Бiлiм және ғылым ұйымдарының мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын белгiлеу Ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 21 ақпандағы N 105 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 22 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1760. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы N 302 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010.06.14 N 302 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      "Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41  P020041_ қаулысын iске асыру мақсатында 
                                БҰЙЫРАМЫН: 
      1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм және ғылым ұйымдарының мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын белгiлеу Ережесi бекiтiлсiн. 
      2. Әкiмшiлiк департаментi (С.З. Қанаев) осы бұйрықты заңнамамен белгіленген тәртiпте мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн. 
      3. Бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi және 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады. 

      Министр 

                                         Қазақстан Республикасы
                                       Бiлiм және ғылым министрiнiң
                                       2002 жылғы 21 ақпандағы N 105
                                          бұйрығымен бекiтiлген

                  Бiлiм және ғылым ұйымдарының мемлекеттiк 
            қызметшi емес қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс 
                          стажын белгiлеу Ережесi 

                             1. Жалпы ережелер 

      Осы ереже ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан мемлекеттiк қызметшi емес педагогикалық қызметкерлердiң және педагогикалық қызметкерлерге теңестiрiлген бiлiм беру қызметкерлерiнiң, ғылыми-педагогикалық және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерiнiң жұмыс стажын анықтау кезiнде қолданылады. 
      Осы Ережеге сәйкес есептелетiн мамандықтар бойынша жұмыс стажы күнтiзбелiк санау бойынша есептеледi. 
      Күнтiзбелiк айдың iшiнде лауазымдық айлығын жоғарылату құқығы пайда болған қызметкерлерге лауазымдық айлық стажы ескерiле отырып осындай құқық пайда болған күннен бастап есептеледi. 
      Мамандықтар бойынша жұмыс стажын құрамын тиiстi ұйымның басшысы бекiтетiн еңбек стажын анықтау жөнiндегi комиссия белгiлейдi. 
      Комиссияның мамандық бойынша еңбек стажын тағайындау жөнiндегi шешiмi хаттамамен ресiмделедi. Шешiмнiң көшiрмесi екi данадан жасалады және бiр данасы - кадрлар қызметiне, екiншiсi - бухгалтерияға жiберiледi. 
      Мамандық бойынша жұмыс стажын белгiлейтiн негiзгi құжат еңбек кiтапшасы (болған жағдайда) немесе жеке еңбек шарты немесе жұмысқа алу және жұмыстан босату жөнiндегi бұйрықтардың көшiрмесi болып есептеледi. 

         2. Педагогикалық қызметкерлерге және оларға теңестiрiлген 
                           адамдарға стаж есептеу 

      1. Педагогикалық жұмыс стажына Қосымшаға сәйкес мектептердегi және басқа оқу орындарындағы, тәрбие беру, әдiстемелiк ұйымдардағы, бiлiктiлiк арттыру және қайта даярлау институттарындағы (филиалдардағы), бiлiм берудi басқару органдарындағы және басқа ұйымдардағы педагогикалық жұмыстар есептеледi. 
      2. Педагогикалық қызметкерлердiң педагогикалық жұмыс стажына, егер жеке алғанда да, тұтастай алғанда да, белгiлi бiр уақыт кезеңiнiң алдында және одан кейiн негiзгi жұмыс орны бойынша тiкелей педагогикалық қызметпен жалғасқан болса, мынадай уақыт кезеңдерi есептеледi: 
      1) 1999 жылдың 15 қыркүйегiне дейiнгi педагогикалық қоғамдар мен балалар қоры басқармаларындағы нұсқаушылық және әдiстемелiк лауазымдардың, Мұғалiм үйi (бiлiм беру, кәсiптiк бiлiм беру қызметкерiнiң) директоры (меңгерушісi) лауазымының, фильмотека меңгерушiсi және фильмотекадағы әдiстемешi лауазымының, өрт сөндiру ерiктi қоғамының өрт сөндiрушi жасөспiрiмдер ерiктi дружиналарының аға нұсқаушысы және нұсқаушысы лауазымының жұмыс уақыты, кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi комиссиялардың немесе кәмелетке толмағандарды әлеуметтiк-құқықтық қорғау бөлiмдерiнiң ПМ органдары кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi инспекцияларының (милицияның балалар бөлiмдерiнiң), осы кезеңнiң алдында тiкелей педагогикалық оқу орындарында оқыған болса, ал соңынан тiкелей педагогикалық қызметпен жалғасқан жағдайдағы жұмыс уақыты; 
      2) офицерлер құрамының, прапорщиктердiң, мичмандардың мерзiмдiк әскери қызметiн өтеу уақыты, Қарулы Күштердегi, iшкi, шекаралық әскерлердегi Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының басқару органдарындағы және азаматтық қорғаныс бөлiмдерiндегi Қазақстан Республикасының ҰҚК және КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдарындағы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiндегi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы, қызметтен терiс себептермен босатылғандардан басқа қызметшiлердiң жұмыс уақыты, IIМ әскерлерiндегi мерзiмнен тыс қызмет ететiн әскери қызметшiлердiң жұмыс уақыты, Қарулы күштер және Әскери Теңiз флоты бөлiмшелерiнiң, бөлiмдерiнiң, саяси бөлiмдер (басқармалар) әскери-оқу орындарының барлық әскери қызметшiлерiнiң, сондай-ақ мәдени-ағарту мекемелерiнiң барлық қызметкерлерiнiң жұмыс уақыты; 
      3) бала көтеруiне және босануына байланысты демалыс уақыты, сондай-ақ заңнамаға сәйкес бала күту үшiн берiлген ақысыз қосымша демалыс уақыты; 
      4) егер оқуға дейiн бiлiм беру ұйымында қызмет iстеген болса және оқудан кейiн бiлiм беру ұйымына қайта оралған болса, өндiрiстен қол үзiп оқитын жолдама бойынша кадрлар даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiктi көтеру курстарындағы оқу уақыты; 
      5) бiлiм беру жүйесiндегi газет және журналдар редакторлары лауазымдарының 1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiнгi жұмыс уақыты; 
      6) атқарушы органдар басшыларының және олардың орынбасарларының, сондай-ақ барлық деңгейдегi депутаттар лауазымдық қызметтерiнiң жұмыс уақытына, осы қызметке сайланар алдындағы тiкелей педагогикалық жұмысы жалғасқан жағдайда есептеледi. 
      Егер қызметкер 2-тармақта көрсетiлген жұмыстан (қызмет атқарудан) кейiн ағымдағы оқу жылында бiлiм ұйымындағы тiкелей педагогикалық жұмысқа ауыса алмаса, оның педагогикалық жұмыс стажына педагогикалық жұмысқа келесi оқу жылының басында қабылданғандағы көрсетiлген кезеңдер қосылады. 
      3. Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң педагогикалық жұмыс стажына: 
      1) бастауыш әскери дайындық оқытушылары бойынша Қарулы Күштердегi, оның iшiнде IIМ әскерлерiндегi, ҰҚҚ әскерлерi мен органдарындағы офицер, сержант, старшина құрамы лауазымдарының прапорщиктер мен мичмандардың қызмет уақыты; 
      2) бiлiм беру ұйымдарының мұғалiмдерi мен оқытушыларына сабақ беретiн пәнiнiң саласы бiлiм беру ұйымдарының оқу пәнiне сәйкес келген жағдайда Қарулы Күштердiң әскери бөлiмдерiндегi, құрамаларындағы, кiшi мамандар даярлайтын мектептердегi және старшиналар, сержанттар және кiшi мамандар даярлайтын басқа мектептердегi қызмет уақыты; 
      3) педагогикалық бiлiмi бар және осы жұмысқа сынып жиынтықтардың уақытша қысқаруына байланысты жiберiлген мектеп кiтапханашысы ретiндегi мұғалiмдердiң (1999 жылдың 15 қыркүйегiне дейiн) жұмыс уақыты; 
      4) өнер мектебi оқытушыларының, музыкалық және көркемөнер орта мектептерi мен мектеп-интернаттарындағы арнайы пәндер оқытушыларының, колледждердегi музыкалық пәндер оқытушыларының, музыка және ән мұғалiмдерiнiң, музыкалық жетекшiлердiң, қосымша бiлiм беру педагогтарының кәсiпорындардағы, мекемелер мен ұйымдардағы жұмыс уақыты - Қарулы Күштерде сабақ беретiн пәнiнiң саласына (бiлiм беру ұйымдарындағы жұмыс саласына) сәйкес келетiн мамандықтар бойынша жұмыс уақыты; 
      5) арнайы пәндер оқытушыларына және мәдениет және өнер оқу орындарының өзге де педагогикалық қызметкерлерiне, педагогикалық, музыкалық-педагогикалық, көркем-графикалық колледждердiң (бөлiмдердiң), педагогикалық колледждерi музыкалық және көркемөнер бөлiмдерiнiң педагог қызметкерлерiне - (режиссер, дирижер, хормейстер, балетмейстер, концертмейстер, әртiс, суретшi ретiндегi) 1999 жылдың 15 қыркүйегiне дейiнгi жұмыс уақыты; 
      6) директордың өндiрiстiк оқыту жөнiндегi орынбасарларына - жоғары немесе орта арнаулы оқу орындарынан кейiнгi (оның iшiнде әскери) кәсiпорындарындағы, мекемелердегi және ұйымдардағы мамандықтар бойынша жұмыс уақыты; 
      7) өндiрiстiк оқу негiздерi, еңбек және сызу, көркемсурет өнерi, информатика және есептеу техникасының негiздерi, оқу пәндерiн теориялық, практикалық жағынан тереңдетiп оқытатын мектептердiң (сыныптардың) мұғалiмдерiне (қосымша бiлiм беру оқытушыларына, педагогтарына, шеберлерiне), эксперименттiк мекемелердiң, мектептен тыс ұйымдардың педагог қызметкерлерiне - беретiн пәндерiнің саласына (бiлiм беру ұйымдарындағы жұмыс саласына) сәйкес келетiн мамандықтар бойынша басқа ұйымдардағы, сондай-ақ Қарулы Күштердегi қызметтiң жұмыс уақыты; 
      8) арнайы пәндер оқытушыларына, сондай-ақ орта кәсiптiк бiлiм беру бойынша оқу-әдiстемелiк кабинеттердiң әдiстемешiлерiне және аға әдiстемешiлерiне және информатика және есептеу техникасының негiздерi пәнiнiң оқытушыларына кәсiпорындардағы, жоғары оқу орнын бiтiргеннен кейiн жоғары оқу орнында алған мамандығы бойынша (оның iшiнде әскери) мекемелер мен ұйымдарда кемiнде 5 жыл еңбек еткен жұмыс уақыты, сондай-ақ жоғары оқу орнында алған мамандығы бойынша Қарулы Күштер қатарында қызмет еткен уақыты (оны жалғастыруына қарамастан); 
      9) мектептен тыс ұйымдардың, әдiстемелiк кабинеттердiң, мұғалiмдердiң бiлiмiн жетiлдiру институттарының әдiстемешiлерiне, қосымша бiлiм беру педагогтерiне, мәдениет ұйымдастырушыларына, экскурсоводтарға - ұйымдардағы жұмыс уақыты және бiлiм беру ұйымдарындағы жұмыс саласына сәйкес келетiн мамандықтар саласы бойынша Қарулы Күштер қатарындағы қызмет уақыты; 
      10) мектепке дейiнгi ұйымдардың, бөбектер үйiнiң тәрбиешiлерiне (аға тәрбиешiлерiне), меңгерушiлерiне бөбекжайлардың және бөбекжай-бақшалардың, бөбектер үйлерiнiң медициналық бике ретiндегi 1999 жылдың 15 қыркүйегiне дейiнгi жұмыс уақыты; 
      11) бiлiм беру ұйымдарының, көрсетiлген лауазымдарды қоспағанда концертмейстер және сүйемелдеушi мамандықтары бойынша жұмыс стажына - жоғары және орта кәсiптiк оқу орындары арнайы пәндерiнiң оқытушылары, тиiстi жанрдың дирижерлары және әртiстерi, хормейстерлерi, көркемдiк жетекшiлерi, режиссерлерi, музыка мектебiнiң оқытушылары, сондай-ақ жалпы бiлiм беру мектептерiндегi ән және музыка мұғалiмдерi, музыкалық жетекшiлерi ретiндегi жұмыс уақыты есептеледi. 
      4. Республикадан тыс жерлердегi Ережеде қарастырылған тиiстi ұйымдардың тиiстi лауазымдарының педагогикалық жұмыстары (оның iшiнде шарт бойынша) егер ол Қазақстан Республикасының аумағында педагогикалық стажға шектеусiз есептелетiн болса, жұмыс уақытына шектеусiз есептеледi. 
      5. Кәсiпорындар, мекемелер және ұйымдар қызметкерлерiнiң бiлiм беру ұйымдарындағы сағаттық төлем шарты бойынша орындалатын педагогикалық жұмысы, егер оның көлемi оқу жылында 180 сағаттан кем болмаса, педагогикалық стажға қосылады. Педагогика жүктеме аз көлемде орындалған жағдайда жұмыс уақыты нақты орындалған жұмыс уақытына пропорционалды есептеледi. 
      6. Барлық үлгiдегi және атаулы бiлiм беру ұйымдарының басшыларына, директорларына, меңгерушiлерiне, бастықтарына, олардың орынбасарларына (көмекшiлерiне) (шаруашылық жұмысы жөнiндегi қызметкерлер категорияларынан басқа) педагогикалық жұмыс стажына педагогикалық (және оған теңестiрiлген) лауазымдар жұмыстары есептеледi. 

