Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.
"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 4-тармағы 3) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.07.2019 № 289 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесi бекiтілсін.
2. "Бiлiм және ғылым ұйымдарының мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын белгiлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 105 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 22 ақпанда № 1760 тіркелген) күші жойылған деп танылсын.
3. Қаржы департаменті (Т.А. Нұрғожаева):
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Ж. Түймебаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің міндетін атқарушы
____________ Т.Б. Дүйсенова
2010 жылғы 16 маусым
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 302 бұйрығымен бекітілген |
Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлеріне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың педагогикалық қызметкерлерінiң және оларға теңестiрiлген адамдардың, ғылыми-педагогикалық, ғылыми қызметкерлерiнiң және мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерінің жұмыс стажын анықтау кезiнде қолданылады.
Осы Ережеге сәйкес есептелетiн мамандықтар бойынша жұмыс стажы жұмысқа қабылдау кезінде немесе басқа жұмысқа ауыстыру кезінде күнтiзбелiк санау бойынша есептеледi.
Білім беру ұйымдарында жұмыс стажына байланысты лауазымдық айлықақыны есептеу кезінде лауазымдық айлықынының мөлшері қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес белгіленеді.
Қызметкердің мамандық бойынша жұмыс стажын анықтау үшін еңбек қызметін растайтын құжаттар:
1) еңбек кiтапшасы;
2) тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
3) еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;
4) қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;
5) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған не нотариат растаған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
6) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама болып табылады.
Мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу үшін білім беру ұйымында еңбек стажын белгілеу жөніндегі комиссия құрылады, оның құрамын тиісті ұйымның басшысы бекітеді.
2. Педагогикалық қызметкерлерге және оларға теңестiрiлген адамдарға стаж есептеу
2. Педагогикалық жұмыс стажына осы Ережеге Қосымшада көрсетілген ұйымдардағы педагогикалық жұмыс есептеледi.
3. Педагогикалық қызметкерлердiң және оларға теңестірілген адамдардың педагогикалық жұмыс стажына, егер жеке алғанда да, тұтастай алғанда да, белгiлi бiр уақыт кезеңiнiң алдында және одан кейiн негiзгi жұмыс орны бойынша тiкелей педагогикалық қызметпен жалғасқан болса, мынадай уақыт кезеңдерi есептеледi:
1) 1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiнгi педагогикалық қоғамдар мен балалар қоры басқармаларындағы нұсқаушылық және әдiстемелiк лауазымындағы, Мұғалiм үйi (бiлiм беру, кәсiптiк бiлiм беру қызметкерiнiң) директоры (меңгерушісi) лауазымындағы, фильмотека меңгерушiсi және фильмотекадағы әдiстемешi лауазымындағы, өрт сөндiру ерiктi қоғамының өрт сөндiрушi жасөспiрiмдер ерiктi дружиналарының аға нұсқаушысы және нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс уақыты, кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi комиссиялардағы немесе кәмелетке толмағандарды әлеуметтiк-құқықтық қорғау бөлiмдерiндегi, Ішкі істер министрлігі органдары кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi инспекцияларындағы (милицияның балалар бөлiмдерiндегi) жұмыс уақыты;
2) қызметтен терiс себептермен босатылған адамдарды қоспағанда, офицерлер құрамының, прапорщиктердiң, мичмандардың, мерзiмнен тыс қызмет ететiн әскери қызметшiлердiң Қарулы Күштердегi, iшкi, шекаралық әскерлердегi, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлiмдерiндегi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесіндегі, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiндегi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы мерзiмдiк әскери қызметiн өтеу уақыты; Iшкі істер министрлігі әскерлерiндегi, Қарулы күштер және Әскери Теңiз флоты бөлiмшелерiнiң, бөлiмдерiнiң, мекемелерінің, әскери-оқу орындарының, саяси бөлiмдерінің (басқармаларының), сондай-ақ мәдени-ағарту мекемелерiнiң саяси құрамдағы барлық лауазымдарындағы жұмыс уақыты, Офицерлер үйі мен Әскери-теңіз флотының жалпы білім беретін дайындықтарының нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс уақыты;
3) бала көтеруiне және босануына байланысты демалыс уақыты, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес бала күту үшiн берiлген ақысыз қосымша демалыс уақыты;
4) егер оқуға дейiн бiлiм беру ұйымында қызмет iстеген болса және оқудан кейiн бiлiм беру ұйымына қайта оралған болса, өндiрiстен қол үзiп оқитын жолдама бойынша кадрлар даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру курстарындағы оқу уақыты;
5) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (колледждер), жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (өндiрiстен қол үзiп) оқу уақыты;
6) 1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн бiлiм беру жүйесiнiң газет және журналдары редакторлары лауазымындағы жұмыс уақыты;
7) осы қызметке сайланар алдында тiкелей педагогикалық жұмыспен айналысқан жағдайда атқарушы органдар басшыларының және олардың орынбасарларының, сондай-ақ барлық деңгейдегi депутаттар лауазымдық қызметтерiндегi жұмыс уақыты педагогикалық жұмыс стажына есептеледi.
Егер қызметкер осы Ереженің қосымшасында көрсетiлген жұмыстан (қызмет атқарудан) кейiн ағымдағы оқу жылында бiлiм ұйымындағы тiкелей педагогикалық жұмысқа ауыса алмаса, оның педагогикалық жұмыс стажына педагогикалық жұмысқа келесi оқу жылының басында қабылданғандағы көрсетiлген кезеңдер қосылады.
4. Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң педагогикалық жұмыс стажына:
1) бастауыш әскери дайындық оқытушыларына - Қарулы Күштердегi, оның iшiнде Iшкі істер министрлігі әскерлерiндегi, Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскерлерi мен органдарындағы офицер, сержант, старшина құрамы лауазымдарының, прапорщиктер мен мичмандардың қызмет уақыты;
2) бiлiм беру ұйымдарының мұғалiмдерi мен оқытушыларына - сабақ беретiн пәнiнiң саласы бiлiм беру ұйымдарының оқу пәнiне сәйкес келген жағдайда Қарулы Күштердiң әскери бөлiмдерiндегi, құрамаларындағы, кiшi мамандар даярлайтын мектептердегi және старшиналар, сержанттар және кiшi мамандар даярлайтын басқа мектептердегi қызмет уақыты;
3) бiлiм беру ұйымдарының мұғалiмдерi мен оқытушыларына - Қарулы Күштерде нақты мерзімдік әскери қызметтен өту уақыты;
4) педагогикалық бiлiмi бар және осы жұмысқа сынып жиынтықтардың уақытша қысқаруына байланысты жiберiлген мектеп кiтапханашысы ретiндегi мұғалiмдердiң (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн) жұмыс уақыты;
5) өнер мектебi оқытушыларының, музыкалық және көркемөнер орта мектептерi мен мектеп-интернаттарындағы арнайы пәндер оқытушыларының, колледждердегi музыкалық пәндер оқытушыларының, музыка және ән мұғалiмдерiнiң, музыкалық жетекшiлердiң, қосымша бiлiм беру педагогтарының - сабақ беретiн пәнiнiң саласына (бiлiм беру ұйымдарындағы жұмыс саласына) сәйкес келетiн мамандықтар бойынша кәсiпорындардағы, мекемелер мен ұйымдардағы жұмыс және Қарулы Күштерде қызмет уақыты;
6) мәдениет және өнер оқу орындарының өзге де педагогикалық қызметкерлерiне, педагогикалық, музыкалық-педагогикалық, көркем-графикалық колледждердiң (бөлiмдердiң), педагогикалық колледждердiң музыкалық және көркемөнер бөлiмдерiнiң арнайы пәндер оқытушыларына және басқа да педагог қызметкерлерiне - концертмейстер (режиссер, дирижер, хормейстер, балетмейстер, әртiс, суретшi) ретiндегi 1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiнгi жұмыс уақыты;
7) директордың өндiрiстiк оқыту жөнiндегi орынбасарларына - жоғары немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (колледждер) оқу орнын (оның iшiнде әскери) аяқтаған соң кәсiпорындардағы, мекемелердегi және ұйымдардағы мамандықтар бойынша жұмыс уақыты;
8) өндiрiстiк оқу негiздерi, еңбек және сызу, көркемсурет өнерi, информатика және есептеу техникасының негiздерi, оқу пәндерiн теориялық, практикалық жағынан тереңдетiп оқытатын мектептердiң (сыныптардың) мұғалiмдерiне (оқытушыларға, қосымша бiлiм беру педагогтарына, шеберлерге), эксперименттiк мекемелердiң, мектептен тыс ұйымдардың педагог қызметкерлерiне - беретiн пәндерiнің саласына сәйкес келетiн мамандықтар бойынша жұмыс уақыты;
9) арнайы пәндер оқытушыларына, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (колледждер) білім ұйымдарының оқу-әдiстемелiк кабинеттерінiң әдiскерлерi мен аға әдiскерлерiне және информатика және есептеу техникасының негiздерi пәнiнiң оқытушыларына - жоғары оқу орнын бiтiргеннен кейiн жоғары оқу орнында алған мамандығы бойынша кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда (оның iшiнде әскери) кемiнде 5 жыл еңбек еткен жұмыс уақыты, сондай-ақ жоғары оқу орнында алған мамандығы бойынша Қарулы Күштер қатарындағы қызмет уақыты (оны жалғастыруына қарамастан);
10) мектептен тыс ұйымдардың, әдiстемелiк кабинеттердiң, мұғалiмдердiң бiлiмiн жетiлдiру институттарының әдiскерлерiне, қосымша бiлiм беру педагогтарына, мәдениет ұйымдастырушыларына, экскурсоводтарға - ұйымдардағы жұмыс уақыты және бiлiм беру ұйымдарындағы жұмыс саласына сәйкес келетiн мамандықтар бойынша Қарулы Күштер қатарындағы қызмет уақыты;
11) тәрбиешiлерге (аға тәрбиешiлерге), мектепке дейiнгi ұйымдардың, бөбектер үйiнiң меңгерушiлерiне (бөбекжайлардың және бөбекжай-бақшалардың, бөбектер үйлерiнiң медициналық бике ретiндегi 1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiнгi жұмыс уақыты);
12) бiлiм беру ұйымдарының, көрсетiлген лауазымдарды қоспағанда концертмейстер және сүйемелдеушi мамандықтары бойынша жұмыс стажына техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (колледждер), жоғары оқу орындарында арнайы пәндердiң оқытушылары, тиiстi жанрдың дирижерлары және әртiстерi, хормейстерлерi, көркемдiк жетекшiлерi, режиссерлерi, музыка мектебiнiң оқытушылары, сондай-ақ жалпы бiлiм беру мектептерiндегi ән және музыка мұғалiмдерi, музыкалық жетекшi ретiндегi жұмыс уақыты;
13) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернат ұйымдарының тәрбиешілеріне - мектепке дейінгі балалар ұйымдарында тәрбиеші ретіндегі жұмыс уақыты, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептерде мұғалім, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, ұйымдастырушы педагог ретіндегі жұмыс уақыты есептеледi.
5. Егер ол Қазақстан Республикасының аумағында педагогикалық стажға шектеусiз есептелетiн болса, республикадан тыс жерлерде (оның iшiнде шарт бойынша) Қосымшада көзделген тиiстi ұйымдарда және лауазымдарда педагогикалық жұмыстағы немесе білімнің тиісті деңгейі бойынша оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы жұмыс уақыты педагогикалық жұмыс стажына шектеусiз есептеледi.
6. Кәсiпорындар, мекемелер және ұйымдар қызметкерлерiнiң бiлiм беру ұйымдарындағы сағаттық төлем шарты бойынша орындалатын педагогикалық жұмысы, егер оның көлемi оқу жылында 180 сағаттан кем болмаса, педагогикалық стажға қосылады. Педагогикалық жүктеме аз көлемде орындалған жағдайда жұмыс уақыты нақты орындалған жұмыс уақытына тепе-теңдікте есептеледi.
7. Барлық үлгiдегi және атаулы бiлiм беру ұйымдарының басшыларына, директорларына, меңгерушiлерiне, бастықтарына, олардың орынбасарларына (көмекшiлерiне) (шаруашылық жұмыс жөнiндегi қызметкерлер санатынан басқа) педагогикалық (және оған теңестiрiлген) лауазымдағы жұмыс уақыты педагогикалық жұмыс стажына есептеледi.
3. Ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің стажын есептеу
8. Ғылыми-педагогикалық қызметкерлердiң ғылыми-педагогикалық жұмыс стажына, егер жеке алғанда да, тұтастай алғанда да, белгiлi бiр уақыт кезеңiнiң алдында және одан кейiн негiзгi жұмыс орны бойынша тiкелей ғылыми-педагогикалық қызметпен жалғасқан болса, мынадай уақыт кезеңдері есептеледі:
1) қызметтен терiс себептермен босатылған адамдарды қоспағанда, офицерлер құрамының, прапорщиктердiң, мичмандардың, мерзiмнен тыс қызмет ететiн әскери қызметшiлердiң Қарулы Күштердегi, iшкi, шекаралық әскерлердегi, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлiмдерiндегi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесіндегі, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiндегi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы мерзiмдiк әскери қызметiн өтеу уақыты; Iшкі істер министрлігі әскерлерiндегi, Қарулы күштер және Әскери Теңiз флоты бөлiмшелерiнiң, бөлiмдерiнiң, мекемелерінің, әскери-оқу орындарының, саяси бөлiмдерінің (басқармаларының), сондай-ақ мәдени-ағарту мекемелерiнiң саяси құрамдағы барлық лауазымдарындағы жұмыс уақыты, Офицерлер үйі мен Әскери-теңіз флотының жалпы білім беретін дайындықтарының нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс уақыты;
2) осы қызметке сайланар алдында тiкелей педагогикалық жұмыспен айналысқан жағдайда атқарушы органдар басшыларының және олардың орынбасарларының, сондай-ақ барлық деңгейдегi депутаттар лауазымдық қызметтерiндегi жұмыс уақыты;
3) бала көтеруiне және босануына байланысты демалыс уақыты, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес бала күту үшiн берiлген ақысыз қосымша демалыс уақыты;
4) аспирантура және докторантурада, сондай-ақ магистратурада оқу уақыты.
9. Ғылыми-педагогикалық жұмыс стажына:
1) кафедра меңгерушiсi, профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы (ассистент), ректор (директор), әкімшілік-шаруашылық мәселелерді бақылайтын проректорларды қоспағанда проректорлар (директорлардың орынбасарлары), факультет деканы (институт директоры), деканның орынбасары (директордың орынбасары), оқу зертханасының меңгерушісі лауазымдарындағы педагогикалық және басшылық жұмыс уақыты;
2) Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Ғылым академиясындағы, бұрынғы одақтас республикалар мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерi ғылым академияларындағы, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Ғылым академиясындағы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясындағы, егер ғылыми қызмет негiзгi қызмет болса, мамандандырылған және қоғамдық академиялардағы (бұдан әрi - Академия) президент, вице-президент, Академия төралқасының бас ғалым хатшысы, Академия төралқасының төрағасы, филиал басшысының орынбасары немесе Академия төралқасы төрағасының орынбасары, Академия төралқасының мүшесi, Академия ғылымдар бөлiмiнiң академик-хатшысы, Академия ғылымдар бөлiмiнiң немесе төралқасының ғалым хатшысы, Академия төралқасы бас ғалым хатшысының және филиал басшысының орынбасары, бас ғылыми қызметкер, жетекшi ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, кiшi ғылыми қызметкер лауазымдарындағы басшылық жұмыс уақыты;
3) жоғары оқу орындарындағы, олардың жанындағы дайындық бөлiмдерiндегi, бiлiктiлiк арттыру институттарындағы оқу жылының жүктеме көлемi кемiнде 225 сағаттық сағат шарты бойынша ақы төленетін нақты педагогикалық жұмысының уақыты. Ғылыми-педагогикалық жүктеме аз көлемде орындалған жағдайда жұмыс уақыты нақты орындалған жұмыс уақытына тепе-тең мөлшерде есептеледi;
4) ғылыми атағы немесе ғылыми дәрежесi бар директордың, директор орынбасарының лауазымындағы және жоғары оқу орындары үшiн тағайындалған еңбекақы төлеу шарты бойынша жұмыс iстейтiн біліктілікті арттыру институттарының кафедраларындағы педагогикалық жұмыс уақыты;
5) ғылыми атағы немесе дәрежесi бар адамдар үшін орта, техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі оқу орындарының оқытушылары лауазымдарындағы жұмыс уақыты;
6) шет ел жоғары оқу орындарындағы немесе ғылыми-зерттеу ұйымдарындағы (жолдама бойынша) ғылыми-педагогикалық жұмыс уақыты есептеледi.
4. Ғылыми қызметкерлердің стажын есептеу
10. Ғылыми жұмыс стажына ғылыми ұйымдардағы ғылыми жұмыс уақыты есептеледі.
Бұл орайда ғылыми ұйымдардағы ғылыми жұмыс уақыты, егер ғылыми қызметкер кемiнде 0,25 мөлшерлемемен жұмыс iстеген жағдайда есептеледі.
11. Ғылыми қызметкерлердiң ғылыми жұмыс стажына, егер жеке алғанда да, тұтастай алғанда да, белгiлi бiр уақыт кезеңiнiң алдында және одан кейiн негiзгi жұмыс орны бойынша тiкелей ғылыми қызметпен жалғасқан болса, мынадай уақыт кезеңдері есептеледі:
1) осы қызметке тағайындалар немесе сайланар алдында тiкелей ғылыми қызметпен айналысқан жағдайда атқарушы органдар басшыларының және олардың орынбасарларының, сондай-ақ барлық деңгейдегi депутаттар лауазымдық қызметтерiндегi жұмыс уақыты;
2) бала көтеруiне және босануына байланысты демалыс уақыты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бала күту үшiн берiлген ақысыз қосымша демалыс уақыты;
3) магистратурада, аспирантурада және докторантурада оқу уақыты.
5. Педагогикалық, ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге жатпайтын қызметкерлерге мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу
12. Еңбекақы төлеудiң тарифтiк-бiлiктiлiк кестесiне сәйкес мамандық бойынша жұмыс стажына ұйымдарда мамандық бойынша iстеген барлық жұмыс уақыты, сондай-ақ мынадай уақыттар кiредi:
1) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлер құрамының, прапорщиктердiң, мичмандардың, мерзiмнен тыс қызмет ететiн әскери қызметшiлердiң Қарулы Күштердегi, iшкi, шекаралық әскерлердегi, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлiмдерiндегi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесіндегі, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiндегi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы мерзiмдiк әскери қызметiн өтеу уақыты;
2) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа басшы құрамдағы адамдардың iшкi iстер жүйесiндегi қызмет өткерген, прокуратура органдарындағы қызмет, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының сот аппаратында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiнде жұмыс iстеген уақыты;
3) Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының iшкi органдарында, прокуратура органдарында, соттарында, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттiк қауiпсiздiк және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдарында, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнде еңбек сiңiрген жылдарына үстеме ақы алу құқығын беретiн лауазымдарда жұмыс iстеген уақыты;
4) Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Мемлекеттiк банкi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жүйесiнде жұмыс iстеген уақыты;
5) бала көтеруiне және босануына байланысты демалыс уақыты, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес бала күту үшiн берiлген ақысыз қосымша демалыс уақыты;
6) оның еңбек қызметі өткен салаға қарамастан осыған ұқсас мамандықтар бойынша лауазымдардағы жұмыс уақыты;
7) барлық деңгейдегi депутаттар лауазымындағы жұмыс уақыты;
8) сол мамандық бойынша мемлекеттiк қызметте болған уақыты;
9) 1992 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы мен Қазақстан Республикасының партия, кәсіподақ және комсомол органдарында сайланбалы және жауапты лауазымдардағы жұмыс уақыты.
Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiне қосымша |
Ондағы жұмыс уақыты оқу-тәрбие ұйымдарындағы тиiстi лауазымдардағы қызметкерлердiң мамандық бойынша жұмыс стажына есептелетiн оқу орындарының, ұйымдарының және лауазымдарының тiзбесi
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 12.01.2022 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Оқу орындарының, мекемелердiң және ұйымдардың атауы | Лауазымдардың атауы |
1. Жалпы бiлiм беретін мектептер, оның iшiнде лицейлер (мектеп-лицейлер), гимназиялар (мектеп-гимназиялар), мамандандырылған, Тұңғыш Президенттің интеллектуалдық мектептері, шағын комплектілі, кешкi (ауысымды) және сырттай оқыту мектептерi, сырттай оқыту бөлiмдерi, эксперименттiк алаңдар, санаторлық мектептер және мектеп-интернаттар, санаторлық-орманды мектептер, барлық үлгiдегi және атаулы спорт мектептерi, мектеп-балабақшалар, балабақша-мектеп кешендерi, оқу-тәрбие, оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталықтары (кешендерi), ұзартылған күн мектептерi және ұзартылған күн топтары, үш жылдық шеберлер мектебi, музыканттық тәрбие мектебi, арнаулы білім беру ұйымдар (дене бiтiмiнiң немесе ақыл-есiнің жетiлуiнде кемiстiгi бар балалар мен жасөспiрiмдерге арналған мектептер, мектеп-интернаттар, сыныптар, ерекше тәрбиелеу жағдайын қажет ететiн балалар мен жасөспiрiмдерге арналған арнаулы ұйымдар және т.б.) барлық үлгiдегi және атаулы мектеп-интернаттар, мектеп жанындағы интернаттар, оқушыларды еңбекке баулу және кәсiптiк бағдар беретін мектепаралық оқу-өндiрiстiк комбинаттар. | 1. Мұғалiмдер, барлық мамандық педагогтары, педагог-психологтар, сурдопедагогтар, әлеуметтiк педагогтар, педагог-ұйымдастырушылар, дефектолог мұғалiмдер, мұғалiм-логопедтер, оқытушылар, логопедтер, логопедтiк пункттердiң меңгерушiлерi, тәрбиешiлер (тәрбиешi-басшылар), тәрбиешi-әдiскерлер, аға тәрбиешiлер, аға әдiскерлер (курстардағы әдiскерлер, егер бұл курстар олар үшiн негiзгi жұмыс орны болып есептелген жағдайда), концертмейстерлер, сүйемелдеушiлер, музыкалық жетекшiлер (қызметкерлер), қосымша бiлiм беру педагогтерi, массовиктер және экскурсоводтар (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн), спорт бойынша аға жаттықтырушы-оқытушылар (жаттықтырушылар, оқытушылар), вожатыйлар, аға вожатыйлар, мәдениет ұйымдастырушылар, еңбек жөнiндегi нұсқаушылар, аға шеберлер, өндiрiстiк оқу шеберлерi (нұсқаушылары), дыбыс кабинеттерiнiң нұсқаушылары, дыбыс кабинеттерiнiң меңгерушiлерi (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн), денешынықтыру жөніндегi нұсқаушылар, жүзу жөніндегі нұсқаушылар, аға нұсқаушылар-әдіскерлер, нұсқаушы-әдiскерлер (оның iшiнде денешынықтыру және спорт, туризм бойынша), басшылар, директорлар, меңгерушiлер, бастықтар, олардың орынбасарлары (көмекшiлерi) (шаруашылық жұмыс жөнiндегi қызметкерлер санатынан басқа), оқу, оқу-тәрбие, педагогикалық бөлiм меңгерушiсi, өндiрiстiк оқыту, шет тiлі жөнiндегi оқу бөлiмiнiң меңгерушiлерi, бөлiмдердiң, зертханалардың, кабинеттердiң, шеберханалардың, бөлiмшелердiң, секциялардың, секторлардың, филиалдардың, оқу-консультациялық пунктілердің, психологиялық-медициналық-педаго икалық консультациялардың меңгерушiлерi (бастықтары), курстардың, оқу-өндiрiстік, оқу курстық комбинаттардың, циклдардың бастықтары, өндiрiстiк, педагогикалық практика меңгерушiлерi, тәртiп жөнiндегi аға кезекшiлер, тәртiп жөнiндегi кезекшiлер, бастауыш әскери дайындық жөнiндегi оқытушы-ұйымдастырушылар, бiлiм беру ұйымдарындағы аудармашы-дактилолог (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiнгi сурдопедагог). |
2. Жоғары оқу орындары. | 2. Профессорлық-оқытушылық құрам, ғылыми қызметкерлер |
3. Жоғары, техникалық және кәсiптiк әскери оқу орындары | 3. Профессорлық-оқытушылық лауазымдардағы жұмыс (қызмет) |
