленность

3,5

9

Текстильное производство

2,0

10

Производство кожи, изделий из кожи и производство обуви

4,4

11

Обработка древесины и производство изделий из дерева

4,4

12

Целлюлозно-бумажная промышленность; издательское дело

8,3

13

Производство кокса, нефтепродуктов и ядерных материалов

10,8

14

Химическая промышленность

4,4

15

Производство резиновых и пластмассовых изделий

3,9

16

Производство прочих неметаллических минеральных
продуктов

7,3

17

Металлургическая промышленность и производство готовых
металлических изделий

3,7

18

Производство машин и оборудования

7,8

19

Производство электрооборудования, электронного и
оптического оборудования

4,2

20

Производство транспортных средств и оборудования

10,2

21

Прочие отрасли промышленности

2,6

22

Производство и распределение электроэнергии, газа и воды

5,9

23

Производство и распределение электроэнергии, газа, пара
и горячей воды

5,5

24

Производство и распределение электроэнергии

4,6

25

Производство и распределение газообразного топлива

10,2

26

Снабжение паром и горячей водой

7,3

27

Сбор, очистка и распределение воды

10,2

28

Строительство

3,7

29

Торговля, ремонт автомобилей, бытовых изделий и
предметов личного пользования

1,1

30

Гостиницы и рестораны

9,7

31

Транспорт и связь

7,6

32

Деятельность железнодорожного транспорта

7,3

33

Связь

13,3

34

Операции с недвижимым имуществом, аренда и
предоставление услуг потребителям

10,7

35

Прочая деятельность по организации отдыха и развлечений

6,9

36

Предоставление индивидуальных услуг

9,1

      * - Коэффициент налоговой нагрузки