Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөнiндегi қызметті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы N 27 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 12 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6159 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 140 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтанушыға (сақтандырылушыға) берілетін сыныпты «бонус-малус» жүйесі бойынша есептеу ережесі;
      3) алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды ұйымдастыру өтінішінің нысаны бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Мына қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Агенттік Басқармасының «Мүлiктi (зияткерлік меншік объектiлерiн, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөнiндегi қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 176 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4861 тіркелген, 2007 жылғы 29 тамызда "Заң газеті" газетінің № 132 (1161) санында, 2007 жылғы маусым-тамызда Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) қаулысы;
      2) Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы № 176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 114 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5327 тіркелген) қаулысы.
      3. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
      5. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                  Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы       
Қаржы нарығын және қаржы     
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының      
2010 жылғы 1 наурыздағы      
№ 27 қаулысының 1-қосымшасы  

Мүлiктi (зияткерлік меншік объектiлерiн, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөнiндегi бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны (тәуелсіз сарапшыны) аккредиттеу ережесі

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы       
Қаржы нарығын және қаржы     
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының      
2010 жылғы 1 наурыздағы      
№ 27 қаулысының 2-қосымшасы  

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтанушыға (сақтандырылушыға) берілетін сыныпты «бонус-малус» жүйесі бойынша есептеу ережесі

      1. Осы Ереже «Көлік құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шiлдедегi Заңының (бұдан әрі – Заң) 19-бабының 10-тармағына сәйкес әзiрлендi және Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтанушыға (сақтандырылушыға) берілетін сыныпты «бонус-малус» жүйесі бойынша есептеу тәртiбiн айқындайды.
      2. Сақтандыру мерзімі аяқталған соң тиісті сынып (бұдан әрі – сынып) беріле отырып, «бонус-малус» жүйесі бойынша коэффициенттер Заңның 19-бабының 10-тармағында көзделген кестеге сәйкес белгіленеді.
      3. Сақтанушыға (сақтандырылушыға) сынып берілген кезде оның кінәсі бойынша болған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары), сондай-ақ көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша (бұдан әрі – міндетті сақтандыру шарты (сақтандыру полисі)) сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған күндер осының алдында сынып өзгертілген күннен бастап жасалған міндетті сақтандыру шарттарының санына қарамастан есепке алынуы тиіс.
      Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсі бойынша болған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) бар болған жағдайда сынып бұдан төменірек, ең төмен – М сыныбына дейін өзгертіледі.
      Сыныпты жоғарырақ сыныпқа өзгерту мынадай талаптар орындалған кезде жүзеге асырылады:
      1) деректер базасын (бұдан әрі – деректер базасы) қалыптастыру мен жүргізуді жүзеге асыратын ұйымда сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсі бойынша болған және сыныптың соңғы өзгертілген сәтінен бастап деректер базасында есепке алынған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) туралы ақпараттың болмауы;
      2) деректер базасында жасалған міндетті сақтандыру шарттарының (сақтандыру полистерінің) санына қарамастан сыныптың соңғы өзгертілген күнінен бастап міндетті сақтандыру шарты (сақтандыру полисі) бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған кем дегенде екі жүз жетпіс күнтізбелік күн туралы ақпараттың болуы.
      4. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген (алып келінген) көлік құралдарының иелерімен міндетті сақтандыру шарты жасалған кезде 3-сынып беріледі.
      5. Сақтандырушы деректер базасынан алған, оған берілген сынып көрсетіле отырып, сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсі бойынша болған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) туралы, не осы ақпараттың жоқ екені туралы ақпараты бар сақтандыру есебі сақтандырушының «бонус-малус» жүйесі бойынша коэффициенттерді қолдануы үшін негіз болып табылады.
      6. Деректер базасында сақтанушы (сақтандырылушы) туралы ақпарат болмаған жағдайда сақтандырушы жаңа мерзімге міндетті сақтандыру шартын жасау кезінде сақтанушы төмендетілген коэффициентті қолдану мүмкіндігі туралы куәландыратын осының алдындағы міндетті сақтандыру шартының (сақтандыру полисінің) түпнұсқасын берген кезде Заңның 19-бабының 11-тармағында белгіленген мерзімде бұл жөнінде деректер базасын және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органды хабардар ете отырып, Заңның 19-бабының 10-тармағында келтірілген кестеге сәйкес төмендетілген коэффициентті өз бетінше қолданады.
      Бұрынғы міндетті сақтандыру шартының (сақтандыру полисінің) түпнұсқасы сақтанушы жаңа міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін ұсынатын құжаттармен бірге сақталады.

Қазақстан Республикасы       
Қаржы нарығын және қаржы     
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының      
2010 жылғы 1 наурыздағы      
№ 27 қаулысының 3-қосымшасы  

Тәуелсіз сарапшының бағалауды жүргізу шартына
қойылатын талаптар

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы       
Қаржы нарығын және қаржы     
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының      
2010 жылғы 1 наурыздағы      
№ 27 қаулысының 4-қосымшасы  

Нысан

Келіп түскен күні
_________________
   (кк.аа.жж.)

Кіріс тіркеу нөмірі
№ _______________

Басқарманың Төрағасы
___________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________
 және сақтандыру ұйымының атауы)
мыналар:
_                                       
|_| сақтанушы
_                                       
|_| сақтандырылушы
_                                       
|_| зардап шегуші
_                                       
|_| пайда алушы
_                                       
|_| өкіл
(өтініш берушінің мәртебесі бір,
немесе өкілі өтініш жасаған
кезде екі ұяшықта көрсетіледі)
_______________ болып табылатын
кімнен ________________________
     (заңды тұлғаның тегі, аты,
      әкесінің аты (бар болса),
_______________________________
      тұрғылықты жері не
_______________________________,
   атауы, орналасқан орны)

Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды ұйымдастыру өтініші

___________________________________________________________________
               (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
жүргізетін ________________________________________________________
   (көлік құралының маркасы мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі)
_____________________________________________ тиесілі көлік құралының
(заңды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не атауы)
және ______________________________________________________________
                (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
жүргізетін ________________________________________________________
    (көлік құралының маркасы мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі)
_____________________________________________ тиесілі көлік құралының
(заңды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не атауы)
арасында __________________________________________________________
              (жол-көлік оқиғасы болған күні, қаласы, орны)
болған жол-көлік оқиғасына байланысты _____________________________
___________________________________________________________________
(көлік құралының маркасы мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі)
__________________ мүлкіне келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды
___________________________________________________________________ (тәуелсіз сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не атауы)
_______________________________________ уәкілетті орган аккредиттеген
тәуелсіз сарапшыда ұйымдастыруды сұраймын.

Тәуелсіз сарапшыны таңдау менімен келісілді
___________________________________________.
  (күні және пайда алушының қойған қолы)

____________________________ 
өтініш берушінің қойған қолы 
      ____________________________ 
Толтырылған күні       

      Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалау туралы есеп пайда алушыға ұсынылды:
_________________________________________________ жіберілді немесе
(жіберілген күні және тәуелсіз сарапшының қойған қолы)
____________________________________________________ табыс етілді.    (табыс етілген күн және пайда алушының қойған қолы)
      Көлік құралын қалпына келтіру шығыстарының сомасымен келісемін/келіспеймін (қажеттісін сызу қажет)_____________________.
                           (күні және пайда алушының қойған қолы)

Об утверждении нормативных правовых актов, регулирующих организацию и осуществление деятельности по обязательному страхованию гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 1 марта 2010 года № 27. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 апреля 2010 года № 6159. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 мая 2016 года № 140

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 30.05.2016 № 140 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие постановления см. п. 3.

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам обязательного и взаимного страхования, налогообложения" Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить:
      Примечание РЦПИ!
      Подпункт 1) пункта 1 вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.
      1) исключен постановлением Правления Национального Банка РК от 28.01.2016 № 12 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования);
      2) Правила расчета класса по системе "бонус-малус", присваиваемого страхователю (застрахованному) по обязательному страхованию гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств согласно приложению 2 к настоящему постановлению;
      3) исключен постановлением Правления Национального Банка РК от 28.01.2016 № 12 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования);
      4) Заявление на организацию оценки размера вреда, причиненного имуществу согласно приложению 4 к настоящему постановлению.
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенным постановлением Правления Национального Банка РК от 28.01.2016 № 12 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Признать утратившими силу:
      1) постановление Правления Агентства от 25 июня 2007 года № 176 "Об утверждении Правил аккредитации физического или юридического лица, имеющего лицензию на осуществление деятельности по оценке имущества (за исключением объектов интеллектуальной собственности, стоимости нематериальных активов)" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4861, опубликованное 29 августа 2007 года в газете "Юридическая газета", № 132 (1335), в июне-августе 2007 года в Собрании актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан);
      2) постановление Правления Агентства от 22 августа 2008 года № 114 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 июня 2007 года № 176 "Об утверждении Правил аккредитации физического или юридического лица, имеющего лицензию на осуществление оценочной деятельности" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5327, опубликованное 23 октября 2008 года в газете "Юридическая газета" № 162 (1562), 15 ноября 2008 года в Собрании актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан № 11).
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением подпункта 1) пункта 1 настоящего постановления, который вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.
      4. Департаменту надзора за субъектами страхового рынка и другими финансовыми организациями (Каракулова Д.Ш.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсеновой Н.В.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений Агентства, Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана".
      5. Службе Председателя Агентства (Кенже А.А.) принять меры по опубликованию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.
      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Алдамберген А.У.

      Председатель                               Е.Бахмутова

Приложение 1           
к постановлению Правления Агентства
Республики Казахстан по регулированию
и надзору финансового рынка и   
финансовых организаций      
от 1 марта 2010 года № 27     

Правила
аккредитации оценщика (независимого эксперта), имеющего
лицензию на осуществление оценочной деятельности по оценке
имущества (за исключением объектов интеллектуальной
собственности, стоимости нематериальных активов)

      Сноска. Приложение 1 исключен постановлением Правления Национального Банка РК от 28.01.2016 № 12 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Приложение 2           
к постановлению Правления Агентства
Республики Казахстан по регулированию
и надзору финансового рынка и  
финансовых организаций      
от 1 марта 2010 года № 27    

         Правила расчета класса по системе "бонус-малус",
          присваиваемого страхователю (застрахованному)
         по обязательному страхованию гражданско-правовой
         ответственности владельцев транспортных средств

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с пунктом 10 статьи 19 Закона Республики Казахстан от 1 июля 2003 года "Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств" (далее - Закон) и определяют порядок расчета класса по системе "бонус-малус", присваиваемого страхователю (застрахованному) по обязательному страхованию гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств.
      2. Коэффициенты по системе "бонус-малус" с присвоением соответствующего класса по окончании срока страхования (далее - класс) устанавливаются согласно таблице, предусмотренной пунктом 10 статьи 19 Закона.
      3. При присвоении класса страхователю (застрахованному) учету подлежит (подлежат) страховой случай (страховые случаи), произошедший (произошедшие) по его вине, а также дни, в течение которых гражданско-правовая ответственность страхователя (застрахованного) по  договору обязательного страхования гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств (далее – договор обязательного страхования (страховой полис)) была застрахована, со дня предыдущего изменения класса, вне зависимости от количества заключенных договоров обязательного страхования.
      При наличии страхового случая (страховых случаев), произошедшего (произошедших) по вине страхователя (застрахованного), изменяется класс на более низкий, до самого низкого – М.
      Изменение класса на более высокий класс осуществляется при выполнении следующих условий:
      1) отсутствие в организации, осуществляющей формирование и ведение базы данных (далее - база данных), информации о страховом случае (страховых случаях), произошедшем (произошедших) по вине страхователя (застрахованного) и учтенном (учтенных) в базе данных с момента последнего изменения класса;
      2) наличие информации в базе данных о не менее двухста семидесяти календарных днях со дня последнего изменения класса, в течение которых гражданско-правовая ответственность страхователя (застрахованного) по договору обязательного страхования (страховому полису) была застрахована, вне зависимости от количества заключенных договоров обязательного страхования (страховых полисов).
      4. При заключении договора обязательного страхования с владельцами транспортных средств, временно въехавших (ввезенных) на территорию Республики Казахстан, присваивается класс 3.
      5. Основанием для применения страховщиком коэффициентов по системе "бонус-малус" является страховой отчет, содержащий информацию о страховом случае (страховых случаях), произошедшем (произошедших) по вине страхователя (застрахованного), либо об отсутствии данной информации, с указанием присвоенного ему класса, полученного страховщиком из базы данных.
      6. В случае отсутствия в базе данных информации о страхователе (застрахованном) страховщик при заключении договора обязательного страхования на новый срок самостоятельно применяет понижающий коэффициент согласно таблице, приведенной в пункте 10 статьи 19 Закона, при предоставлении страхователем оригинала предыдущего договора обязательного страхования (страхового полиса), свидетельствующего о возможности применения понижающего коэффициента, с уведомлением об этом базы данных и уполномоченного органа по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций в срок, установленный пунктом 11 статьи 19 Закона.
      Оригинал предыдущего договора обязательного страхования (страхового полиса) хранится с документами, представляемыми страхователем для заключения нового договора обязательного страхования.

Приложение 3           
к постановлению Правления Агентства
Республики Казахстан по регулированию
и надзору финансового рынка и   
финансовых организаций      
от 1 марта 2010 года № 27     

              Требования к договору на проведение оценки
                       независимым экспертом

      Сноска. Приложение 3 исключен постановлением Правления Национального Банка РК от 28.01.2016 № 12 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Приложение 4           
к постановлению Правления Агентства
Республики Казахстан по регулированию
и надзору финансового рынка и   
финансовых организаций      
от 1 марта 2010 года № 27     

                                                                Форма

Дата поступления
__________________
(день, месяц, год)

Входящий регистрационный номер
№ _________
                               Председателю Правления
                               ____________________________________
                               (Фамилия, имя, отчество (при наличии)
                               ____________________________________
                               и наименование страховой организации)
                               от _________________________________
                               (Фамилия, имя, отчество (при наличии),
                               ____________________________________
                               местожительство либо наименование
                               ____________________________________,
                               юридического лица, местонахождение)

                               являющегося:
                                        __
                                       |__| страхователем
                                        __
                                       |__| застрахованным
                                        __
                                       |__| потерпевшим
                                        __
                                       |__| выгодоприобретателем
                                        __
                                       |__| представителем
                              (статус заявителя указать в одной, или
                               при обращении представителя, двух
                               ячейках)

                 Заявление на организацию оценки
              размера вреда, причиненного имуществу

      В связи с произошедшим ________________________________________
              (дата, город, место дорожно-транспортного происшествия)
дорожно-транспортным происшествием между транспортным средством
_____________________________________________________________________
       (марка и государственный регистрационный номерной знак
                       транспортного средства)
под управлением ______________________________________, принадлежащим
                (Фамилия, имя, отчество (при наличии)) ____________________________________________________________________,
      (Фамилия, имя, отчество (при наличии) либо наименование
                         юридического лица)
и транспортным средством ____________________________________________
               (марка и государственный регистрационный номерной знак
_______________________ под управлением ____________________________,
транспортного средства)        (Фамилия, имя, отчество (при наличии))
принадлежащим _______________________________________________________
                    (Фамилия, имя, отчество (при наличии) либо
_____________________________________________________________________
                   наименование юридического лица)
прошу организовать оценку размера вреда, причиненного имуществу
____________________________________________________________________,
       (марка и государственный регистрационный номерной знак
                       транспортного средства)
у независимого эксперта, ____________________________________________
             (Фамилия, имя, отчество (при наличии) либо наименование
______________________ аккредитованного уполномоченным органом.
независимого эксперта)

      Выбор независимого эксперта согласован со мной
_______________________________________.
(дата и подпись выгодоприобретателя)

                                               ____________________
                                                Подпись заявителя
                                               ____________________
                                                 Дата заполнения

      Отчет об оценке размера вреда, причиненного имуществу, представлен
выгодоприобретателю:
направлен _______________________________________________________ или
                  (дата отправки и подпись страховщика)
вручен ____________________________________________________.
          (дата вручения и подпись выгодоприобретателя)
      С суммой расходов на восстановление транспортного средства
согласен/не согласен (нужное подчеркнуть) ___________________________
                                 (дата и подпись выгодоприобретателя)

-----------------------------линия отрыва----------------------------

      Отчет об оценке размера вреда, причиненного имуществу, представлен
выгодоприобретателю:
      направлен ________________________________________________ или
                    (дата отправки и подпись страховщика)
      вручен ___________________________________________________.
                (дата вручения и подпись выгодоприобретателя)

      С суммой расходов на восстановление транспортного средства
согласен/не согласен (нужное подчеркнуть) ______________________.
                             (дата и подпись выгодоприобретателя)