Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.30 № 184 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық жазалауды орындау жүйесiн және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес келтіру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы № 305 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3228 болып тіркелген), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулығында:
110-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«110. ТМ-нiң комиссиясы келесі мәселелер бойынша тиісінше шешімдер шығарады және енгiзедi:»;
110-тармағының 2) тармақшасында:
«қолдануды» деген сөз «қолдану туралы қолдаухат» деген сөздермен ауыстырылсын;
113-тармағында:
«ТМ-нiң комиссиясына ұсынуға» деген сөздер «ТМ-нiң комиссиясында қаралуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
114-тармағының 1) тармақшасында:
«ұсыным» деген сөз «қолдаухат» деген сөзбен ауыстырылсын;
117-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«117. Шартты түрде - мерзiмiнен бұрын босату жазаның өтелмеген бөлiгiн жеңіл жазамен ауыстырылуын немесе одан бас тарту, сондай-ақ ТМ түрiн ауыстыру немесе бас тарту туралы қаулыны шығару ойын ұсыну мүмкiншiлiгi туралы комиссия мүшелері комиссия отырысында сотталған болмаған кезінде ашық дауыс беру арқылы бiлдiредi. Шешiм егер ол үшiн комиссия мүшелерiнiң жартысынан көбi дауыс берсе қабылданды деп есептеледi. Төрағаның дауысы комиссияның бір мүшесінің дауысына теңестіріледі.»;
118-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«118. Шартты түрде-мерзiмiнен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлiгiн жеңiл жазамен ауыстыру туралы немесе одан бас тарту туралы, сонымен қатар ТМ түрiн өзгерту немесе бас тарту туралы қаулыны шығару туралы комиссия шешiмдi сотталғанға комиссияның отырысында оның мүшелерінің қатынасуымен, аталған нұсқаулықтың 119-тармағымен айқындалған тәртіп бойынша қолдаухатпен немесе қаулымен кейінгі кезде таныстырумен ауызша түрде комиссияның төрағасымен хабарланады.»;
119-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«119. Шартты түрде-мерзiмiнен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлiгiн жеңiл жазамен ауыстыру туралы немесе одан бас тарту туралы, сонымен қатар ТМ түрiн өзгерту немесе бас тарту туралы қаулымен комиссия хатшысы ТМ комиссиясының отырысынан кейiнгi бiр күннен кешiктiрмей қол қою арқылы таныстыруы керек (демалыс және мерекелiк күндердi қоспағанда). Өтінішті одан әрі сотқа енгізу үшін 7 күн ішінде прокуратураға жіберіледі.»;
120-тармағында:
«тәртіпте» деген сөзден кейін «жаза өтеу жері бойынша прокуратураға немесе сотқа» деген сөздермен толықтырылсын;
123-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«123. Шартты түрде-мерзiмiнен бұрын босатудан, жазаның өтелмеген бөлiгiн жеңiл жазамен ауыстырудан бас тарту туралы шешім қабылдау жағдайда оның себебi көрсетiледi және қолдаухат шығарылады. TM түрiн өзгертуге ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдау жағдайда қаулы шығарылады.»;
124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«124. Шартты түрде-мерзiмiнен бұрын босатуға, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл түрімен ауыстыру туралы қолдаухатты, сондай-ақ ТМ түрiн өзгертуге ұсыну туралы қаулыны шығару мәселесін ТМ комиссиясының отырысында қайта қарау бас тарту туралы сот қаулысы шығарылған күннен бастап алты ай өткеннен кейін орын алуы мүмкін.»;
158-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) жаза өтеуден шартты түрде-мерзiмiнен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн жеңiл жазамен ауыстыру туралы қолдаухат шығару немесе одан бас тарту туралы, ҚК-ға, жеңілдік, қатаң жағдайларға ауыстыруға ұсыну немесе одан бас тарту туралы қаулыны шығару туралы мәселелердi қарау;».
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы М.А. Аюбаевқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі Р. Түсіпбеков