Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 3-1-65қ қаулысы. Астана қаласы Әділет департаментінде 2004 жылғы 26 қаңтарда N 308 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 158-158 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 01.02.2017 № 158-158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында Астана қаласының әкімдігі қаулы етеді:
      1. Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 2012.30.03 № 158-336 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      2. Қоса беріліп отырған оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру және өткізу Қағидасы бекітілсін (2-қосымша).
      Ескерту. 2-тармақ толықтырылды - Астана қаласы әкімдігінің 2005.05.06 N 3-1-323қ Қаулысымен.
      2-1 Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 2010.01.10 № 23-2қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      3. Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы жоғарыда көрсетілген Қағидаларға сәйкес "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бюджеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыруды қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005.05.06 N 3-1-323қ; 2009.05.22 N 23-502қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз); 2010.01.10 № 23-2қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
      4. Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 2005.05.06 N 3-1-323қ Қаулысымен.
      5. Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 16 шілдедегі N 3-1-1179қ "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" қаулысы (Астана қаласы Әділет басқармасында 2003 жылғы 31 шілдеде N 284 болып тіркелген; 2003 жылы 30 қыркүйекте N 128 "Астана ақшамы" және 2003 жылы 18, 21 қазанда N 118-119 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күшін жойды деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары С.С. Мұстафинаға жүктелсін.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005.05.06 N 3-1-323қ Қаулысымен.

Астана қаласының әкімі
 

      
      Визалар:
      Келісілді
      Астана қаласы Қаржы
      департаментінің бастығы
      Астана қаласы Еңбек, халықты
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      қорғау департаментінің бастығы

  2004 жылғы 9 қаңтардағы
N 3-1-65қ Астана қаласы
әкімдігінің қаулысына
1-қосымша

Жұмыссыз жастар үшін кәсіби дипломнан
кейінгі тәжірибені ұйымдастыру
Қағидасы

      Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 2012.30.03 № 158-336 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

  2004 жылғы 9 қаңтардағы
N 3-1-65қ Астана қаласы
әкімдігінің қаулысына
2-қосымша

      Ескерту. Барлық мәтін бойынша "айлық" деген сөз алынып тасталсын - Астана қаласы әкімдігінің 2006.03.09 N 23-10-205қ қаулысымен.
      Ескерту. 2-қосымшада "департаменті", "Департамент", "Департаменттің", "Департаментте", "департаментіне" деген сөздер барлық мәтін бойынша "басқармасы", "Басқарма", "Басқарманың", "Басқармада", "басқармасына" деген тиісті сөздермен ауыстырылды - 2009.05.22 N 23-502қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу
Қағидасы

      Осы Қағида "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес әзірленген.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида 16 жастан және жоғары жастағы орта арнаулы және жоғары оқу орындары күндізгі бөлімшелерінің студенттері, қаланың жалпы білім беретін және кәсіби мектептер оқушыларын (бұдан әрі - оқитын жастар) ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысуын және Астана қаласының оқитын жастарын уақытша еңбек ақы (еңбек табысы) және уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бейімділікті реттейді.
      2. Қоғамдық жұмыстарда сабақтан бос уақытында оқитын жастар орындайтын уақытша еңбек қызметінің түрлері, арнайы кәсіби дайындықты талап етпейтін жалпыға қол жетімділік түсіндіріледі.
      3. Кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың көлемі, түрлері және нақты шарттары Астана қаласы әкімдерімен бекітіледі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2010.08.18 N 23-754қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) Қаулысымен.
      4. Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) оқитын жастар санынан ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданған тұлғалардың есебін, тіркеуді жүзеге асырады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005.05.06 N 3-1-323қ; 2010.01.10 № 23-2қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
      5. Оқитын жастарға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды және өткізуді қаржыландыру көзі Астана қаласы бюджеті болып табылады.

2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі

      6. Оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарға басымдылық бағыттар мына негіздерде анықталады:
      1) қаланың еңбек нарығын талдау;
      2) ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысуға сұраныстар мен ұсыныстарды анықтау;
      3) оқитын жастарға ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру үшін мүмкіндіктері бар қала кәсіпорындары мен ұйымдарының мәлімет банкін құру.
      7. Бағдарламаны іске асыру мақсатында ақылы қоғамдық жұмыстар өткізуге қатысатын кәсіпорындар мен ұйымдар, және Басқарма арасында ақылы қоғамдық жұмыстар өткізуге шарт жасалады.

3. Оқитын жастарды тіркеу және қоғамдық жұмыстарға жолдау

      8. Басқарма ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысуға тілек білдірген оқитын жастарды мынадай құжаттар негізінде тіркеуге алады:
      1) жеке куәлігі,
      2) Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 21.02.2014 № 158-279 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      3) Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 21.02.2014 № 158-279 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      4) студенттік билет, оқушы билеті немесе оқу орнының анықтамасы.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 21.02.2014 № 158-279 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      9. Басқарма оларды тіркеу күнінің кезектілігі тәртібінде ақылы қоғамдық жұмыстарға оқитын жастар санынан тұлғаларды жолдауды жүргізеді.
      Оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысуға басымды құқықты 21 жасқа дейінгі тұлғалар иеленеді.
      10. Басқарманың берген жолдамасы негізінде ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысуға тілек білдіруші оқитын жастар санындағы кәсіпорындар немесе ұйымдар мен тұлғалар арасында Қазақстан Республикасындағы еңбек заңнамаларына сәйкес еңбек шарты жасалады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2010.01.10 № 23-2қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

4. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы
оқитын жастардың еңбек төлемі

      11. Басқармада оқитын жастар санынан ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың еңбек ақысы төменін нақты жұмыс істеген уақыты бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасымен тиiстi қаржы жылына белгілеген ең төменгі еңбек ақы көлемінен кем емес мөлшерде жүргізеді.
      Ескерту. 11-қосымшаға өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005.05.06 N 3-1-323қ Қаулысымен.
      12. Орындалған жұмыс санына, сапасына және ауырлығына қарап кәсіпорындар және ұйымдар өз қаражат есебінен деректі орындалған жұмысқа қосымша үстеме ақы белгілеуге құқылы.
      Ескерту. 12-қосымшаға өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005.05.06 N 3-1-323қ; 2010.01.10 № 23-2қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
      13. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшін есептелген еңбек ақы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген салықтармен және басқа да міндетті төлемдермен салынады.
      14. Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 2010.01.10 № 23-2қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      Астана қаласы Қаржы
      департаментінің бастығы
      Астана қаласы Еңбек, халықты
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      қорғау департаментінің бастығы

  Астана қаласы әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 9 қаңтардағы
N 3-1-65қ қаулысына
3-қосымша

Жастарды кәсіп таңдау дағдыларына оқыту
ҚАҒИДАСЫ

      Ескерту. Қағида алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 2010.01.10 № 23-2қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады