«Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидасын және оларды құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 3-1-320қ қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 23 тамыздағы N 23-782қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 13 қыркүйекте нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 647 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімшілігінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 158-304 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімшілігінің 2012.03.20 № 158-304 қаулысымен.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидасын және оларды құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 3-1-320қ қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 390 болып тіркелген, «Астана хабары» газетінің 2005 жылғы 14 маусымдағы № 79 нөмірінде; «Вечерняя Астана» газетінің 2005 жылғы 16 маусымдағы № 90 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидасын және оларды құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібінде (бұдан әрі – Қағида):
      5-тармақ мына мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      «Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері болып табылатын жұмыс берушілер үшін қоса қаржыландырудың жиырма пайыздық мөлшері белгіленеді.»;
      9-тармақ алынып тасталсын;
      Қағидаға 1-қосымшада:
      2.2.7., 2.2.13., 7.3.-тармақтары алынып тасталсын;
      2.2.11.-тармақта «25-нен кеш емес, жұмыс уақытын есепке алу табелін және» деген сөздер «есептік кезеңнен кейінгі әр айдың бесіне дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тарауда Басқарманың заңды мекен-жайы мен деректемелері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Астана қаласының Жұмыспен қамту
      және әлеуметтiк бағдарламалар
      басқармасы» мемлекеттік мекемесі
      Астана қаласы, Ш. Иманбаева көшесі, 16
      СТН __________________
      БИН __________________
      ЖИК___________________
      БИН __________________».
      2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Әкiм                                        И. Тасмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады