Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының м.а. 30.12.2015 № 227 бұйрығымен.
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Еңбек делдалдығы үшін өтініш берген азаматтардың саны туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 7241201, индексі 1-Е (жұмысқа орналастыру), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Еңбек делдалдығы үшін өтініш берген азаматтардың саны туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7241201, индексі 1-Е (жұмысқа орналастыру) кезеңділігі айлық) толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ә. Смайылов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Г. Әбдіқалықова ____________
2010 жылғы 7 қыркүйек
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
төрағасының
2010 жылғы 3 қыркүйек
№ 240 бұйрығына 1-қосымша
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Статистика агенттігі төрағасының 2011.10.26 № 297 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Құпиялылығы мемлекеттік статистика органдарымен кепілденедіКонфиденциальность гарантируется органами государственной статистики |
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 240 бұйрығына 1-қосымша |
|||||||||||||||
Ведомстволық статистикалық байқау бойынша статистикалық нысан |
Приложение 1 к приказу Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 3 сентября 2010 года № 240 |
|||||||||||||||
Ақпарат «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тапсырылады. |
||||||||||||||||
Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz, www.enbek. gov.kz сайтынан алуға болады |
||||||||||||||||
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық деректерді уақтылы тапсырмау, дәйексіз деректерді беру әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 381-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады. |
||||||||||||||||
Статистикалық |
Еңбек делдалдығы үшін өтініш берген азаматтардың саны туралы есеп |
|||||||||||||||
1-Е (жұмысқа орналастыру) |
Отчет о численности граждан, обратившихся за трудовым посредничеством |
|||||||||||||||
Айлық |
Есепті кезең _ _ ай _ _ _ _ жыл |
|||||||||||||||
Тапсыру мерзімі - есепті айдан кейінгі 2-ші күні аудандық жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдары, есепті айдан кейінгі 4-ші күні облыстық жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдары, есепті айдан кейінгі 7-ші күні Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық-талдау орталығы. |
||||||||||||||||
БСН коды |
Еңбек делдалдығы үшін өтініш берген азаматтардың саны 201__ жылғы __________________ арналған
Численность граждан, обратившихся за трудовым посредничеством за ______________ 201___ года
_____________________ ауданы ____________________ облысының (қаланың)
район области (города)
Ағымдағы жылдың басына жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған азаматтардың саны, адам |
Барлығы |
Оның ішінде ауылдық жерлерде тұратындар |
Жол коды |
Көрсеткіштер |
Есепті айға |
Жылдың басынан |
||
Барлығы |
оның ішінде ауылдық жерлерде тұратындар |
барлығы |
оның ішінде ауылдық жерлерде тұратындар |
||
А |
1 |
2 |
3 |
4 |
|
1 |
Өтініш берген азаматтардың саны, адам |
||||
оның ішінде: |
|||||
1.1 |
жұмыссыздар |
||||
2 |
Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған азаматтардың саны, барлығы |
||||
оның ішінде: |
|||||
2.1 |
жұмысқа орналастырылғандар, адам |
||||
оның ішінде |
|||||
2.1.1 |
әлеуметтік жұмыс орындарына |
||||
2.1.2 |
жастар практикасы шеңберінде құрылған жұмыс орындарына |
||||
жұмысқа орналастырылғандар қатарынан (2.1-жолдағы): |
|||||
2.1.3 |
жұмыссыздар |
||||
2.1.4 |
әйелдер |
||||
2.1.5 |
жастар (16-29 жас аралығындағы) |
||||
2.2 |
Қоғамдық жұмысқа қатысқандар, адам |
||||
оның ішінде: |
|||||
2.2.1 |
жұмыссыздар |
||||
2.2.2 |
әйелдер |
||||
2.2.3 |
жастар (16-29 жас аралығындағы) |
||||
2.3 |
Кәсіби даярлауға, қайта даярлауға, біліктілікті арттыруға жіберілгендер, адам |
||||
оның ішінде: |
|||||
2.3.1 |
жұмыссыздар |
||||
2.3.2 |
әйелдер |
||||
2.3.3 |
жастар (16-29 жас аралығындағы) |
||||
2.4 |
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысушылардың құрамына қосылды, адам |
||||
3 |
Кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру курстарын аяқтаған адамдардың саны, адам |
||||
оның ішінде: |
|||||
3.1 |
жұмысқа орналастырылғандар |
||||
3.2 |
оның ішінде өз істерін ашқан адамдар |
||||
4. |
айына 1 адамды оқыту құнының орташа мөлшері, теңге |
||||
5. |
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың енбекақысының орташа айлық мөлшері, теңге |
||||
6. |
Жастар практикасы шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың еңбекақысының орташа айлық мөлшері, теңге |
||||
7. |
Қоғамдық жұмысқа қатысқан адамдардың еңбекақысының орташа айлық мөлшері, теңге |
||||
8. |
Есепті кезеңнің соңына есепте тұрған азаматтардың саны, барлығы |
||||
оның ішінде: |
|||||
8.1 |
жұмыссыздар |
||||
оның ішінде: |
|||||
8.2 |
әйелдер |
||||
8.3 |
жастар (16-29 жас аралығындағы) |
||||
9. |
Жұмыс берушілердің жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органдар мәлімдеген бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) саны (есепті айдың соңына) |
||||
10. |
Жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша консультация алуға өтініш берген азаматтардың саны |
Бөлім (Басқарма) бастығы қолы
Начальник отдела (управления) __________________ (подпись)
Орындаушы (Тегі, аты-жөні, әкесінің аты) Телефоны
Исполнитель (Фамилия, имя, отчество) ____________ Телефон: __________
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
төрағасының
2010 жылғы 3 қыркүйек
№ 240 бұйрығына 2-қосымша
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Статистика агенттігі төрағасының 2011.10.26 № 297 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Еңбек делдалдығы үшін өтініш берген азаматтардың
саны туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың
статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
(коды 7241201, индексі 1-Е (жұмысқа орналастыру),
кезеңділігі айлық)
1. Осы нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және ведомстволық статистикалық байқаудың «Еңбек делдалдығы үшін өтініш берген азаматтардың саны туралы есеп» (коды 7241201, 1-Е индексі (жұмысқа орналастыру), кезеңділігі айлық) статистикалық нысанын толтыруды нақтылайды.
2. Статистикалық нысанды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық), облыстық органдары және Ақпараттық-талдау орталығы толтырады және ай сайын тапсырады.
3. Келесі анықтамалар осы зерттеу сауалнамасын толтыру мақсатында қолданылады:
1) жастар практикасы - атқарушы органдар өңірлік еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып ұйымдастыратын, кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі;
2) жұмыссыздар - табыс әкелетін еңбек қызметімен айналыспайтын, жұмыс іздеп жүрген және еңбек етуге әзір, еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғалар;.
3) әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс беруші нысаналы топтардағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурызда № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы.
4. Статистикалық нысанды барлық көрсеткіштер (есепті айдың соңындағы деректер көрсетілетін 4-7 жолдарды қоспағанда) есепті айға және ағымдағы жыл басынан бергі өспелі жиынтықпен келтіріледі. Деректер дәлме-дәл көрсетіледі.
Статистикалық нысанның 2 және 4-бағандарында 1 және 3-бағандардан ауылдық жерлерде тұратын адамдар бойынша деректер бөлінеді, бұған «қалалық үлгідегі кент» санатына жататын жұмыс кенттерінің тұрғындары жатқызылмауға тиіс.
1-жол бойынша жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға еңбек делдалдығы үшін өтініш берген және жұмыссыз ретінде сонда есепке қойылған азаматтардың, зейнеткерлерді, оқушыларды, студенттерді, мүгедектерді және еңбек қызметімен айналысатын, бірақ басқа жұмысқа ауысқысы келетін, қосымша табыс (жалақы) тапқысы келетін және бірнеше жеке еңбек шартымен, сондай-ақ оқудан тыс бос уақытта жұмыс істейтін, жұмыс күшіне сұраныс болған жағдайда жұмыс берушілерге жіберілетін басқа да азаматтарды қоса алғанда, жалпы саны туралы деректер келтіріледі.
1.1-жол бойынша (1-жолдағы) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу туралы өтініш берген жұмыссыз азаматтардың саны туралы деректер көрсетіледі. 1-жолдағы деректер 1.1-жолдағы деректерден зейнеткерлерді, оқушыларды, студенттерді, мүгедектерді және еңбек қызметімен айналысатын басқа да адамдар санымен ерекшеленеді (басқа адамдар қатарына жұмыс орнын ауыстырғысы немесе негізгі жұмыс уақытынан бос уақытта бірнеше жеке еңбек шартымен жұмыс: істегісі келетін, яғни жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға өтініш берген кезде жұмысы бар немесе жұмыс істейтін, адамдар жатады).
2-жол бойынша жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған: халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жәрдемімен жұмысқа орналастырылған, қоғамдық жұмысқа және кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілген, сондай-ақ жұмысқа орналасу себебі бойынша есепті айда есептен алынған азаматтардың саны туралы деректер келтіріледі.
2.1-жол бойынша (2-жолдағы) жұмысқа орналастырылған азаматтар туралы деректер келтіріледі.
2.1.1-жол бойынша (2.1-жолдағы) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған азаматтар туралы деректер келтіріледі.
2.1.2-жол бойынша (2.1-жолдағы) жастар практикасы шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған азаматтардың саны туралы деректер келтіріледі.
2.1.3-жол бойынша (2.1-жолдағы) жұмыссыздар қатарынан жұмысқа орналастырылған азаматтар туралы деректер келтіріледі.
2.1.4-жол бойынша (2.1-жолдағы) әйелдер қатарынан жұмысқа орналастырылған азаматтар туралы деректер келтіріледі.
2.1.5-жол бойынша (2.1-жолдағы) 16-29 жас аралығындағы жастар қатарынан жұмысқа орналастырылған азаматтар туралы деректер келтіріледі.
2.2-жол бойынша (1-жолдағы) есепті айда қоғамдық жұмыстарға жіберілген азаматтардың саны туралы деректер келтіріледі. Егер азамат бір есепті айда бір шарт бойынша қоғамдық жұмыстарға қатысуын аяқтап және сол айда басқа шарт бойынша қоғамдық жұмыстарға қатысқан жағдайда, онда оны есептің бұл жолында бірнеше рет ескеру қажет.
2.2.1. жол бойынша (2.2-жолдағы) жұмыссыз азаматтар қатарынан қоғамдық жұмыстарға қатысқан адамдар туралы деректер келтіріледі.
2.2.2. жол бойынша (2.2-жолдағы) әйелдер қатарынан қоғамдық жұмыстарға қатысқан адамдар туралы деректер келтіріледі.
2.2.3. жол бойынша (2.2-жолдағы) 16-29 жас аралығындағы жастар қатарынан қоғамдық жұмыстарға қатысқан адамдар туралы деректер келтіріледі.
2.3-жол бойынша жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың есепті айда кәсіби даярлауға, қайта даярлауға, біліктілікті арттыруға жіберілген азаматтарының саны туралы деректер келтіріледі.
2.3.1 жол бойынша (2.3-жолдағы) жұмыссыздар қатарынан кәсіби даярлауға, қайта даярлауға, біліктілікті арттыруға жіберілген азаматтардың саны туралы деректер келтіріледі.
2.3.2 жол бойынша (2.3-жолдағы) әйелдер қатарынан кәсіби даярлауға, қайта даярлауға, біліктілікті арттыруға жіберілген азаматтардың саны туралы деректер келтіріледі.
2.3.3 жол бойынша (2.3-жолдағы) 16-29 жас аралығындағы жастар қатарынан кәсіби даярлауға, қайта даярлауға, біліктілікті арттыруға жіберілген азаматтардың саны туралы деректер келтіріледі.
2.4-жол бойынша (2-жолдағы) Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушылар құрамына қосылғандар туралы деректер келтіріледі.
3-жол бойынша кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарына бұрын жіберілгендер қатарынан есепті айдың соңғы күніне оқуды аяқтаған азаматтардың саны туралы деректер өспелі жиынтықпен көрсетіледі.
3.1-жол бойынша (3-жолдағы) оқуды аяқтаушылардың жалпы санынан жұмысқа орналастырған азаматтардың саны көрсетіледі.
3.2-жол бойынша (3.1-жолдағы) өз істерін ашқан азаматтардың саны бөлінеді.
4-жол бойынша оқыту құнының бір адамға шаққанда орташа мөлшері (теңге) көрсетіледі.
5-жол бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар еңбекақысының бір адамға есептелген орташа мөлшері көрсетіледі.
6-жол бойынша жастар практикасы шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар еңбекақысының бір адамға есептелген орташа мөлшері көрсетіледі.
7-жол бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдар еңбекақысының бір адамға есептелген орташа мөлшері көрсетіледі.
8-жол бойынша есепті айдың соңына жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда нақты есепте тұрған азаматтардың саны көрсетіледі.
8.1-жол бойынша (8-жолдағы) есепті айдың соңына жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда нақты есепте тұрған жұмыссыз азаматтар саны көрсетіледі.
8.2-жол бойынша (8.1-жолдағы) есепті айдың соңына жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда нақты есепте тұрған әйелдердің саны көрсетіледі.
8.3-жол бойынша (8.1-жолдағы) есепті айдың соңына жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда нақты есепте тұрған 16-29 жас аралығындағы жастардың саны көрсетіледі.
9-жол бойынша есепті айдың соңына № 1-ТН «Жұмысшыларға қажеттілік туралы мәлімет» нысаны бойынша жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органға жұмыс берушілер мәлімдеген бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) саны көрсетіледі.
10-жол бойынша жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарда жұмысқа орналастыру мәселесі және еңбек заңнамасы мәселелері жөнінде консультация алған азаматтардың саны туралы деректер көрсетіледі, оларға жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу туралы өтініш берген азаматты дербес есепке алу карточкасы толтырылмайды, бірақ консультация беру карточкасы толтырылуға тиіс.
Егер есепті ай ішінде өтініш берген адамға әлеуметтік қорғаудың бірнеше түрі көрсетілген болса, онда оны бірнеше рет ескеру қажет екенін атап өткен жөн.
5. Арифметикалық-логикалық бақылау:
1) 1-3 жолдары бойынша:
3-баған =1-баған + 3-баған алдағы кезеңге;
2) 1, 2, 3, 4 бағандары бойынша:
1-жол > 2-жол;
2-жол = 2.1-жол + 2.2-жол + 2.3-жол + 2.4-жол;
2.1-жол > 2.1.1-жол + 2.1.2-жол;
3) 1, 2 бағандары бойынша:
8-жол > Жыл басындағы саны + 1-жол (3, 4-баған) - 2.1-жол (3, 4-баған).