          3. Ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге жұмыс 
                               стажын есептеу 

      7. Ғылыми-педагогикалық және ғылыми жұмыс стажына: 
      1) кафедра меңгерушiсi, профессор, доцент, аға оқытушы, ассистент, оқытушы, оқытушы-стажер, стажер-зерттеушi, ректор (директор), бiрiншi проректор, оқу iсi жөнiндегi проректор, ғылыми жұмыс жөнiндегi проректор (директордың орынбасары), сырттай және кешкi оқыту жөнiндегi проректор, халықаралық байланыстар жөнiндегi проректор, тәрбие iсi жөнiндегi проректор, факультет деканы (институт директоры), филиал директоры лауазымдарының педагогикалық және басшылық жұмыс уақыты; 
      2) КСРО Ғылым академиясындағы, бұрынғы одақтас республикалар және ТМД елдерi академияларындағы, Қазақ КСР Ғылым академиясындағы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясындағы, егер ғылыми қызмет негiзгi қызмет болса, мамандандырылған және қоғамдық академиялардағы (бұдан әрi - Академия) президент, вице-президент, Академия президиумының бас хатшы ғалымы, Академия президиумның төрағасы, Академия филиалы басшысының немесе президиум төрағасының орынбасары, Академия президиумының мүшесi, Академия ғылымдар бөлiмiнiң академик-хатшысы, Академия ғылымдар бөлiмiнiң немесе президиумының ғалым хатшысы, Академия президиумы бас ғалым хатшысының немесе филиал басшысының орынбасары, бас ғылыми қызметкер, жетекшi ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, кiшi ғылыми қызметкер лауазымдарының басшылық жұмыс уақыты; 
      3) жоғары оқу орындары жанындағы дайындық бөлiмдерiнiң оқытушылық жұмыс стажы; КСРО Ғылым академиясы, Қазақ КСР Ғылым академиясы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясындағы шет тiлдер, мемлекеттiк тiл және философия кафедраларының педагогикалық жұмыс уақыты; 
      4) жоғары оқу орындарындағы, олардың жанындағы дайындық бөлiмдерiндегi, бiлiктiлiк арттыру институттарындағы оқу жылының жүктеме көлемi кемiнде 225 сағаттық сағат шарты бойынша ақы төлеу педагогикалық жұмысының нақты уақыты. Ғылыми-педагогикалық жүктеме аз көлемде орындалған жағдайда жұмыс уақыты нақты орындалған жұмыс уақытына пропорционалды мөлшерде есептеледi; 
      5) ғылыми атағы немесе ғылыми дәрежесi бар ректордың, проректордың (директордың, директор орынбасарының) лауазымдық жұмыс уақыты; мұғалiмдер бiлiмiн жетiлдiру интитуттарының және жоғары оқу орындары үшiн тағайындалған еңбекақы төлеу шарты бойынша жұмыс iстейтiн кафедралардың педагогикалық жұмыс уақыты; 
      6) ғылыми атағы немесе дәрежесi бар директор, директордың оқу (оқу-тәрбиелiк) iсi және өндiрiстiк оқу жөнiндегi, оқу-өндiрiстiк жұмыс жөнiндегi орынбасарлары, жалпы бiлiм беру мектептерiнiң, орта арнаулы және кәсiптiк-техникалық оқу орындарының оқытушылары лауазымдарының жұмыс уақыты; 
      7) шет ел жоғары оқу орындарындағы немесе ғылыми-зерттеу ұйымдарындағы (жолдама бойынша) ғылыми-педагогикалық жұмыс уақыты; 
      8) барлық деңгейдегi депутаттар лауазымдық қызметтерiнiң жұмыс уақыты осы қызметке сайланар алдындағы тiкелей ғылыми, ғылыми-педагогикалық жұмысы жалғасқан жағдайда есептеледi; 
      9) бала көтеруiне және босануына байланысты демалыс уақыты, сондай-ақ заңнамаға сәйкес бала күту үшiн берiлген ақысыз қосымша демалыс уақыты есептеледi. 
      8. Ғылыми жұмыс стажына ұлттық ғылыми (академиялық) орталықтардағы, мемлекеттiк ұлттық орталықтардағы, ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiктердегi, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың филиалдарындағы, технопарктардағы, технополистердегi, Сейсмологиялық тәжiрибе-әдiстемелiк экспедициялардағы және басқа тәжiрибе-әдiстемелiк экспедициялардағы, станциялардағы және өзге де ғылыми ұйымдардағы Қазақстан Республикасының "Ғылым туралы және ғылыми-техникалық саясаты туралы 1992 жылғы 15 қаңтардағы N 1129-ХІІ Заңымен, "Ғылым туралы" 2001 жылғы 9 шiлдедегi N 225-II  Z010225_ Заңымен (2001 жылғы 19 шiлдеден күшiне енген) белгiленген бас директор, директор (бастық), директордың (бастықтың) ғылыми жұмыс жөнiндегi орынбасары, ғылыми-зерттеу бөлiмшесi, бөлiмi, зертханасы және секторының меңгерушiсi (бастығы), бас ғылыми хатшы, ғылыми хатшы, бас ғылыми қызметкер, жетекшi ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, кiшi ғылыми қызметкер, стажер-зерттеушi лауазымдарының ғылыми жұмыс уақыты есептеледi. Ғылыми ұйымдардағы нақты ғылыми жұмыс уақыты, егер қызметкер кемiнде 0,25 ставкамен жұмыс iстесе, жылдық ғылыми стаж ретiнде есептеледi. 

