Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 11.11.2024 № 536-НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 13.11.2024 № 102 бірлескен бұйрығымен.
"Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған тарих және мәдениет ескерткіштерін тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.И. Бөрібаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының | Қазақстан Республикасының |
Мәдениет және ақпарат министрі | Экономика және бюджеттік |
____________ М. Құл-Мұхаммед | жоспарлау министрі |
____________ Б. Сұлтанов |
Нысан
Тарих және мәдениет ескерткішін тексерулер бойынша тексеру парағының нысаны
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган __________________________
___________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт ___________________________________
(№, күні)
Субъектінің атауы _________________________________________________
___________________________________________________________________
СТН, ЖБН/БСН ______________________________________________________
Мекен-жайы ________________________________________________________
___________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі |
1 | Меншік иесінің тарих және мәдениет ескерткішінің сақталуы мен оны дұрыс күтіп ұстау тәртібін сақтауын қамтамасыз ету |
2 | Меншік иесінде (пайдаланушыда) тарих және мәдениет ескерткішіне тиісті қорғау міндеттемелерінің болуы |
3 | Меншік иесінің (пайдаланушының) тарих және мәдениет ескерткіші туралы негізгі деректер жазылған және ескерткіштің мемлекет қорғауында екендігін көрсететін қорғау тақтайшаларының болуы |
4 | Әрбір тарих және мәдениет ескерткіші паспортының бар болуы |
5 | Тарих және мәдениет ескерткішін пайдалануға беру туралы мемлекеттік мекеменің шешімінің болуы |
6 | Тарих және мәдениет объектісінде қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының болуы |
7 | Тарих және мәдениет ескерткішінің айналасындағы қорғау аймағы қорғау белгілерімен немесе олардың шекара сызықтары бойынша жыртылған жермен немесе қоршаулармен, не бұталар отырғызу арқылы белгіленеді |
8 | Тарих және мәдениет ескерткішінің сәулеттік-көркемдік бейнесін өзгерту немесе зақым келген жағдайда дұрыстау мүмкіндігінің болуы |
9 | Қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғи ландшафт аймағының шекарасында кез келген жұмыстарды жүргізудің ережесін сақтау |
10 | Тарих және мәдениет ескерткіштерін зақымдаудан және (немесе) жоюдан, тағылық актілерінен, жалған дәріптеуден, өңін айналдырудан, бұрмалаудан, орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи түпмәтіннен үзіп тастаудан қорғауды қамтамасыз ету |
11 | Тарих және мәдениет ескерткіштерін немесе оның бөлшектерін әкету |
12 | Тарих және мәдениет ескерткіштерінің сәулеттік-көркемдік тарихи бейнесіне жоюға келмейтін зақымдар мен өзгертулердің болуы |
13 | Тарих және мәдениет ескерткіштері және олардың қорғау аймақтары жөніндегі жұмыстардың барлық түрлеріне, жоспарлау жобасына, салу және қайта жөндеуге ғылыми-жобалық құжаттаманың мемлекеттік органдармен келісуінің болуы |
14 | Тиісті лицензияларсыз ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу |
15 | Тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуына қауіп төндіретін жұмыстың барлық түрін жүргізу |
16 | Тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуына қатер төндіретін жобалау, іздестіру, құрылыс, мелиорация, жол жөндеу жұмыстарын және басқа да жұмыс түрлерін жүргізу |
Тексерудің аяқталу мерзімі ____________________
Мемлекеттік органның лауазымдық тұлғалары:__________________________ ____________ _________________________
(лауазымы) (қолы) (А.Ә.Т.)
__________________________ ____________ _________________________
(лауазымы) (қолы) (А.Ә.Т.)
Жеке кәсіпкер, жеке кәсіпкерлік субъектісінің басшысы:
____________________________________________________ _____________
(А.Ә.Т., лауазымы)) (қолы)