4. Кадрларды жетiлдiру, қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру институттары, барлық атаулы әдiстемелiк ұйымдар (ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) | 4. Профессорлық-оқытушылық құрам, оқытушылар, әдiскерлер (ғылыми қызметкерлер), аға әдiскерлер, директорлар, меңгерушiлер, олардың орынбасарлары, оқу бөлiмiнiң, секторлардың, кабинеттердiң, зертханалардың меңгерушiлерi. |
5. Бiлiм беру органдары және бiлiм беру ұйымдарына басшылық етудi iске асыратын органдар. | 5. Басқарушы, инспекторлық (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн), әдiскерлiк лауазымдар, сондай-ақ педагогикалық қызметпен байланысты лауазымдар. |
6. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгi, iшкi iстер басқармалары (бас басқармалары), Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің еңбекпен түзеу мекемелерiнiң басқармалары. | 6. Аға инспекторлар (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн), жалпы бiлiм беру, оқу-тәрбие, әдiстемелiк, мектептен тыс жұмыстар, өндiрiстiк оқу, баланы қорғау, мектепке дейiнгi тәрбие және оқу жөнiндегi инспекторлар. |
7. Өндiрiстiк бiрлестiктер құрамында ұйымдастырылған мектепке дейiнгi балалар ұйымдарының, әлеуметтiк мәдени объектiлердің және спорттық ғимараттардың басқармалары (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн). | 7. Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту, жастармен жұмыс бөлiмдерiнiң инспекторлары (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн) |
8. Техникалық оқыту бөлiмдерi (бюро), кәсiпорындардың, бiрлестiктердiң кадр бөлімдері, өндiрiсте кадрлар даярлаумен және олардың бiлiктiлiгiн арттырумен айналысатын министрлiктердiң (ведомстволардың) бөлiмшелерi. | 8. Штаттық оқытушылар, өндiрiсте жұмысшыларды өндiрiстiк оқыту шеберлерi, қызметi кадрлар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру мәселесi мен байланысты басшылық, инспекторлық, инженерлiк (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн), әдiскерлiк лауазымдар |
9. ДОСААФ және азаматтық авиация оқу орындары және оқу ұйымдары. | 9. Басшылық, командалық-ұшу, командалық-нұсқаушылық, инженерлік-нұсқаушылық, нұсқаушылық, инженер-әдіскерлер, инженер-ұшқыш-әдiскерлер (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн) оқытушылық құрам және өндiрiстiк оқыту шеберлерi. |
10. Мекемелердiң, кәсiпорындардың және ұйымдардың жатақханалары, тұрғын үй-пайдалану ұйымдары, жастар тұрғын үй кешендерi, балалар кинотеатрлары, жасөспiрiм көрермен театрлары, қуыршақ театрлары, балалармен және жасөспiрiмдермен жұмыс жүргiзу жөнiндегi кәсiпорындар мен ұйымдардың мәдени-ағарту мекемелерi | 10. Тәрбиешiлер, педагог-ұйымдастырушылар, психологтар, оқытушылар, қосымша бiлiм беру педагогтары, нұсқаушылар және нұсқаушы-әдiскерлер, жаттықтырушы-оқытушылар және балалармен және жасөспiрiмдермен жұмыс жүргiзу жөнiндегi мамандар, балалар бөлiмдерiнiң, секторларының меңгерушiлерi |
11. Еңбекпен түзеу колониялары, еңбекке тәрбиелеу колониялары, тергеу изоляторлары және түрмелер, емдеу-еңбек және еңбекпен тәрбиелеу профилакторийлерi, бұрынғы әскери тұтқындар мен жер аударылғандар лагерлерiнiң бөлiмдерi, арнаулы оқу-еңбек мекемелерi | 11. Педагогикалық бiлiмi бар адамдардың бастықтың саяси-тәрбие жұмысы жөнiндегi орынбасары, саяси-тәрбие жұмысы жөнiндегi аға нұсқаушы және нұсқаушы (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн), отряд бастығы, жалпы бiлiм беру жұмысы жөнiндегi аға инспектор және инспектор, аға нұсқаушы-әдiскер, кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргiзу жөнiндегi аға нұсқаушы және нұсқаушы (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн), өндiрiстiк-техникалық оқу жөнiндегi аға инженер және инженер (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн), өндiрiстiк оқу жөнiндегi аға шебер және шебер, күзет және тәртiп жөнiндегi аға инспектор және инспектор, оқу-техникалық кабинет меңгерушiсi, психолог, аудармашы лауазымындағы жұмысы (қызметi) |