     4. Педагогикалық, ғылыми, ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге 
        жатпайтын қызметкерлерге мамандығы бойынша жұмыс стажын 
                                   есептеу 

      9. Еңбекақы төлеудiң тарифтiк-бiлiктiлiк кестесiне сәйкес мамандық бойынша жұмыс стажына мамандық бойынша ұйымдарда iстелген барлық жұмыс уақыты, сондай-ақ мынадай уақыттар кiредi: 
      1) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлiк құрамдағы адамдардың, прапорщиктердiң, мичмандардың, мерзiмсiз қызметтегi әскери қызметшiлердiң, Қарулы күштерде, iшкi шекара әскерлерiнде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының азаматтық қорғаныс басқармасы органдары мен бөлiмшелерiнде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен бұрынғы КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланында мiндеттi әскери қызметiн өткерген уақыты; 
      2) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа басшы құрамдағы адамдардың iшкi iстер жүйесiндегi қызмет өткерген, прокуратура органдарындағы қызмет, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСРО Одағында сот аппаратында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiнде жұмыс iстеген уақыты; 
      3) Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының iшкi органдарында, прокуратура органдарында, соттарында, КСРО мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары мен Мемлекеттiк тергеу комитетiнде еңбек сiңiрген жылдарына үстеме ақы алу құқығын беретiн лауазымдарда жұмыс iстеген уақыт; 
      4) КСРО мемлекеттiк банкiсi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң жүйесiнде жұмыс iстеген уақыт; 
      5) Бала көтеруiне болуына және босануына байланысты демалыс уақыты, сондай-ақ заңнамаға сәйкес бала күту үшiн берiлген ақысыз қосымша демалыс уақыты; 
      6) қызмет саласына қарамастан осындай мамандықтар бойынша ұйымдарда өткiзген үйлес лауазымдық жұмыстар уақыты; 
      7) барлық деңгейдегi депутаттар лауазымдық қызметтерiнiң жұмыс уақыты; 
      8) сол мамандық бойынша мемлекеттiк қызметте болған уақыты. 

                                      Қазақстан Республикасы
                                    Бiлiм және ғылым министрiнiң
                                      2002 жылғы 21 ақпандағы 
                                     N 105 бұйрығымен бекiтiлген 
                                     бiлiм және ғылым ұйымдарының
                                       мемлекеттiк қызметшi емес
                                       қызметкерлерiне мамандық
                                        бойынша жұмыс стажын
                                         белгiлеу Ережесiне
                                               Қосымша

      Оқу-тәрбие ұйымдарындағы тиiстi лауазымдық жұмыс уақыты 
           мамандық бойынша қызметкерлердiң жұмыс стажына
           есептелетiн оқу орындарының, ұйымдарының және
                        лауазымдарының тiзбесi

Оқу орындарының, мекемелердiң            Лауазымдардың атауы
      және ұйымдардың атауы

