"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-2)-тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Ақмола облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 3-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақмола облыстық мәслихатының 27.06.2023 № 8С-3-10 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
Т.Жунусов |
Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 7С-20-9 шешіміне 1-қосымша |
"Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидалары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облыстық мәслихатының 27.06.2023 № 8С-3-10 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және "Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру тәртібін регламенттейді.
2. "Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын (бұдан әрі – атақ) беру облысты (қаланы, ауданды) дамытудағы азаматтардың экономикалық және әлеуметтік белсенділігін арттыруда ынталандырудың, азаматтардың жемісті еңбегін, олардың қабілеттіліктерін, дарындылығы мен бастамашылдығын қоғаммен танудың маңызды бір моральды түрі болып табылады.
3. Атақ:
1) мемлекеттік наградалары бар кәсіби міндеттемелерін немесе азаматтық парызын орындауда жеке ерлік көрсеткендерге;
2) өзінің еңбек ету кезеңінде облыстың (қаланың, ауданның) әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқандарға, еңбекке деген мүлтіксіз және шығармашылық көзқарасы, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін;
3) облыстың (қаланың, ауданның) экономикалық өсуіне және әлеуметтік дамуына белсенді ықпал еткен инновациялық қызметі мен алдыңғы қатарлы технологияларды енгізгендігі үшін;
4) ғылым, әдебиет, өнер саласында және шығармашылық қызметтің басқа түрлеріне, мәдениет, спортты дамытуға, білім, денсаулық сақтау сапасын көтеруге ерекше үлес қосқандарға;
5) облыста (қалада, ауданда) тұрып жатқан халықтардың арасында ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты, бейбітшілікті, достықты және ынтымақтастықты нығайту бойынша жемісті еңбегі үшін;
6) заңдылықты, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткендігі үшін;
7) азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау бойынша, қайырымдылық қызметі мен мейірімділігі, Ақмола облысының (қаланың, ауданның) елдегі беделін көтерудегі белсенді қызметі үшін азаматтарға беріледі.
4. Атақ мемлекеттік қызметте өзін көрсете білген мемлекеттік және саяси қайраткерлерге, облыстың (қаланың, ауданның) әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына ықпал еткен азаматтарға ерекше құрмет ретінде берілуі мүмкін.
5. Атақ Қазақстан Республикасының азаматтарына тірі кезінде беріледі.
6. Атақ:
1) атаққа ұсынылған сәтте заңнамада белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығы бар адамдарға;
2) сотпен әрекет қабілеттілігі жоқ немесе әрекет қабілеттілігі шектелген деп танылған адамдарға;
3) атаққа ұсыну сәтінде әкімшілік жазасы бар адамдарға берілмейді.
2-тарау. Атақ беру тәртібі
7. Атақты беру туралы қолдаухатты еңбек және шығармашылық ұжымдар, қоғамдық және діни бірлестіктер, саяси партиялар, тиісті мәслихат депутаттары және өзге де бастамашыл топтар (бұдан әрі – бастамашыл тобы) ұсына алады.
Бұл ретте, бір бастамашыл топтан ағымдағы күнтізбелік жыл ішінде тек бір кандидатқа қатысты атақ беру туралы қолдаухат енгізілуі мүмкін.
8. Қолдаухатқа бірінші басшы немесе тиісті уәкілетті адам қол қояды, онда атақ берілетін үміткерлердің нақты сіңірген еңбектері аталады.
9. Қолдаухатта үміткердің негізгі өмірбаяндық деректері, оның Ақмола облысының (қаланың, ауданның) алдындағы жетістіктері мен сіңірген еңбектерінің қысқаша сипаттамасы көрсетіледі, сонымен қатар:
1) үміткердің сіңірген еңбектерінің толық сипаттамасы бар мінездеме;
2) растайтын құжаттарымен қоса мемлекеттік және басқа да бар наградаларының тізбесі;
3) бастамашыл топтың жиналыс шешімінің хаттамасы;
4) жеке куәліктің/паспорттың көшірмесі;
5) осы қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша ерекше сіңірген еңбегін сипаттайтын мәліметтерді қамтитын наградтау парағы;
6) үміткердің 3х4 сантиметр (2 дана) және 6х9 сантиметр (1 дана) көлеміндегі фотосуреттері қоса беріледі.
10. Атақ беруге өз кандидатураларын өздігінен ұсынған адамдардан келіп түскен қолдаухаттар қаралмайды.
11. Қолдаухат "Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру мәселелерін қарау бойынша тиісті жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) қарауына жібереді. Жұмыс тобы әкімнің өкімімен құрылады және мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық пікір көшбасшыларының, қоғамдық кеңестердің өкілдерінен тұрады.
12. Жұмыс тобының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және жұмыс тобының жалпы санының басым бөлігі ол үшін дауыс берген жағдайда қабылданған болып есептеледі.
13. Дауыстар тең болған жағдайда, жұмыс тобының басшысы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
14. Жұмыс тобының мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса берілуі қажет.
15. Жұмыс тобының қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді.
16. Жұмыс тобы атақ беру немесе тиісті себептерін (құжаттар тізбесі толық емес және (немесе) ұсынылған құжаттардың осы қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі) көрсете отырып, одан бас тарту (кері қайтару) туралы шешім қабылдайды.
17. Жұмыс тобының шешімі ұсынымдық сипатта болады, хаттамамен ресімделеді және басшы мен хатшымен қол қойылады.
18. Атақ беруге кандидатура туралы ұсыныс және материалдар тиісті мәслихатқа, оның регламентіне сәйкес жолданады.
19. Атақ облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы бойынша тиісті мәслихатпен, жылына бір рет беріледі.
20. Мәслихат атақ беру бойынша шешім қабылдайды. Мәслихаттың атақ беру туралы шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
3-тарау. Куәлік пен төсбелгіні тапсыру тәртібі
21. Атақ алған адамға "Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" куәлігі, төсбелгісі салтанатты түрде беріледі және оның есімі тиісті мәслихаттың аппаратында сақталатын Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматтарының кітабына хронологиялық тәртіппен енгізіледі.
22. Атақ алған адамдар куәлік пен төсбелгінің сақталуын қамтамасыз етулері тиіс.
Атақ берілгендігін растайтын құжаттар жоғалған жағдайда, оны иеленген адам өзінің құқықтарын сақтап қалады.
23. Атақ беру туралы құжаттардың телнұсқалары олар жоғалған жағдайда тиісті мәслихаттың шешімімен беріледі.
4-тарау. Қорытынды ережелер
24. Атақтан айыру тек мәслихаттың шешімімен келесі жағдайларда жүргізіледі:
1) соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі;
2) атаққа ұсыну туралы ұсыныс білдірген ұжымның ұсынысы бойынша, сондай-ақ құқық қорғау органдарының ұсынысы бойынша адамның атаққа кір келтіретін әрекет жасауы.
Атағынан айыру жағдайында, атақтан айырылатын адамнан куәлігі, төсбелгісі қайтарылады, сонымен бірге Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматтарының кітабында тиісті жазба жазылады.
25. Заңсыз сотталған және сот шешімі бойынша толық ақталған адамдар атаққа құқықтарын қалпына келтіреді.
"Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидаларына қосымша |
____________________
(облыс/қала/аудан)
НАГРАДТАУ ПАРАҒЫ
1. Тегі, аты, әкесінің аты ___________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _________________________________________________
3. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны (кәсіпорын, мекеме, ұйым бөлімшесінің нақты атауын көрсеу) __________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
4. Жынысы __________________ 5. Туған жылы мен жері __________________________
6. Ұлты __________________________________________________________________________
7. Білімі _________________________________________________________________________
8. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы __________________________________________________
9. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен наградталған және наградталған уақыты: ______________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
10. Үйінің мекенжайы: _____________________________________________________________
11. Жалпы жұмыс өтілі _________ Саладағы жұмыс өтілі________________________________
12. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі ______________________________________________
13. Наградталушының нақты сіңірген еңбектері көрсетілген мінездеме:___________________
________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Кандидатура_____________________________________________________________________
(кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы немесе бастамашыл топтың Т.А.Ә., талқылау күні, хаттаманың №)
___________________________________________________________ талқыланып, ұсынылған.
___________________________________________________ __________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
"____" ____________ 20__ жыл Мөр орны
(толтырылған күні) (бар болса)
Ескертпе: наградталушының тегі, аты және әкесінің аты жеке куәлігі бойынша толтырылады және қазақ және орыс тілдеріндегі транскрипциясы міндетті түрде көрсетіледі.
Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 7С-20-9 шешіміне 2-қосымша |
Ақмола облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы" атағын беру Ережелерін бекіту туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы №4C-17-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3338 болып тіркелген).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облыстық мәслихатының 27.06.2023 № 8С-3-10 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. "Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 4С-17-5 "Ақмола облысының (Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы" атағын беру ережелерін бекіту туралы шешіміне толықтыру енгізу туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 4С-25-10 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3365 болып тіркелген).
3. "Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 4С-17-5 "Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы" атағын беру ережелерін бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 5С-8-11 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3593 болып тіркелген).