Жер қойнауын пайдалану саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің м.а. 2010 жылғы 15 ақпандағы N 31 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 18 ақпандағы N 73 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 20 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6079 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 348 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 1 қазандағы № 325 бірлескен бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2011.09.27 № 348 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011.10.01 № 325 бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңының 38-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған жер қойнауын пайдалану саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.С. Өжкенов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін оның ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы Қ.Б. Сафиновқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы               Қазақстан Республикасы
      Экономика және бюджеттік             Энергетика және минералдық
      жоспарлау министрі                   ресурстар министрінің
      _______________ Б. Сұлтанов          міндетін атқарушы
                                           ______________ Д. Тұрғанов

Қазақстан Республикасы  
Экономика және бюджеттік 
жоспарлау министрінің  
2010 жылғы 18 ақпандағы № 73
және Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің  
міндетін атқарушының   
2010 жылғы 15 ақпандағы № 31
бірлескен бұйрығымен   
бекітілді        

нысаны

Жер қойнауын пайдалану саласындағы тексеру парағы

Органның атауы __________________________________________________
_________________________________________________________________
Тексеруді белгілеу туралы акті___________________________________
                                          (№, күні)
Субъектінің атауы _______________________________________________
_________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы ____________________________________________
_________________________________________________________________

№ р/с

Тексеру барысында қамтылатын мәселелер

Көмірсутек шикізаты

1.

Келісім-шартқа лицензияның, келісім-шарттың, жұмыс бағдарламасының болуы

2.

Геологиялық барлау жұмыстарының, геофизикалық жұмыстардың, ғылыми-зерттеу жұмыстарының, ұңғыларды салу, технологиялық жұмыстардың жобалық құжаттарының болуы және орындалуы, әзірленімдердің технологиялық схемасы және авторлық қадағалау есептері, Қазақстан Республикасының Қор жөніндегі  мемлекеттік комиссиясыныңжәне Қор жөніндегі орталық комиссияның сараптамалық қорытындылары

3.

Жер қойнауының мониторингінің, жерасты суларының мониторингінің бағдарламалары және есептері (геодинамикалық мониторингті, сейсмологиялық мониторингті жүргізу бойынша)

4.

Кенорындарын игеру жағдайы

5.

Өндіруші және нығыздаушы ұңғымалар жұмысының технологиялық режимдері

6.

Кенорны және объектілер бойынша әзірленімдердің жобалық және нақты технологиялық көрсеткіштерінің сәйкестігі

7.

Кенорындарын игеру, пайдалану және жайластыру жағдайы (кендердің энергетикалық жағдайы, мұнай және газ фонтандарының туындауын алдын алу шаралары, қабаттық және забойлық қысымдар динамикасы, ұңғымалар бойынша қанықтық қысымдары және тұтас алғанда кенорындарды жылдар бойынша жинау, есепке алу және өнімді дайындау)

8.

Бұрғылау жұмыстарының жағдайы және ұңғымаларды салу сапасы

9.

Мұнай және газ ұңғымалардың консервациялау және тарату жағдайы

10.

Бағанааралық қысымдар (бағанааралық қысымдарының пайда болу себептері және оларды жою бойынша жүзеге асырылатын шаралар)

11.

Ұңғымалардың қоры (консервациялауда тұрған ұңғымалардың жағдайы; бағанааралық қысымы бар ұңғымалардың жағдайы; мұнайдың құйылуының қарқындылығы туралы мәліметтер)

12.

Өндіруші ұңғымалардың жұмысы туралы есеп (жиынтық)

13.

Кенорындары бойынша жұмыс агентінің, судың, газдың, мұнайдың және ілеспе газдың айдау көлемдері бойынша мәліметтер

14.

Газды кәдеге жарату бағдарламаларын іске асыру жағдайы

15.

Мемлекеттік бақылау органдарымен келісілген ілеспе газды жағуға рұқсаттың болуы

16.

Газды жағу және кәдеге жарату жою туралы мәліметтер

17.

Газды жағу және факельдік шаруашылығы бойынша оператордың есеп журналы

18.

Аспаптар: өлшеу аспаптары бойынша сертификаттар және тексеру актілері
1) зерттеу қызметтерінің бақылау-өлшеу аспаптарымен қамтамасыз етілуі;
2) мұнайды, конденсатты, газды өндіруді және газды айдаудың есебі бойынша жабдықтардың жағдайы: типі, шығарылған жылы, дәлдік сыныбы

19.

Барлық ұңғымалар өлшеумен қамтамасыз етілуі

20.

Өлшеу қондырғыларының және өндірілетін минералдық шикізатты есептеуге арналған аспаптардың жағдайы

21.

Геодинамикалық мониторингті жүргізу жағдайы

22.

Өндірілген пайдалы қазбалардың және тұтас алғанда кенорны бойынша және горизонттар бойынша ысыраптардың есебінің дұрыстығы

23.

Аяқталған геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша аумақтық қорларға есептерді уақытында ұсыну және бастапқы материалдарды Өңіраралық аумақтық департаменттерге тапсыру

24.

Ақпарат сатып алу туралы келісімге сәйкес геологиялық ақпаратты пайдаланғаны үшін төлемнің уақытылығы

Жерасты сулары

25.

Пайдалану ұңғымаларының жоба бойынша және нақты санының сәйкестігі, олардың орналасуы және есептелген схемаға сәйкес жүктемелері

26.

Ұңғымалардың жабдықтарының жобаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі

27.

Нақты өндіру көлемдерінің және 3-лицензиялық-келісім-шарттық ережелерінің статистикалық есеп нысаны бойынша сәйкестігі

28.

Кенорнында жерасты сулары мониторингінің режимдік желісінің болуы және бақылауды жүргізу

29.

Санитарлық қорғау аймақтарының болуы және олардың сақталуы

30.

Ұңғымалардағы өлшеу аппаратураларының болуы

31.

Талдау нәтижелерінің болуы

32.

Жерасты суларын өндіру есебі

Қатты және кең таралған пайдалы қазбалар

33.

Геологиялық барлау жұмыстарының жобалық құжаттарының, игерудің техникалық жобаларының Қазақстан Республикасының Қор жөніндегі мемлекеттік комиссиясының ұсыныстары болуы және орындалуы

34.

Геологиялық есептің және 1-лицензиялық-келісім-шарт ережелерінің нысаны бойынша есептің уақытылы ұсынылуы

35.

Келісілген Жылдық жұмыс бағдарламасының орындалуы (геологиялық барлау жұмыстарының, өндіру, тау-кен-дайындау және аршу жұмыстарының көлемдері, кен жұмыстарының, бітеу жұмыстарының бағыттары)

36.

Өткен жартыжылдық және жыл бойынша геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша ақпараттық есептер

37.

Келісім-шарттық аумақтың қайтарылу жағдайы

38.

Жер қойнауының озық зерттелуін қамтамасыз ету (бұрғылау жұмыстарының көлемі, сынамаларды іріктеу әдістемесі және сынауды бақылау)

39.

Пайдаланудағы барлау бойынша жұмыстардың орындалуы және негізділігі, нәтижелерінің дұрыстығы және сапалығы, оларды жұмыс учаскесінде кен-геологиялық жағдайды нақтылауда пайдалану. Қорлардың күтілетін өсуі, оларды неғұрлым жоғары санаттарға ауыстыру.

40.

Геологиялық-маркшейдерлік құжаттаманың жүргізілуін қамтамасыз ету

41.

Тау жыныстарының, борттардың, тілімдердің, карьердің қозғалысын бақылау бойынша маркшейдерлік жұмыстардың жағдайы

42.

Пайдалы қазбаларды өндіру, ысырабы мен құнарсыздану есебін жүргізу, қорларының жағдайы және жылжуы

43.

Қазып алу бірліктерінің игерудің толықтығы, оларды игеруге жергілікті жобалардың және олардың жою актілерінің болуы

44.

Уақытша-белсенді емес қорлардың болуы және оларды жою жоспарының сақталуы

Барлық пайдалы қазбалар бойынша келісім-шарттық ережелердің орындалуы

45.

Келісім-шарттық міндеттемелердің орындалуы:
1) Келісім-шарттың жұмыс бағдарламасының орындалуы бойынша;
2) келісілген Жылдық жұмыстарының бағдарламасының болуы;
3) Тарату қоры бойынша құру және қаржыны жинақтау бойынша;
4) қазақстандық қамту бойынша;
5) жер қойнауын пайдалану бойынша арнайы салық міндеттемелері бойынша мемлекеттік бюджетке міндетті төлемдерді төлеу бойынша;
6) келісім-шарттық аумақты қайтару бойынша;
7) лицензиялық-келісім-шарттық ережелер нысаны бойынша есептерді ұсыну бойынша.

Об утверждении формы проверочного листа в сфере недропользования

Совместный приказ и.о. Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 15 февраля 2010 года № 31 и Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 18 февраля 2010 года № 73. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 февраля 2010 года № 6079. Утратил силу совместным приказом и.о. Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 27 сентября 2011 года № 348 и и.о. Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 1 октября 2011 года № 325

      Сноска. Утратил силу совместным приказом и.о. Министра индустрии и новых технологий РК от 27.09.2011 № 348 и и.о. Министра экономического развития и торговли РК от 01.10.2011 № 325 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие совместного приказа см. п. 4.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 38 Закона Республики Казахстан от 31 января 2006 года "О частном предпринимательстве", ПРИКАЗЫВАЕМ:
      1. Утвердить прилагаемую форму проверочного листа в сфере недропользования согласно приложению.
      2. Комитету геологии и недропользования Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан (Ужкенов Б.С.) обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) официальное опубликование настоящего приказа после государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Ответственного секретаря Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан Сафинова К.Б.
      4. Настоящий приказ вступает в силу со дня государственной регистрации и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр экономики и                 И.о. Министра энергетики и
      бюджетного планирования             минеральных ресурсов
      Республики Казахстан                Республики Казахстан
      ______________ Б. Султанов          ______________ Д. Турганов

Утверждена
совместным приказом
Министра экономики и
бюджетного планирования
Республики Казахстан
от 18 февраля 2010 года № 73
и И.о.Министра энергетики и
минеральных ресурсов
Республики Казахстан
от 15 февраля 2010 года № 31

форма     

                           Проверочный лист
                     в сфере недропользования

Наименование органа _________________________________________________
_____________________________________________________________________

Акт о назначении проверки ___________________________________________
                                           (№, дата)

Наименование субъекта _______________________________________________
_____________________________________________________________________

Адрес  местонахождения ______________________________________________
_____________________________________________________________________


п/п

Вопросы, охватываемые в ходе проверки

Углеводородное сырье

1.

Наличие лицензии, контракта, рабочей программы к контракту

2.

Наличие и выполнение проектных документов геологоразведочных
работ, геофизических работ, научно-исследовательских работ,
строительства скважин, технологических работ, технологическая
схема разработки и отчеты авторских надзоров, экспертные
заключения Государственной комиссии по запасам Республики
Казахстан и Центральной комиссии по запасам

3.

Программы и отчеты мониторинга недр, мониторинга подземных
вод, (по проведению геодинамического мониторинга,
сейсмологического мониторинга)

4.

Состояние разработки месторождений

5.

Технологические режимы работы добывающих и нагнетательных
скважин

6.

Соответствие проектных и фактических технологических
показателей разработки по месторождению и по объектам

7.

Состояние разработки, эксплуатации и обустройство
месторождения (энергетическое состояние залежей, меры по
предупреждению возникновения нефтяных и газовых фонтанов,
динамика пластовых и забойных давлений, давлений насыщения по
скважинам и в целом по месторождению по годам, сбор, учет и
подготовка продукции)

8.

Состояние буровых работ и качества строительства скважин

9.

Состояние консервации и ликвидации нефтяных и газовых скважин

10.

Межколонные давления (выявление причин межколонных давлений и
осуществляемые меры по их устранению)

11.

Фонд скважин (состояние скважин, находящихся в консервации;
состояние скважин с межколонным давлением; сведения об
интенсивности притока нефти)

12.

Отчет о работе добывающих скважин (сводка)

13.

Сведения по объемам закачки по месторождениям рабочего
агента, воды, газа, нефти и попутного газа

14.

Состояние реализации программы утилизации газа

15.

Наличие разрешения на сжигание попутного газа, согласованного
с государственными контролирующими органами

16.

Сведения о сжигании и утилизации газа

17.

Журнал учета оператора по сжиганию газа и факельного
хозяйства

18.

Приборы: сертификаты и акты проверок по измерительным
приборам
1) обеспеченность исследовательских служб контрольно-
измерительными приборами;
2) состояние оборудования по учету добычи нефти, конденсата,
газа и закачки газа: тип, год выпуска, класс точности

19.

Обеспеченность всех скважин замерами

20.

Состояние замерных установок и приборов для учета добываемого
минерального сырья

21.

Состояние ведения геодинамического мониторинга

22.

Достоверность учета добытых полезных ископаемых и потерь в
целом по месторождению и по горизонтам

23.

Своевременное представление отчетов по результатам завершенных
геологоразведочных работ в территориальные фонды и сдача
первичных материалов в Межрегиональные территориальные
департаменты

24.

Своевременность оплаты за пользование геологической
информацией, в соответствии с Соглашением о приобретении
информации

Подземные воды

25.

Соответствие количества эксплуатационных скважин по проекту и
фактически, места их расположения и нагрузки в соответствии с
расчетной схемой

26.

Соответствие оборудования скважин установленным требованиям
проектов

27.

Соответствие объемов добычи фактических и по статотчетности
формы лицензионно-контрактных условий-3

28.

Наличие режимной сети мониторинга подземных вод на
месторождении и ведение наблюдений

29.

Наличие зон санитарной охраны и их соблюдение

30.

Наличие измерительной аппаратуры на скважинах

31.

Наличие результатов анализов

32.

Учет добычи подземных вод

Твердые и общераспространенные полезные ископаемые

33.

Наличие и выполнение проектных документов геологоразведочных
работ, технических проектов разработки, рекомендации
Государственной комиссии по запасам Республики Казахстан

34.

Своевременность представления геологической отчетности и
отчетности по форме лицензионно-контрактных условий-1

35.

Выполнение согласованной Годовой программы работ (объемы
геологоразведочных работ, добычи, горно-подготовительных и
вскрышных работ, направление горных работ, закладочных работ)

36.

Информационные отчеты о результатах геологоразведочных работ
за предыдущее полугодие и год

37.

Состояние возврата контрактной территории

38.

Обеспечение опережающего изучения недр (объемы буровых работ,
методика отбора проб и контроль опробования)

39.

Выполнение и обоснованность работ по эксплуатационной
разведке, достоверность и качество результатов, их
использование в уточнении горно-геологической ситуации участка
работ. Ожидаемый прирост запасов, их перевод в более высокие
категории

40.

Обеспечение ведения геолого-маркшейдерской документации

41.

Состояние маркшейдерских работ по наблюдению за сдвижением
горных пород, бортов и уступов разреза, карьера

42.

Ведение учета добычи, потерь и разубоживания полезных
ископаемых, состояния и движения запасов

43.

Полнота отработки выемочных единиц, наличие локальных проектов
на их отработку и актов на их погашение

44.

Наличие временно-неактивных запасов и соблюдение плана их
погашения

Выполнение контрактных условий по всем видам полезных ископаемых

45.

Выполнение контрактных обязательств:
1) по выполнению Рабочей программы контракта;
2) наличие согласованной Годовой программы работ;
3) по созданию и накоплению средств по Ликвидационному фонду;
4) по казахстанскому содержанию;
5) по уплате обязательных платежей в государственный бюджет по
специальным налоговым обязательствам по недропользованию;
6) по возврату контрактной территории;
7) по предоставлению отчетности по форме
лицензионно-контрактных условий.