                 1                                    1
     Жалпы бiлiм беру мектептерi,           Мұғалiмдер, барлық мамандық 
оның iшiнде лицейлер (мектеп-лицей.    педагогтары, педагог-психологтар, 
лер), гимназиялар (мектеп-гимназия.    сурдопедагогтар, әлеуметтiк 
лар), мамандандырылған шағын комплек.  педагогтар, педагог-ұйымдастырушы. 
тілі, кешкi (ауысымды) және сырттай    лар, мұғалiм-дефектологтар, мұғалiм-
оқыту мектептерi, сырттай оқыту        логопедтер, оқытушылар, логопедтер, 
бөлiмдерi, эксперименттiк алаңдар,     логопедтiк пункттердiң меңгерушi.
санаторлық мектептер және мектеп-      лерi, тәрбиешiлер (тәрбиешi-басшы.
интернаттар, санаторлық-орманды        лар), тәрбиешi-әдiстемешілер, аға 
мектептер, барлық үлгiдегi және        тәрбиешiлер, аға әдiстемешілер 
атаулы спорт мектептерi,мектеп-бала    (курстардағы әдiстемешiлер, егер бұл
бақшалар, бала бақша-мектеп            курстар олар үшiн негiзгi жұмыс
кешендерi, оқу-тәрбие, оқу-сауықтыру,  орны болып есептелген жағдайда),
оқу-тәрбие орталықтары (кешендерi),    концертмейстерлер, сүйемелдеушiлер,
ұзартылған күн мектептерi және         музыкалық жетекшiлер (қызметкерлер),
ұзартылған күн топтары, үш жылдық      қосымша бiлiм беру педагогтерi, 
шеберлер мектебi, музыканттық тәрбие   массовиктер және экскурсоводтар 
мектебi, арнаулы коррекциялық          (1999 жылдың 15 қыркүйегiне дейiн), 
ұйымдар (дене бiтiмiнiң немесе         спорт бойынша аға жаттықтырушы- 
ақыл-есiнің жетiлуiнде кемiстiгi       оқытушылар (жаттықтырушылар, 
бар балалар мен жасөспiрiмдерге        оқытушылар), вожатыйлар, аға 
арналған мектептер,мектеп-             вожатыйлар, мәдени ұйымдастырушылар,
интернаттар, сыныптар, ерекше          еңбек жөнiндегi нұсқаушылар, аға
тәрбиелеу жағдайын қажет ететiн        шеберлер, өндiрiстiк оқу 
балалар мен жасөспiрiмдерге            шеберлерi (нұсқаушылары), тiкелей 
арналған арнаулы ұйымдар және          оқу-педагогикалық қызметпен айналы. 
т.б.) барлық үлгiдегi және атаулы      сатын өндiрiстiк оқу шеберлерi 
мектеп-интернаттар, мектеп             (нұсқаушылары), дыбыс кабинеттерiнiң
жанындағы интернаттар, оқушыларды      нұсқаушылары, дыбыс кабинеттерiнiң 
еңбекке баулу және кәсiптiк бағдар     меңгерушiлерi, денешынықтыру жөнін.
мектепаралық оқу-өндiрiстiк            дегi нұсқаушылар, аға нұсқаушылар,  
комбинаттары.                          аға нұсқаушы-әдiстемешiлер (оның
     Музыкалық және көркем-өнер        iшiнде денешынықтыру және спорт,
мектептерi мен мектеп-интернаттары.    туризм бойынша), басшылар, директор.
Мамандандырылған әскери орта           лар, меңгерушiлер, бастықтар, 
мектептер, мектеп-интернаттар және     олардың орынбасарлары (көмекшiлерi) 
училищелер.                            (шаруашылық жұмысы жөнiндегi
     Логопедтiк пункттар, психология.  қызметкерлер категорияларынан 
лық-медициналық-педагогикалық          басқа), оқу, оқу-тәрбие, педагогика.
консультациялар.                       лық бөлiм меңгерушiсi, өндiрiстiк
     Балалар үйлерi, отбасы            оқу, шет тiл жөнiндегi оқу бөлiмi.  
үлгiсiндегi балалар үйлерi, үмiт       нiң меңгерушiсi, бөлiмдердiң, 
үйлерi, бөбек үйлерi, жасөспiрiмдер    зертханалардың, кабинеттердiң,
үйлерi, балалар деревнясы, балалар     шеберханалардың, бөлiмшелердiң,
қалашықтары және басқалар.             секциялардың, секторлардың, филиал. 
     Балалардың еңбек және             дардың, оқу-консультациялық пункт.
тәрбиелiк-еңбек колониялары, балалар   теердің, психологиялық-медициналық-
қабылдау пункттерi, кәмелетке          педагогикалық консультациялардың
толмағандарға арналған қабылдау-бөлу   меңгерушiлерi (бастықтары), курстар.
орындары, мектеп-колониялар (атауына   дың, оқу-өндiрiстік, оқу курстық
қарамастан), ғылыми медициналық-       комбинаттардың, циклдардың бастықта.
педагогикалық консультациялар,         ры, өндiрiстiк, педагогикалық 
еңбекке тәрбиелеу институттары,        практика меңгерушiлерi, тәртiп 
шәлкес мiнездi адамдарды ерекше        жөнiндегi аға кезекшiлер, тәртiп 
жағдайда ұстайтын бiлiм беру           жөнiндегi кезекшiлер, бастауыш 
ұйымдары.                              әскери дайындық жөнiндегi оқытушы-
     Мектепке дейiнгi ұйымдардың       ұйымдастырушылар, бiлiм беру
барлық түрлерi мен атаулары            ұйымдарындағы аудармашы-дактилолог  
(балалар бақшалары, бөбекжай-          (1999 жылдың 15 қыркүйегiне дейiнгi
бақшалар, бөбекжайлар).                сурдопедагог). 
     Мектептен тыс балалар ұйымдары
(номенклатураға сәйкес).
     Клубтар, мәдениет сарайлары 
және тұрғын үй-пайдалану ұйымдары 
жанындағы оқушы бөлмелерi.
     Кәсiптiк орта бiлiм беру оқу 
орындары (колледждер, училищелер).
     Кәсiптiк бастауыш бiлiм беру оқу
орындарының фабрика-заводтық оқуы 
және тәлiмгерлiгi, азаматтық авиация
бөлiмдерiнiң оқу-жаттығу мектептерi 
және атауына қарамастан кадрлар
даярлау жөнiндегi басқа да оқу 
орындары.
     Бiлiктiлiк арттыру жөнiндегi
тұрақты жұмыс iстейтiн курстар мен 
басқа да курстар (оның iшiнде сырттан
оқытатын курстар).
     Денсаулық сақтау және әлеуметтiк
қамсыздандыру мекемелерi: бөбек 
үйлерi, балалар санаторийлерi,
клиникалар, емханалар, ауруханалар 
және басқалар, сондай-ақ ересектер
мекемелерiндегi балаларға арналған 
бөлiмдер, палаталар.
     Бiлiм беру ұйымдарының 
филиалдары.
     Студиялар, клубтар
     Студенттiк-зерттеу бюросы
     Оқу-консультациялық пункттер, 
оқу (оқу-жаттығу) орталықтары, оқу-
өндiрiстiк, оқу курстiк комбинаттар,
оқу-ғылыми-өндiрiстiк кешендер,
оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие 
орталықтары.
     Лагерлер (спорттық-қорғаныс, 
сауықтыру, мектептiк, еңбек және 
демалыс лагерлерi).
     Бiлiм беру ұйымдарының оқу 
полигондары.            

               2                                       2
     Кәсiптiк жоғары оқу орындары           Профессорлық-оқытушылық құрам, 
                                       концертмейстерлер, сүйемелдеушiлер

               3                                       3
     Кәсiптiк жоғары және орта әскери       Профессорлық-оқытушылық 
оқу орындары                           лауазымдар жұмысы (қызметi)

               4                                       4 

     Кадрларды жетiлдiру, қайта             Профессорлық-оқытушылық құрам,
даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру инсти.   оқытушылар, әдiстемешiлер (ғылыми 
туттары, барлық атаулы әдiстемелiк     қызметкерлер), аға әдiстемешiлер,
ұйымдар (ведомтсволық бағыныстылы.     директорлар, меңгерушiлер, олардың
ғына қарамастан)                       орынбасарлары, оқу бөлiмiнiң,
                                       секторлардың, кабинеттердiң,
                                       зертханалардың меңгерушiлерi

               5                                       5

     1) Бiлiм беру органдары, оқу           1) Басқарушы, инспекторлық
орындарына және басқа да бiлiм беру    (1999 жылғы қыркүйекке дейiн),   
ұйымдарына басшылық етудi iске асыру   әдiстемелiк лауазымдар, сондай-ақ 
органдары.                             мамандардың өзге де педагогикалық   
                                       қызметпен байланысты лауазымдары
     2) Республика Iшкi Iстер               2) Аға инспекторлар (1999 
министрлiгi, iшкi iстер басқармалары   жылдың 15 қыркүйегiне дейiн), 
(бас басқармалары), IIМ еңбекпен       жалпы бiлiм беру, оқу-тәрбие, 
түзеу мекемелерiнiң басқармалары       әдiстемелiк, мектептен тыс жұмыстар,
                                       өндiрiстiк оқу, баланы қорғау,
                                       мектепке дейiнгi тәрбие және оқу
                                       жөнiндегi инспекторлар
     3) Құрамында ұйымдастырылған           3) Мектепке дейiнгi тәрбие және
мектепке дейiнгi балалар ұйымда.       оқу, жастармен жұмыс бөлiмдерiнiң
рының, әлеуметтiк мәдени               инспекторлары (1999 жылдың 15 
объектiлерінің және спорттық           қыркүйегiне дейiн) 
ғимараттардың басқармалары бар 
өндiрiстiк бiрлестiктер (1999 жылғы 
қыркүйекке дейiн)
     4) Техникалық оқыту бөлiмдерi          4) Штаттық оқытушылар, өндi. 
(бюро), кәсiпорындардың, бiрлестiк.    рiсте жұмысшыларды өндiрiстiк оқыту
тердiң, өндiрiсте кадрлар даярлаумен   шеберлерi, қызметi кадрлар даярлау 
және олардың бiлiктiлiгiн арттырумен   және олардың бiлiктiлiгiн арттыру
айналысатын министрлiктердiң           мәселесi мен байланысты басшылық,
(ведомстволардың) бөлiмшелерi          инспекторлық, инженерлiк (1999      
                                       жылдың 15 қыркүйегiне дейiн),
                                       әдiстемешiлiк лауазымдар   

               6                                       6

     ДОСААФ және азаматтық авиация          Басшылық, командалық-ұшу,
оқу орындары және оқу ұйымдары         командалық-нұсқаушылық, инженерлік  
                                       -нұсқаушылық, нұсқаушылық,          
                                       инженер-әдістемеші, инженер-ұшқыш-
                                       әдiстемешi (1999 жылдың 15          
                                       қыркүйегiне дейiн) және оқытушылық  
                                       құрам, өндiрiстiк оқу шеберлерi.

               7                                       7 

     Мекемелердiң, кәсiпорындардың          Тәрбиешiлер, педагог-ұйымдасты.
және ұйымдардың жатақханалары,         рушылар, психологтар, оқытушылар,  
тұрғын үй-пайдалану ұйымдары, жастар   қосымша бiлiм беру педагогтары,
тұрғын үй кешендерi, балалар           нұсқаушылар және нұсқаушы-әдiсте.
кинотеатрлары, жасөспiрiм көрермен     мешiлер, жаттықтырушы-оқытушылар
театрлары, қуыршақ театрлары,          және балалармен және жасөспiрiм. 
балалармен және жасөспiрiмдермен       дермен жұмыс жүргiзу жөнiндегi 
жұмыс жүргiзу жөнiндегi кәсiпорын.     өзге де мамандар, балалар бөлiмде.
дар мен ұйымдардың мәдени-ағарту       дерiнiң, секторларының меңгерушiлерi
мекемелерi                             

               8                                       8

     Еңбекпен түзеу колониялары,            Педагогикалық бiлiмi барлардың
еңбекке тәрбиелеу колониялары,         лауазымдық жұмысы (қызметi): бастық.
тергеу изоляторлары және түрмелер,     тың саяси-тәрбие жұмысы жөнiндегi
емдеу-еңбек және еңбекпен тәрбиелеу    орынбасары, саяси-тәрбие жұмысы     
профилакторийлерi, бұрынғы әскери      жөнiндегi аға нұсқаушы және нұсқаушы
тұтқындар мен жер аударылғандар        (1999 жылдың 15 қыркүйегiне дейiн),
лагерлерiнiң бөлiмдерi, арнаулы        отряд бастығы, жалпы бiлiм беру
оқу-еңбек мекемелерi                   жұмысы жөнiндегi аға инспектор және 
                                       инспектор, аға нұсқаушы-әдiстемешi, 
                                       кәмелетке толмағандармен жұмыс      
                                       жүргiзу жөнiндегi аға нұсқаушы және 
                                       нұсқаушы, өндiрiстiк-техникалық оқу
                                       жөнiндегi аға инженер және инженер, 
                                       өндiрiстiк оқу жөнiндегi аға шебер  
                                       және шебер, күзет және тәртiп       
                                       жөнiндегi аға инспектор және        
                                       инспектор, оқу-техникалық кабинет   
                                       меңгерушiсi, психолог, аудармашы
___________________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады