Тарих және мәдениет ескерткішін тексерулер бойынша тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2010 жылғы 12 ақпандағы N 27 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 24 ақпандағы N 97 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 10 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6116 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 11 қарашадағы № 536-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2024 жылғы 13 қарашадағы № 102 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 11.11.2024 № 536-НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 13.11.2024 № 102 бірлескен бұйрығымен.

      "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған тарих және мәдениет ескерткіштерін тексеру парағының нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.И. Бөрібаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасының

Мәдениет және ақпарат министрі

Экономика және бюджеттік

____________ М. Құл-Мұхаммед

жоспарлау министрі


____________ Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2010 жылғы 12 ақпандағы және
Қазақстан Республикасы Экономика
және бюджеттік жоспарлау министрінің
2010 жылғы 24 ақпандағы № 97
бірлескен бұйрығымен бекітілді

      Нысан

Тарих және мәдениет ескерткішін тексерулер бойынша тексеру парағының нысаны

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган __________________________

      ___________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт ___________________________________

      (№, күні)

      Субъектінің атауы _________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      СТН, ЖБН/БСН ______________________________________________________

      Мекен-жайы ________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

1

Меншік иесінің тарих және мәдениет ескерткішінің сақталуы мен оны дұрыс күтіп ұстау тәртібін сақтауын қамтамасыз ету

2

Меншік иесінде (пайдаланушыда) тарих және мәдениет ескерткішіне тиісті қорғау міндеттемелерінің болуы

3

Меншік иесінің (пайдаланушының) тарих және мәдениет ескерткіші туралы негізгі деректер жазылған және ескерткіштің мемлекет қорғауында екендігін көрсететін қорғау тақтайшаларының болуы

4

Әрбір тарих және мәдениет ескерткіші паспортының бар болуы

5

Тарих және мәдениет ескерткішін пайдалануға беру туралы мемлекеттік мекеменің шешімінің болуы

6

Тарих және мәдениет объектісінде қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының болуы

7

Тарих және мәдениет ескерткішінің айналасындағы қорғау аймағы қорғау белгілерімен немесе олардың шекара сызықтары бойынша жыртылған жермен немесе қоршаулармен, не бұталар отырғызу арқылы белгіленеді

8

Тарих және мәдениет ескерткішінің сәулеттік-көркемдік бейнесін өзгерту немесе зақым келген жағдайда дұрыстау мүмкіндігінің болуы

9

Қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғи ландшафт аймағының шекарасында кез келген жұмыстарды жүргізудің ережесін сақтау

10

Тарих және мәдениет ескерткіштерін зақымдаудан және (немесе) жоюдан, тағылық актілерінен, жалған дәріптеуден, өңін айналдырудан, бұрмалаудан, орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи түпмәтіннен үзіп тастаудан қорғауды қамтамасыз ету

11

Тарих және мәдениет ескерткіштерін немесе оның бөлшектерін әкету

12

Тарих және мәдениет ескерткіштерінің сәулеттік-көркемдік тарихи бейнесіне жоюға келмейтін зақымдар мен өзгертулердің болуы

13

Тарих және мәдениет ескерткіштері және олардың қорғау аймақтары жөніндегі жұмыстардың барлық түрлеріне, жоспарлау жобасына, салу және қайта жөндеуге ғылыми-жобалық құжаттаманың мемлекеттік органдармен келісуінің болуы

14

Тиісті лицензияларсыз ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу

15

Тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуына қауіп төндіретін жұмыстың барлық түрін жүргізу

16

Тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуына қатер төндіретін жобалау, іздестіру, құрылыс, мелиорация, жол жөндеу жұмыстарын және басқа да жұмыс түрлерін жүргізу


      Тексерудің аяқталу мерзімі ____________________

      Мемлекеттік органның лауазымдық тұлғалары:__________________________ ____________ _________________________

      (лауазымы) (қолы) (А.Ә.Т.)

      __________________________ ____________ _________________________

      (лауазымы) (қолы) (А.Ә.Т.)

      Жеке кәсіпкер, жеке кәсіпкерлік субъектісінің басшысы:

      ____________________________________________________ _____________

      (А.Ә.Т., лауазымы)) (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады