Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 4С-17-5 "Ақмола облысының (Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы" атағын беру ережелерін бекіту туралы шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облыстық мәслихатының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 4С-25-10 шешімі. Ақмола облыстық Әділет департаментінде 2010 жылғы 8 шілдедегі № 3365 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 7С-20-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 14.09.2022 № 7С-20-9 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 4С-17-5 "Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы" атағын беру ережелерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3338 тіркелген, 2009 жылғы 12 желтоқсанда "Арқа ажары" газетінде, 2009 жылғы 12 желтоқсанда "Акмолинская правда" газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:

      Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы" атағын беру ережелерінің 6 тармағы ", жылына бір рет, 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай." сөздерімен толықтырылсын.

      2. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық мәслихаты М.Қамзебаев
      Ақмола облыстық
мәслихатының сессиясының
төрағасы хатшысы
Ө.Мұсабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады