Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 2010.12.14 № А-12/1744 қаулысымен
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Занының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы 5 бабы 2 тармағы және 7 бабы 2 тармақшасына «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес, Көкшетау қаласы Әділет басқармасының 2010 жылдың 4 тамызындағы № 0115/5102 ұсынысы негізінде Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.2010 жылы Көкшетау қаласындағы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмыспен қамтылуына көмек көрсетіліп олардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) жұмыс істемеген тұлғалар;
2) 29 (жиырма тоғыз) жасқа дейінгі жастар;
3) 50 (елу) жастан асқан тұлғалар
2.«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарға жататын тұлғаларды қосымша әлеуметтік қорғау және жұмыс бастылығына жәрдемдесу бойынша шаралармен уақытылы қамтамасыз етсін.
3.Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Е.Мысырәлімоваға жүктелсін.
4.Осы қаулы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап әрекет етеді.
Қала әкімі М. Батырханов