Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі бойынша толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді аттестаттау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің м.а. 2008 жылғы 12 қыркүйектегі № 575 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5342 болып тіркелген, 2008 жылғы 14 қазанда № 170 «Юридическая газета» газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
атауында «өндірушілерді» деген сөзден кейін «және тұқым өткізушілерді» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта «өндірушілерді» деген сөзден кейін «және тұқым өткізушілерді» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді аттестаттау ережесінде:
атауында және 1-тармақта «өндірушілерді» деген сөзден кейін «және тұқым өткізушілерді» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ:
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) тұқым өткізуші – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының партияларын өткізу және (немесе) тұқым несиесін беру жөніндегі қызметті жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға.»;
3-тармақта «өндіруші» деген сөзден кейін «, тұқым өткізуші» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта «тұқым өсіру шаруашылығы» деген сөздерден кейін «, тұқым өткізуші» деген сөздермен толықтырылсын;
2-бөлімнің атауы «тұқым өсіру шаруашылықтарына» деген сөздерден кейін «, тұқым өткізушілерге» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың 15) тармақшасында «бірегей тұқым өндірісін есепке алу кітабы,» деген сөздер «тұқымдарды есепке алу журналы (ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторымен нөмірленуге, тігілуге, қолы қойылуға тиісті),» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың 19) тармақшасында «тұқымның сапасы туралы куәлік» деген сөздерден кейін «, тұқымдарды есепке алу журналы (ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторымен нөмірленуге, тігілуге, қолы қойылуға тиісті)» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтың 18) тармақшасында «тұқымның сапасы туралы куәлік» деген сөздерден кейін «, тұқымдарды есепке алу журналы (ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторымен нөмірленуге, тігілуге, қолы қойылуға тиісті)» деген сөздермен толықтырылсын;
келесі мазмұндағы 9-1-тармағымен толықтырылсын:
«9-1. Тұқым өткізушілерге қойылатын біліктілік талаптарына мыналар енеді:
1) тұқым өткізу бойынша жоспарланған жұмыс көлемін орындау үшін штат кестесінде көзделген тиісті білімі бар мамандардың, оның ішінде кемінде бір агроном-тұқымшының болуы;
2) әрі қарай сату үшін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымын жеткізу туралы тұқым өндірушілермен (тұқым жеткізушілермен тұқымды шетелдік жеткізушілерден сатып алған (импорт бойынша) жағдайда) жыл сайынғы шарттың болуы;
3) тұқым партияларын араласуға жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін мамандандырылған қырмандардың, асфальтталған жабық алаңдардың, қоймалардың (жеміс дақылдары мен жүзімге арналған көміп қою алаңдарының), арнайы ыдыстың болуы;
4) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын сақтау, тазалау және өткізу жөніндегі барлық жұмыстар кешенін қамтамасыз ету үшін, меншік құқығындағы, лизинг немесе мүліктік жалдауда (ұзақ мерзімді жалдау) арнайы техниканың қажетті санының болуы;
5) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымының әр партиясы бойынша өткізілетін тұқымның саны мен сапасының, шыққан тегінің есебін, тұқымды құжаттандыруды, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторымен нөмірленген, тігілген және қолы қойылған тұқымдарды есепке алу журналын жүргізу»;
6) тұқымдарды сақтау және өткізу материалдарының кемінде үш жыл бойында сақталуын қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасы қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдарын сатқан жағдайда Қазақстан Республикасының «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңына сәйкес патент иесі (лицензиар) тұқым өткізушіге (лицензиатқа) селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын беретін лицензиялық шарттың болуы;
8) материалды-техникалық базаның өндірістік қызметті жүзеге асыруға жарамдылығы туралы қорытындының болуы:
тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық амандығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдарының өндірістік базаның санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының карантиндік объектілердің жоқ екендігі туралы қорытындысының болуы.»;
3-бөлімнің атауында «тұқым өсіру шаруашылықтарын» деген сөздерден кейін «, тұқым өткізушілерді» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақта:
«тұқым шаруашылығы» деген сөздерден кейін «, тұқым өткізуші» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жер учаскесіне құқығын куәландыратын нотариалды куәландырған құжаттың көшірмесін (тұқым өткізушілер тапсырмайды). Бұл ретте жер учаскесін жалға алу шарты бойынша жалға алу мерзімі он жылдан кем болмауы тиіс»;
11-тармақта «тұқым өсіру шаруашылығына» деген сөздерден кейін «, тұқым өткізушіге» деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақта «тұқым өсіру шаруашылығына» деген сөзден кейін «, тұқым өткізушіге» деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақта «тұқым өсіру шаруашылығына» деген сөздерден кейін «, тұқым өткізушіге» деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақта «тұқым өсіру шаруашылығы» деген сөздерден кейін «, тұқым өткізуші» деген сөздермен толықтырылсын;
16-тармақта «тұқым өсіру шаруашылығы» деген сөздерден кейін «, тұқым өткізуші» деген сөздермен толықтырылсын;
17-тармақта «тұқым өсіру шаруашылықтарына» деген сөздерден кейін «, тұқым өткізушілерге» деген сөздермен толықтырылсын;
18-тармақта «тұқым өсіру шаруашылығы» деген сөздерден кейін «, тұқым өткізуші» деген сөздермен толықтырылсын;
19-тармақта «тұқым өсіру шаруашылықтарының» деген сөздерден кейін «, тұқым өткізушілердің» деген сөздермен толықтырылсын;
20-тармақта:
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«тұқым өткізушілер үшін – екі жылда бір рет.»;
21-тармақ «тұқым өсіру шаруашылығы» деген сөздерден кейін «, тұқым өткізуші» деген сөздермен толықтырылсын;
ережеге 1-қосымшада:
оң жақ жоғары бұрышта «өндірушілерді» деген сөзден кейін «және тұқым өткізушілерді» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Аттестаттау (қайта аттестаттау) жүргізуді және
____________________________________________________________________
(ауыл шаруашылығы өсімдігінің аты, сорты)
тұқымын өндіру және сату (тұқым өткізушілер үшін – тек тұқым сату) жөніндегі __________________________________________________________
(берілетін мәртебе түрлерінің біреуі көрсетіледі)
мәртебесін беруді сұраймын.»;
ережеге 2-қосымшада:
оң жақ жоғары бұрышта «өндірушілерді» деген сөзден кейін «және тұқым өткізушілерді» деген сөздермен толықтырылсын;
атауында «тұқым шаруашылығына» деген сөздерден кейін «, тұқым өткізушіге» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
« ___________________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының 20___ жылғы «___» ____________ № ____ шешімімен бекітілген сараптамалық комиссия
_____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
(ауыл шаруашылығы өсімдіктері, сорттардың атауы)
тұқымын өндіру және сату (тұқым өткізушілер үшін – тек тұқым сату) жөніндегі __________________________________________________________
(берілетін мәртебе түрлерінің біреуі көрсетіледі)
мәртебесіне сәйкестігін зерттеу нәтижелері туралы осы актіні жасады.»;
ережеге 3-қосымшада:
оң жақ жоғары бұрышта «өндірушілерді» деген сөзден кейін «және тұқым өткізушілерді» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«___________________________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының 20___ жылғы «__» _________ № ____ шешімі негізінде
____________________________________________________________________
(ауыл шаруашылығы өсімдігінің атауы)
тұқымын өндіру және сату (тұқым өткізушілер үшін – тек тұқым сату) жөніндегі ___________________________________________________________
(берілетін мәртебе түрлерінің біреуі көрсетіледі)
мәртебесі берілген
_____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.) берілді.».
2. Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті (Буць А.А.) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күндік мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Күрішбаев