2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № А-2/79 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 25 наурызда № 3385 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы әкімі аппаратының 2013 жылғы 11 маусымдағы № 1.5-13/8492 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы әкімі аппаратының 11.06.2013 № 1.5-13/8492 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінгі қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар, 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында жергілікті әскери органдар арқылы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдіктері шақыру комиссияларын құрсын.
      3. Аудандардың, Көкшетау мен Степногорск қалаларының шақыру комиссияларының жұмыстарына бақылау жасау және басшылық ету үшін облыстық шақыру комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын және бекітілсін.
      4. 2-қосымшаға сәйкес мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу кестесі бекітілсін.
      5. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы шақыруды өткізудің басталуына қарай қалалық, аудандық және облыстық медициналық комиссияларды құрсын.
      6. «Ақмола облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) облыстық жиналу пунктінің әскерге шақырылатындар командаларын құру және Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға жөнелту жөніндегі жұмысына бақылауды ұйымдастырсын.
      7. «Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, табиғи апаттардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі материалдық-техникалық іс–шараларды қамтамасыз етуді жүргізсін.
      8. «Ақмола облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) 2011 жылғы сәуір-маусымында және 2011 жылғы қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру нәтижелері туралы ақпаратты ұсынсын.
      9. «2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/117 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3356 болып тіркелген, 2010 жылғы 13 мамырда «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
      11. Ақмола облысы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Қ.Отаров

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Ақмола облысы Қорғаныс істері
      жөніндегі департаменті»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            А.Старцев

Ақмола облысы әкімдігінің
2011 жылғы 16 наурыздағы
№ А-2/79 қаулысына
1-қосымша

Облыстық шақыру комиссиясының құрамы

Старцев Александр
Николаевич

«Ақмола облысының Қорғаныс істері
жөніндегі департаменті» мемлекеттік
мекемесінің бастығы, шақыру
комиссиясының төрағасы (келісім
бойынша);

Пономарев Александр
Григорьевич

«Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы
азаматтық қорғаныс, табиғи апаттардың
алдын алу мен жоюды ұйымдастыру
басқармасы» мемлекеттік мекемесі
аймақтық қорғаныс бөлімінің бастығы,
шақыру комиссиясы төрағасының
орынбасары;

КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ

Нұрахметов Сағатбек
Төлеубайұлы

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Ақмола облысының ішкі істер
департаменті» мемлекеттік мекемесі
бастығының орынбасары (келісім бойынша);

Құттыбай Ерғали
Өмірзақұлы

«Ақмола облысының денсаулық сақтау
басқармасы» мемлекеттік мекемесі
жұмылдыру және мемлекеттік құпияларды
сақтау бөлімінің бастығы;

Сүндетов Қасым
Қадырбайұлы

«Ақмола облысының Қорғаныс істері
жөніндегі департаменті» мемлекеттік
мекемесі бастығының орынбасары -
келісім-шарт бойынша әскери
қызметшілерді жинау және шақыру
бақармасының бастығы (келісім бойынша);

Мартазанов Макшарип
Баматгиреевич

Ақмола облысы денсаулық сақтау
басқармасы жанындағы «Ақмола облыстық
ауруханасы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының аға дәрігері – медициналық
комиссияның төрағасы;

Субач Лейла Леонидовна

Ақмола облысы денсаулық сақтау
басқармасы жанындағы «Ақмола облыстық
ауруханасы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының медициналық бикесі –
комиссияның хатшысы.

Ақмола облысы әкімдігінің
2011 жылғы 16 наурыздағы
№ А-2/79 қаулысына
2-қосымша

Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды
жүргізу кестесі

р/с

Қорғаныс
істері
жөніндегі
басқарма мен
бөлімдер

Комиссияның жұмыс күндері,
уақыты -9.00-ден 18.00-ге дейін

сәуір

мамыр

маусым

қазан

қараша

желтоқсан

1

Ақкөл

1,15

2,16

1,13

3,14

1,15

1,20

2

Аршалы

1,29

2,13

1,13

3,14

2,17

1,19

3

Астрахан

1,22

4,18

3,16

4,18

3,17

5,23

4

Атбасар

1,20

11,24

6,20

5,19

4,18

6,24

5

Бұланды

1,25

12,25

6,20

6,20

7,21

7,15

6

Еңбекшілдер

1,11

13,26

7,21

7,21

7,21

8,15

7

Ерейментау

1,20

16,30

8,22

10,24

8,22

9,23

8

Есіл

1,11

16,30

8,22

10,24

9,23

9,20

9

Жақсы

1,15

17,31

10,24

12,26

10,24

13,20

10

Жарқайың

1,15

4,17

13,27

13,27

11,25

14,21

11

Зеренді

1,25

6,20

11,25

14,28

14,28

15,22

12

Көкшетау

1,29

6,19

14,28

17,31

14,25

19,27

13

Қорғалжын

1,11

11,24

15,29

17,31

15,29

6,27

14

Сандықтау

1,11

12,25

16,30

3,14

16,30

7,28

15

Степногорск

1,29

13,26

1,14

4,12

1,15

8,29

16

Целиноград

1,29

16,30

2,15

4,18

2,16

1,20

17

Шортанды

4,15

13,27

3,16

5,19

3,17

2,21

18

Щучье

1,29

17,31

6,20

6,20

4,18

5,26

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады