Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 14.09.2022 № 7С-20-9 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 4С-17-5 "Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы" атағын беру ережелерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3338 тіркелген, 2009 жылғы 12 желтоқсанда "Арқа ажары" газетінде, 2009 жылғы 12 желтоқсанда "Акмолинская правда" газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы" атағын беру ережелерінің 6 тармағы ", жылына бір рет, 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай." сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық мәслихаты | М.Қамзебаев |
Ақмола облыстық мәслихатының сессиясының төрағасы хатшысы |
Ө.Мұсабаев |