Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 114 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 30 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5327 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы N 27 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.01 N 27 Қаулысымен. 

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Тәуелсіз сарапшылардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, сондай-ақ " Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 176 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4861 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2007 жылғы 29 тамыздағы N 132 (1161) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) б ағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу ережесін бекіту туралы";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қоса берілген Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) б ағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу ережесі бекітілсін.";      
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу ережесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) б ағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу ережесі";
      бүкіл мәтін бойынша " бағалау қызметін " деген сөздер " мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) б ағалау жөніндегі қызметті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      " 2) жеке тұлға:
      мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияның көшірмесі(-лері) ;
      заңды тұлға:
      осы тармақшаның екінші абзацында көрсетілген құжат және мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы (-лары) бар не Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы N 419 "Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау және оған қойылатын біліктілік талаптары мәселелері" қаулысында белгіленген мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сай келетін жеке тұлғалар тізімі және заңды тұлға-өтініш берушімен еңбек қатынасында болатын құжаттар көшірмелері;
      осы Ереженің 2-1-қосымшасына сәйкес филиалдары және олардың қызметкерлері туралы мәліметтер (тәуелсіз сарапшының филиалы бар болған кезде);";
      7) тармақша алынып тасталсын ;
      12-тармақтың 3) тармақшасындағы "қызметі" деген сөзден кейін ", к өлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру " деген сөздермен толықтырылсын;
      14-тармақтағы "бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар" деген сөздер " осы Ереженің 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тізімге енгізілген " деген сөздермен ауыстырылсын;
      15-тармақтағы "Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар" деген сөздер " Осы Ереженің 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тізімге енгізілген " деген сөздермен ауыстырылсын;
      осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда 2-1-қосымшамен толықтырылсын .
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, " Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына мәлімет үшін жіберсін.
      4. Агенттіктің Төрайым Қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

       Төрайым                                    Е.Бахмутова

                                           Қазақстан Республикасы
                                         Қаржы нарығын және қаржы
                                       ұйымдарын реттеу мен қадағалау
                                          агенттігі Басқармасының
                                          2008 жылғы 22 тамыздағы
                                          N 114 қаулысына қосымша

                                         " Мү лікті (зияткерлік меншік
                                       объектілерін, материалды қ емес
                                        активтерді ң құ нын қ оспа ғ анда)
                                         б ағалау жөніндегі қызметті
                                        жүзеге асыруға лицензиясы бар
                                         жеке немесе заңды тұлғаны
                                            аккредиттеу ережесіне
                                                  2-1-қосымша

          Т ә уелсіз сарапшыны ң филиалдары туралы м ә ліметтер                     _____________________________________________________
                   (заңды тұлғаның атауы)
 

N

Заңды
тұлғаның
атауы

Филиалы

Филиал
қызметкері-
нің тегі,
аты, бар
болса –
әкесінің аты

Филиал қызметке-
рінің м ү лікті
(зияткерлік мен-
шік объектілерін,
материалды қ емес
активтерді ң құ нын
қ оспа ға нда) баға-
лау жөніндегі
бағалау қызметін
жүзеге асыруға
алған лицензиясы-
ның нөмірі және
алған күні

Мекен-
жайы

Телефоны

1.














                                                                   ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады