Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды және бас тарту деп тану туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімшілігінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 158-304 қаулысы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 10-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 972 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесінің 17-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес тізбе бойынша 2012 жылғы 1 қаңтарынан бастап Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. «Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 3-1-65қ қаулысына өзгеріс енгізу және Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 158-190 қаулысы бас тарту деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Г. Балаеваға жүктелсін.

      Әкім                                       И. Тасмағамбетов

Астана қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 20 наурыздағы
№ 158-304 қаулысына   
қосымша         

Астана қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидасын және оларды құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы» Астана қаласы әкімінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 3-1-320қ қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 3 маусымда № 390 болып тіркелген, 2005 жылғы 14 маусымдағы № 79 «Астана хабары», 2005 жылғы 16 маусымдағы № 90 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
      2. «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 3-1-320қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 23-465қ қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 25 мамырда № 579 болып тіркелген, 2009 жылғы 30 мамырдағы № 58 «Астана ақшамы», 2009 жылғы 30 мамырдағы № 64 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
      3. «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидасын және оларды құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 3-1-320қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 11 наурыздағы № 23-199қ қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 16 сәуірде № 621 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 43 «Астана ақшамы», 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 47 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
      4. «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидасын және оларды құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 3-1-320қ қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 23 тамыздағы № 23-782қ қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 13 қыркүйекте № 647 болып тіркелген, 2010 жылғы 18 қыркүйектегі № 102 «Астана ақшамы», 2010 жылғы 18 қыркүйектегі № 108 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады