Ескерту. Бұйрық 2011.01.01 дейін қолданыста болады (5-тармақты қараңыз).
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 1-тармағына және «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсететін заңды және жеке тұлғаларды тексеру жөніндегі тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті (А.Қ. Құлназаров):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Т.А. Ермегияевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрі Экономика және бюджеттік
________ Т. Досмұхамбетов жоспарлау министрі
_____________ Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
2010 жылғы 3 наурыздағы
№ 01-01-07/35 және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2010 жылғы 10 наурыздағы
№ 128 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
нысан
Білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсететін заңды және жеке тұлғаларды тексеру жөніндегі тексеру парағы
Тексерісті белгілеген уәкілетті немесе
жергілікті атқарушы орган ________________________________________
Нұсқама __________________________________________________________
(№, күні)
Жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе
заңды тұлғаның атауы _________________________________________
СТН (ЖСН, БСН) ___________________________________________________
Жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігі (жеке тұлғалар үшін),
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәлігі (заңды тұлғалар үшін) ____________________________________
Орналасқан орнының мекенжайы _____________________________________
р/с № |
Талаптар |
болуы/болмағаны |
Ескерту |
1. |
Спорт ғимараттарын пайдаланудың сенімділігі бөлігінде, беріктілігіне техникалық тексеру актісінің болуы |
||
2. |
Спорт ғимаратының санитарлық-гигиеналық және өртке қарсы нормалар мен талаптарға сәйкестігі туралы қорытындының болуы |
||
3. |
1) заңды тұлғалар үшін – «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша жоғары кәсіптік немесе орта кәсіптік білімі бар жаттықтырушы-оқытушылар құрамының болуы; |
||
4. |
Тұрақты білікті медициналық қызметтің болуы |
||
5. |
Спорт мүкәммалдары мен жабдықтарының болуы |
||
6. |
Шұғылданушылардың сандық құрамының жоспарлы-есептік көрсеткіштері және спорт ғимаратының тәуліктік жұмыс тәртібінің болуы |
||
7. |
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға спорт ғимараттарына барулары үшін қол жетімділігі |
Лауазымды тұлғалар ______________________________ ____________
(лауазым) (қолы)
______________________________ ____________
(лауазым) (қолы)
Жеке немесе заңды тұлға _________________________ ____________
(Т.А.Ә., лауазым) (қолы)