Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2011.03.16 № А-2/79 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қатардағы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар, 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында жергілікті әскери органдар арқылы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдіктері шақыру комиссияларын құрып, олардың қызметін қамтамасыз етсін, сондай-ақ медициналық техникалық және басқа қызметкерлерді тартсын.
3. Көкшетау мен Степногорск қалаларының және аудандардың шақыру комиссияларының жұмыстарына бақылау жасау және басшылық ету үшін облыстық шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын, қосымша беріліп отырған мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу кестесі бекітілсін.
4 «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы шақыруды өткізу басталғанға дейін қалалық, аудандық және облыстық медициналық комиссияларды жоғары білікті дәрігер мамандармен, орташа медициналық қызметкерлермен жабдықтасын, әскерге шақырылатын азаматтарды кезектен тыс медициналық бақылаудан және стационарлық тексеруден өткізу үшін емдеу мекемелерінен қажетті төсек орын санын бөлсін.
5. «Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Ақмола облысының ішкі істер Департаменті» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) тиісті жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесе отырып, әскерге шақыру пункттерінде, жөнелту станцияларында, облыстық жинақтау пунктінде, әскери бөлімдерге шақырушылардың жөнелтілуі мен кетуі, сондай-ақ тұлғаларды іздестіру және жеткізу бойынша тәртіпті қамтамасыз етуді, әскери қызметке шақырылудан бас тартуы бойынша іс-қимылдар жүргізуді ұйымдастырсын.
6. «Ақмола облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) облыстық жиналу пунктіне жинау бойынша жұмыстарын бақылауды және жастар командаларын жинау, қалыптастыру мен әскери бөлімдерге жөнелтуді ұйымдастырсын.
7. «Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, табиғи апаттардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі материалдық - техникалық іс – шараларды қамтамасыз етуді жүргізсін.
8. «Ақмола облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) 2010 жылғы сәуір-маусым және 2010 жылғы қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру нәтижелері туралы ақпаратты тапсырсын.
9. Ақмола облысы әкімдігінің «2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы” 2009 жылғы 29 сәуірдегі № А-5/205 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3321 болып тіркелген, 2009 жылғы 22 мамырда «Арқа ажары» № 68-69 және «Акмолинская правда» № 64-65 газеттерінде жарияланды), «2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № А-5/205 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 13 қазандағы № А-11/429 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3334 болып тіркелген, 2009 жылғы 17 қарашада «Арқа ажары» № 146 «Акмолинская правда» № 145 газеттерінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
10. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін.
11. Ақмола облысы әкімдігінің осы қаулысының күші 2010 жылдың 15 сәуірінен бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға тарайды.
12. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі С.Дьяченко
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақмола облысы Қорғаныс істері
жөніндегі департаменті»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы А.Н.Старцев
«Қазақстан Республикасы
ішкі істер Министрлігі
Ақмола облысының
ішкі істер Департаменті»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Т.С.Маткенов
Ақмола облысы әкімдігінің
2010 жылғы 16.04 № А-4/117
қаулысына 1 қосымша
ОБЛЫСТЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ
Старцев АлександрНиколаевич |
- «Ақмола облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесінің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша); |
Пономарев АлександрГригорьевич |
- «Ақмола облысының жұмылдыру, дайындығы азаматтық қорғаныс, табиғи апаттардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі аймақтық қорғаныс бөлімінің бастығы, шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары; |
КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ |
|
Нұрахметов Сағатбек Төлеубайұлы |
- «Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Ақмола облысының ішкі істер Департаменті» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша); |
Құттыбай Ерғали Өмірзақұлы |
- «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмылдыру және мемлекеттік құпияларды сақтау бөлімінің бастығы; |
Сүндетов Қасым Қадырбайұлы |
- «Ақмола облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары -келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерді жинау және шақыру басқармасының бастығы (келісім бойынша); |
Мартазанов Макшарип Баматгиреевич |
- Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Ақмола облыстық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының аға дәрігері – медициналық комиссияның төрағасы; |
Субач Лейла Леонидовна |
- Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Ақмола облыстық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медициналық бикесі-комиссияның хатшысы. |
Ақмола облысы әкімдігінің
2010 жылғы 16.04 № А-4/117
қаулысына 2 қосымша
Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу кестесі
р/с№ |
Қорғаныс істері жөніндегі басқарма мен бөлімдер |
Комиссияның жұмыс күндері, уақыты – 9.00-дан 18.00-ге дейін |
|||||
сәуір |
мамыр |
маусым |
қазан |
қараша |
желтоқсан |
||
1 |
Ақкөл |
5,29 |
4,17 |
1,14 |
1,11 |
1,15 |
1,20 |
2 |
Аршалы |
6,20 |
5,18 |
2,15 |
1,12 |
2,16 |
2,21 |
3 |
Астрахан |
7,21 |
6,19 |
3,16 |
4,18 |
3,17 |
3,23 |
4 |
Атбасар |
8,22 |
11,24 |
4,17 |
5,19 |
4,18 |
6,24 |
5 |
Бұланды |
9,23 |
12,25 |
4,18 |
6,20 |
5,19 |
7,17 |
6 |
Еңбекшілдер |
9,24 |
13,26 |
7,21 |
7,21 |
5,19 |
8,15 |
7 |
Ерейментау |
12,26 |
14,27 |
8,22 |
8,22 |
8,22 |
9,23 |
8 |
Есіл |
13,27 |
14,28 |
9,23 |
8,22 |
9,23 |
10,17 |
9 |
Жақсы |
14,28 |
17,31 |
10,24 |
12,26 |
10,24 |
13,20 |
10 |
Жарқайын |
15,29 |
4,17 |
11,25 |
13,27 |
11,25 |
14,21 |
11 |
Зеренді |
16,30 |
5,18 |
11,25 |
14,28 |
12,26 |
15,22 |
12 |
Көкшетау |
16,27 |
6,19 |
14,28 |
15,29 |
12,26 |
17,24 |
13 |
Қорғалжын |
7,21 |
11,24 |
15,29 |
15,29 |
15,29 |
6,27 |
14 |
Сандықтау |
8,22 |
12,25 |
16,30 |
1,11 |
16,30 |
7,28 |
15 |
Степногорск |
9,23 |
13,26 |
1,14 |
4,12 |
1,15 |
8,29 |
16 |
Целиноград |
8,24 |
14,27 |
2,15 |
4,18 |
2,16 |
1,20 |
17 |
Шортанды |
12,26 |
13,28 |
3,16 |
5,19 |
3,17 |
2,21 |
18 |
Щучье |
13,27 |
17,31 |
4,17 |
6,20 |
4,18 |
3,23 |