Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімшілігінің 2012.03.20 № 158-304 қаулысымен.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидасын және оларды құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 3-1-320қ қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 390 болып тіркелген, «Астана хабары» газетінің 2005 жылғы 14 маусымдағы № 79 нөмірінде; «Вечерняя Астана» газетінің 2005 жылғы 16 маусымдағы № 90 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидасын және оларды құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібінде (бұдан әрі – Қағида):
5-тармақ мына мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері болып табылатын жұмыс берушілер үшін қоса қаржыландырудың жиырма пайыздық мөлшері белгіленеді.»;
9-тармақ алынып тасталсын;
Қағидаға 1-қосымшада:
2.2.7., 2.2.13., 7.3.-тармақтары алынып тасталсын;
2.2.11.-тармақта «25-нен кеш емес, жұмыс уақытын есепке алу табелін және» деген сөздер «есептік кезеңнен кейінгі әр айдың бесіне дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тарауда Басқарманың заңды мекен-жайы мен деректемелері мынадай редакцияда жазылсын:
«Астана қаласының Жұмыспен қамту
және әлеуметтiк бағдарламалар
басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Астана қаласы, Ш. Иманбаева көшесі, 16
СТН __________________
БИН __________________
ЖИК___________________
БИН __________________».
2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Әкiм И. Тасмағамбетов