2011 жылы Көкшетау қаласындағы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмыспен қамтылуына көмек көрсету олардың қосымша тізімін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № А-12/1744 қаулысы. Ақмола облысы Көкшетау қалалық Әділет басқармасында 2010 жылы 31 желтоқсанда № 1-1-135 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 01-33-282 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 19.03.2013 № 01-33-282 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Занының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарының 5 бабы 2 тармағы және 7 бабы 2 тармақшасына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылы Көкшетау қаласындағы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмыспен қамтылуына көмек көрсетіліп олардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) жұмыс істемеген тұлғалар;
      2) 29 (жиырма тоғыз) жасқа дейінгі жастар;
      3) 50 (елу) жастан асқан тұлғалар;
      4) орта арнаулы (техникалық) және бастапқы кәсіби білім ұйымдарының бітірушілері.
      2. «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарға жататын тұлғаларды қосымша әлеуметтік қорғау және жұмыс бастылығына жәрдемдесу бойынша шаралармен уақытылы қамтамасыз етсін.
      3. 2010 жылғы 27 қазандағы № 1-1-129 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген (2010 жылғы 4 қарашадағы № 44 «Степной маяк» және 2010 жылғы 4 қарашадағы № 44 «Көкшетау» газеттерінде жарияланған) Көкшетау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 1 қазандағы № А-10/1352 «2010 жылы Көкшетау қаласындағы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмыспен қамтылуына көмек көрсету олардың қосымша тізімін белгілеу туралы» қаулысының күші жойылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Е.Мысырәлімоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 М.Батырханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады