Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 3-1-65қ қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 26 қаңтарда № 308 болып тіркелген, 2004 жылғы 12 ақпандағы № 21 "Астана хабары", 2004 жылғы 27 наурыздағы № 34 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-1 тармақ алынып тасталсын;
3-тармақта "Халықты жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар" ішкі бағдарламасын (бұдан әрі – ішкі бағдарлама)" деген сөздер "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бюджеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама)" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыссыз жастар үшін кәсіби дипломнан кейінгі тәжірибені ұйымдастыру Қағидасында (бұдан әрі – Қағида):
барлық мәтін бойынша "жеке" деген сөз алынып тасталсын;
23-тармақ алынып тасталсын;
25-тармақта "он бес мың теңге" деген сөздер "тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі айлық ақыдан кем емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
27-тармақта "Қазақстан Республикасы заңнамаларында тиісті қаржы жылына белгіленген арналған ең төменгі айлықтан кем емес еңбек ақы көлемінде аталған кәсіпорындар мен ұйымдардағы бағалау бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
Қағидаға 1-қосымшада:
2-тармақтың 2) тармақшасында "он бес мың теңге" деген сөздер "тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі айлық ақыдан кем емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жеке" деген сөз алынып тасталсын;
3-тармақтың 1) тармақшасы келесі мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
"1-2) жұмыссызды жұмысқа қабылдаған күннен бастап үш күн ішінде Басқармаға еңбек шартының көшірмесін және/немесе жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың, жеке куәліктің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодтың көшірмесін және жұмыссыздың жинақтаушы зейнетақы қорының шартын ұсыну;";
6-бөлімінде "68а" деген сандар мен әріп "16" сандармен ауыстырылсын;
Қағидаға 2-қосымшада:
"68а" деген сандар мен әріп "16" сандармен ауыстырылсын;
"10-бөлме, тел. 215656" деген сөздері мен сандар алынып тасталсын;
Қағидаға 3-қосымшада:
1-тармақтың 2) тармақшасында "он бес мың теңге" деген сөздер "тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі айлық ақыдан кем емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-бөлімінде "68а" деген сандар мен әріп "16" сандармен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу Қағидасында:
4-тармақта ", "Халықты жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар" бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) әкімгері" деген сөздер алынып тасталсын;
10-тармақта "жеке" деген сөз алынып тасталсын;
12-тармақта "тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі еңбек ақы көлемінен кем емес мөлшерде аталған кәсіпорындар мен ұйымдардағы бағалау бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
14-тармақ алынып тасталсын.
2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Ә.М. Рахымжановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Әкім | И. Тасмағамбетов |