Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2011.11.08 № С-52/7 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» № 183 Қаулысының 2 тармағына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Краснояр селолық округіне 2010 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарының көтерме жәрдемақысы бір маманға 70 (жетпіс) айлық есептік көрсеткішке тең сомада ұсынылсын.
2. Краснояр селолық округіне 2010 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін бір маманға әлеуметтік қолдау - 630 (алты жүз отыз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылсын.
3. Көкшетау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № С-31/7 «Краснояр селолық округіне жұмыс істеу үшін және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы ұсыну туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-114 болып тіркелген, 2010 жылғы 14 қаңтарда «Көкшетау» газетінде және «Степной Маяк» газетінде жарияланған) шешімі күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім Көкшетау қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төртінші шақырылған
Көкшетау қалалық мәслихатының
40 сессияның төрағасы Б.Бегалин
Төртінші шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының хатшысы Қ.Мұстафина
«КЕЛІСІЛДІ»:
Көкшетау қаласының әкімі М.Батырханов
Ауылшаруашылық және
ветеренария бөлімінің бастығы Қ.Омаров