Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің бірқатар бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 қаңтарда № 26619 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің өзгерістер енгізілетін бірқатар бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасының
  Білім және ғылым министрі
  2022 жылғы 12 қаңтардағы
  № 7 бұйрығына
  қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің өзгерістер енгізілетін бірқатар бұйрықтарының тізбесі

      1. "Білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлеріне мамандық бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 302 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6340 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiне қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20622 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларында:

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Шағын жинақты жалпы білім беретін мектептердің педагогтерінің жалақысы педагогикалық жұмыстың бір аптадағы нақты оқу жүктемесі үшін есептеледі, бірақ сынып-жиынтыққа кіретін басқа сыныптармен салыстырғанда оқу уақытының ең көп көлемі көрсетілген сынып-жиынтыққа кіретін сыныптың оқу жоспарында көзделгеннен жоғары емес.

      Бір мұғалімге бір жарым ауысымдағы жұмысы үшін жалақы оқушылардың жалпы контингенті 20 адамға дейін екі бастауыш сынып, оқушылардың жалпы контингенті 15 адамға дейін үш бастауыш сынып, оқушылардың жалпы контингенті 10 адамға дейін төрт бастауыш сынып болған кезде білім алушылар біріктірілетін сынып-жиынтығы бар оқу жоспары бойынша оқу уақытының көлеміне байланысты есептеледі.

      Егер екі бастауыш сыныптағы оқушылар саны 20 және одан да көп адамды құраса, әрбір мұғалімге жеке сыныбымен жұмыс істегені үшін жалақы есептеледі.

      Егер оқушылардың саны 15 және одан да көп адам болса, үш бастауыш сынып біріктірілгенде, 10 және одан да көп адам санымен төрт бастауыш сыныптарды біріктірген кезде мұғалімге жалақы әрбір сынып-жиынтыққа есептеледі.

      Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған 15 білім алушыдан (тәрбиеленушіден) кем арнайы білім беру ұйымдарын қоспағанда, мектептер мен мектеп-интернаттардың сыныптарында сыныптарға басшылық жасағаны, дәптерлерін және жазбаша жұмыстарын тексергені үшін лауазымдық айлықақыларына (мөлшерлемелеріне) қосымша ақы қаулыда белгіленген мөлшердің 50 пайызы мөлшерінде жүргізіледі. Бұл тәртіп сыныптарды кіші топтарға бөлу кезінде де қолданылады.";

      3. "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендерге қажеттілігін болжау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 97 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13307 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге қажеттілігін болжау әдістемесін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендерге қажеттілігін болжау әдістемесі бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендерге қажеттілігін болжау әдістемесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге қажеттілігін болжау әдістемесі";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендерге қажеттілігін болжау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.".

  Қазақстан Республикасының
  Білім және ғылым министрі
  2022 жылғы 12 қаңтардағы
  № 7 бұйрығына
  қосымша

Ондағы жұмыс уақыты оқу-тәрбие ұйымдарындағы тиiстi лауазымдардағы қызметкерлердiң мамандық бойынша жұмыс стажына есептелетiн оқу орындарының, ұйымдарының және лауазымдарының тiзбесi

