"Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі N 446 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 10 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6476 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 31 наурыздағы № 126 бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 № 126 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жоғары білікті кадрларды аттестаттау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік Тіркелімінде № 2139 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 15, 840-бап) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы ережеде:
      10-тармақтың екінші абзацындағы «бір докторлық және екі» деген сөздер «екі докторлық және төрт» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Н.Б. Қалабаев):
      1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Н.Б. Қалабаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                            М. Сарыбеков

О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 января 2003 года № 14 "Об утверждении Положения о диссертационном совете"

Приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 7 сентября 2010 года № 446. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 сентября 2010 года № 6476. Утратил силу приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 марта 2011 года № 126

      Сноска. Утратил силу приказом Министра образования и науки РК от 31.03.2011 № 126 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

      В целях совершенствования нормативной правовой базы по вопросам аттестации кадров высшей квалификации ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 января 2003 года № 14 "Об утверждении Положения о диссертационном совете" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2139, опубликованный в Бюллетне нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, 2003 год, № 15, статья 840) следующее изменение:
      в Положении о диссертационном совете, утвержденном указанным приказом:
      в абзаце втором пункта 10 слова "одной докторской и двух" заменить словами "двух докторских и четырех".
      2. Комитету по контролю в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан (Калабаев Н.Б.):
      1) обеспечить в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после государственной регистрации опубликовать настоящий приказ в средствах массовой информации.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на председателя Комитета по контролю в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан Калабаева Н.Б.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра                              М. Сарыбеков