Оқу орындарының, мекемелердiң және ұйымдардың атауы

Лауазымдардың атауы

1. Жалпы бiлiм беретін мектептер, оның iшiнде лицейлер (мектеп-лицейлер), гимназиялар (мектеп-гимназиялар), мамандандырылған, Тұңғыш Президенттің интеллектуалдық мектептері, шағын комплектілі, кешкi (ауысымды) және сырттай оқыту мектептерi, сырттай оқыту бөлiмдерi, эксперименттiк алаңдар, санаторлық мектептер және мектеп-интернаттар, санаторлық-орманды мектептер, барлық үлгiдегi және атаулы спорт мектептерi, мектеп-балабақшалар, балабақша-мектеп кешендерi, оқу-тәрбие, оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталықтары (кешендерi), ұзартылған күн мектептерi және ұзартылған күн топтары, үш жылдық шеберлер мектебi, музыканттық тәрбие мектебi, арнаулы білім беру ұйымдар (дене бiтiмiнiң немесе ақыл-есiнің жетiлуiнде кемiстiгi бар балалар мен жасөспiрiмдерге арналған мектептер, мектеп-интернаттар, сыныптар, ерекше тәрбиелеу жағдайын қажет ететiн балалар мен жасөспiрiмдерге арналған арнаулы ұйымдар және т.б.) барлық үлгiдегi және атаулы мектеп-интернаттар, мектеп жанындағы интернаттар, оқушыларды еңбекке баулу және кәсiптiк бағдар беретін мектепаралық оқу-өндiрiстiк комбинаттар.
  Музыкалық және көркем-өнер мектептерi мен мектеп-интернаттары. Мамандандырылған әскери орта мектептер, мектеп-интернаттар және училищелер. Логопедтiк пунктілер, психологиялық-медициналық-педаго икалық консультациялар.
Оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, түзету және инклюзивтік білім кабинеттері. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық білім ұйымдары, жасөспiрiмдер үйлерi, балалар деревнясы, балалар қалашықтары, балалар үйлері, кәмелетке толмаған балаларға арналған жетімханалар.
Балалардың еңбек және тәрбиелiк-еңбек колониялары, балалар қабылдау пунктілерi, кәмелетке толмағандарға арналған қабылдау-бөлу орындары, мектеп-колониялар (атауына қарамастан), ғылыми медициналық-педагогикалық консультациялар, еңбекке тәрбиелеу институттары, шәлкес мiнездi адамдарды ерекше жағдайда ұстайтын бiлiм беру ұйымдары.
Мектепке дейiнгi ұйымдардың барлық түрлерi мен атаулары (балабақшалар, бөбекжай-бақшалар, бөбекжайлар, мектепке дейінгі мини орталықтар).
Мектептен тыс балалар ұйымдары (номенклатураға сәйкес).
Клубтар, мәдениет сарайлары және тұрғын үй-пайдалану ұйымдары жанындағы оқушы бөлмелерi.
Техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдары:
кәсіптік лицей;
колледж;
училище;
кәсіптік-еңбекпен оқыту орталықтары;
еңбекпен түзету мекемелері жанындағы кәсіптік мектеп (лицей);
мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған кәсіптік мектеп (лицей);
жетім балаларға арналған кәсіптік лицейлер;
әскери-техникалық мектеп;
өңіраралық кәсіптік білім беретін орталық;
жоғары техникалық мектеп;
кәсіптік-техникалық оқыту орталығы;
фабрика-зауыттық оқыту және тәлімгерлік мектебі, азаматтық авиация мектептерi мен оқу-жаттығу бөлiмшелерi және атауына қарамастан кадрлар даярлау жөнiндегi оқу орындары.
Бiлiктiлiкті арттыру жөнiндегi курстарды, оның iшiнде сырттан оқытатын курстарды іске асыратын ұйымдар.
Денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамсыздандыру мекемелерi: бөбек үйлерi, балалар санаторийлерi, клиникалар, емханалар, ауруханалар, сондай-ақ ересектер мекемелерiндегi балаларға арналған бөлiмшелер, палаталар. Жоғары оқу орындарының филиалын қоспағандағы бiлiм беру ұйымдарының филиалдары. Студиялар, клубтар.
Студенттiк-зерттеу бюролары.
Оқу-консультация пунктілері, оқу (оқу-жаттығу) орталықтары, оқу-өндiрiстiк, оқу курстық комбинаттар, оқу-ғылыми-өндiрiстiк кешендер, оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталықтары.
Лагерлер (спорттық-қорғаныс, сауықтыру, мектептiк, еңбек және демалыс лагерлерi).
Бiлiм беру ұйымдарының оқу полигондары.
Оқу шаруашылықтары

1. Мұғалiмдер, барлық мамандық педагогтары, педагог-психологтар, сурдопедагогтар, әлеуметтiк педагогтар, педагог-ұйымдастырушылар, дефектолог мұғалiмдер, мұғалiм-логопедтер, оқытушылар, логопедтер, логопедтiк пункттердiң меңгерушiлерi, тәрбиешiлер (тәрбиешi-басшылар), тәрбиешi-әдiскерлер, аға тәрбиешiлер, аға әдiскерлер (курстардағы әдiскерлер, егер бұл курстар олар үшiн негiзгi жұмыс орны болып есептелген жағдайда), концертмейстерлер, сүйемелдеушiлер, музыкалық жетекшiлер (қызметкерлер), қосымша бiлiм беру педагогтерi, массовиктер және экскурсоводтар (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн), спорт бойынша аға жаттықтырушы-оқытушылар (жаттықтырушылар, оқытушылар), вожатыйлар, аға вожатыйлар, мәдениет ұйымдастырушылар, еңбек жөнiндегi нұсқаушылар, аға шеберлер, өндiрiстiк оқу шеберлерi (нұсқаушылары), дыбыс кабинеттерiнiң нұсқаушылары, дыбыс кабинеттерiнiң меңгерушiлерi (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн), денешынықтыру жөніндегi нұсқаушылар, жүзу жөніндегі нұсқаушылар, аға нұсқаушылар-әдіскерлер, нұсқаушы-әдiскерлер (оның iшiнде денешынықтыру және спорт, туризм бойынша), басшылар, директорлар, меңгерушiлер, бастықтар, олардың орынбасарлары (көмекшiлерi) (шаруашылық жұмыс жөнiндегi қызметкерлер санатынан басқа), оқу, оқу-тәрбие, педагогикалық бөлiм меңгерушiсi, өндiрiстiк оқыту, шет тiлі жөнiндегi оқу бөлiмiнiң меңгерушiлерi, бөлiмдердiң, зертханалардың, кабинеттердiң, шеберханалардың, бөлiмшелердiң, секциялардың, секторлардың, филиалдардың, оқу-консультациялық пунктілердің, психологиялық-медициналық-педаго икалық консультациялардың меңгерушiлерi (бастықтары), курстардың, оқу-өндiрiстік, оқу курстық комбинаттардың, циклдардың бастықтары, өндiрiстiк, педагогикалық практика меңгерушiлерi, тәртiп жөнiндегi аға кезекшiлер, тәртiп жөнiндегi кезекшiлер, бастауыш әскери дайындық жөнiндегi оқытушы-ұйымдастырушылар, бiлiм беру ұйымдарындағы аудармашы-дактилолог (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiнгi сурдопедагог).

2. Жоғары оқу орындары.

2. Профессорлық-оқытушылық құрам, ғылыми қызметкерлер

3. Жоғары, техникалық және кәсiптiк әскери оқу орындары

3. Профессорлық-оқытушылық лауазымдардағы жұмыс (қызмет)

4. Кадрларды жетiлдiру, қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру институттары, барлық атаулы әдiстемелiк ұйымдар (ведомстволық бағыныстылығына қарамастан)

4. Профессорлық-оқытушылық құрам, оқытушылар, әдiскерлер (ғылыми қызметкерлер), аға әдiскерлер, директорлар, меңгерушiлер, олардың орынбасарлары, оқу бөлiмiнiң, секторлардың, кабинеттердiң, зертханалардың меңгерушiлерi.

5. Бiлiм беру органдары және бiлiм беру ұйымдарына басшылық етудi iске асыратын органдар.

5. Басқарушы, инспекторлық (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн), әдiскерлiк лауазымдар, сондай-ақ педагогикалық қызметпен байланысты лауазымдар.

6. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгi, iшкi iстер басқармалары (бас басқармалары), Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің еңбекпен түзеу мекемелерiнiң басқармалары.

6. Аға инспекторлар (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн), жалпы бiлiм беру, оқу-тәрбие, әдiстемелiк, мектептен тыс жұмыстар, өндiрiстiк оқу, баланы қорғау, мектепке дейiнгi тәрбие және оқу жөнiндегi инспекторлар.

7. Өндiрiстiк бiрлестiктер құрамында ұйымдастырылған мектепке дейiнгi балалар ұйымдарының, әлеуметтiк мәдени объектiлердің және спорттық ғимараттардың басқармалары (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн).

7. Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту, жастармен жұмыс бөлiмдерiнiң инспекторлары (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн)

8. Техникалық оқыту бөлiмдерi (бюро), кәсiпорындардың, бiрлестiктердiң кадр бөлімдері, өндiрiсте кадрлар даярлаумен және олардың бiлiктiлiгiн арттырумен айналысатын министрлiктердiң (ведомстволардың) бөлiмшелерi.

8. Штаттық оқытушылар, өндiрiсте жұмысшыларды өндiрiстiк оқыту шеберлерi, қызметi кадрлар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру мәселесi мен байланысты басшылық, инспекторлық, инженерлiк (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн), әдiскерлiк лауазымдар

9. ДОСААФ және азаматтық авиация оқу орындары және оқу ұйымдары.

9. Басшылық, командалық-ұшу, командалық-нұсқаушылық, инженерлік-нұсқаушылық, нұсқаушылық, инженер-әдіскерлер, инженер-ұшқыш-әдiскерлер (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн) оқытушылық құрам және өндiрiстiк оқыту шеберлерi.

10. Мекемелердiң, кәсiпорындардың және ұйымдардың жатақханалары, тұрғын үй-пайдалану ұйымдары, жастар тұрғын үй кешендерi, балалар кинотеатрлары, жасөспiрiм көрермен театрлары, қуыршақ театрлары, балалармен және жасөспiрiмдермен жұмыс жүргiзу жөнiндегi кәсiпорындар мен ұйымдардың мәдени-ағарту мекемелерi

10. Тәрбиешiлер, педагог-ұйымдастырушылар, психологтар, оқытушылар, қосымша бiлiм беру педагогтары, нұсқаушылар және нұсқаушы-әдiскерлер, жаттықтырушы-оқытушылар және балалармен және жасөспiрiмдермен жұмыс жүргiзу жөнiндегi мамандар, балалар бөлiмдерiнiң, секторларының меңгерушiлерi

11. Еңбекпен түзеу колониялары, еңбекке тәрбиелеу колониялары, тергеу изоляторлары және түрмелер, емдеу-еңбек және еңбекпен тәрбиелеу профилакторийлерi, бұрынғы әскери тұтқындар мен жер аударылғандар лагерлерiнiң бөлiмдерi, арнаулы оқу-еңбек мекемелерi

11. Педагогикалық бiлiмi бар адамдардың бастықтың саяси-тәрбие жұмысы жөнiндегi орынбасары, саяси-тәрбие жұмысы жөнiндегi аға нұсқаушы және нұсқаушы (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн), отряд бастығы, жалпы бiлiм беру жұмысы жөнiндегi аға инспектор және инспектор, аға нұсқаушы-әдiскер, кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргiзу жөнiндегi аға нұсқаушы және нұсқаушы (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн), өндiрiстiк-техникалық оқу жөнiндегi аға инженер және инженер (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн), өндiрiстiк оқу жөнiндегi аға шебер және шебер, күзет және тәртiп жөнiндегi аға инспектор және инспектор, оқу-техникалық кабинет меңгерушiсi, психолог, аудармашы лауазымындағы жұмысы (қызметi)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады